ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 77-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
77. Ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын (аңшылық карабиндерін, винтовкаларды, құрастырылған мылтықтарды) сатып алуға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты ішкі істер органдары белгіленген тәртіппен аң аулауға құқық берілген меншігінде кемінде бес жыл тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына береді.
Ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын сатып алудың, сақтау мен алып жүрудiң рұқсатына Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, оның орынбасарлары, ІІД бастықтары қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 78-тармақ өзгертілді
78. Iшкi iстер органдарынан ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын сатып алуға рұқсат алу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтары мынадай құжаттарды:
1) толтырылған карточка-өтiнiштi;
2) аңшылық куәлікті (аң аулау құқығын беретiн мемлекеттік баж төленгенi туралы белгiсi бар);
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесін;
5) қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерiн бiлетiндiгiн тексеру туралы анықтаманы;
6) тегiс ұңғылы аңшылық қару бұл адамның заңды иелiгiнде кемiнде үш жыл болғандығын растайтын, iшкi iстер органы берген қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттың көшiрмесiн ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 79-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 79-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
79. Ішкі істер органдарынан аңшылық атыс, пневматикалық, газды және электр қаруын сатып алуға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мынадай құжаттарды:
1) толтырылған карточка-өтінішті;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесін;
4) қаруды қауіпсіз ұстаудың ережелерін білетіндігін тексеру туралы анықтаманы ұсынады.
Ескертпе. Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласын бақылау жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары «Жекелеген қару түрлері айналымын мемлекеттік бақылау туралы» Қазақтан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат беру, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсатты ұзарту кезінде міндетті түрде азаматтардың тұрғылықты жері бойынша қарудың сақталу жағдайларын, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеттің есептері бойынша сотты болуын, экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептері бойынша тексереді, сондай-ақ автоматтандырылған деректер банкінің деректері бойынша ойық ұңғылы атыс қаруларының бақылау атыс оқтары мен гильзаларының болуын және уақтылы ауыстырылуын (тексеру атысының қайталану кезеңі - 5 жылда бір рет) тексереді.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 80-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 80-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
80. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнайы атақтары және (немесе) сыныптық шендері бар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қару ұстауға қарсы көрсетімдердің жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмай-ақ алады.
Ескертпе. Қазақстан Республикасының азаматтары өзін-өзі қорғау мақсатында азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық атқарушы органының тиісті нормаларына сәйкес аңшылық куәлігінсіз тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша алып жүру құқығынсыз ұзын ұңғылы атыс қаруларын сатып алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының азаматтары қаруды «Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес пайдалана алады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 81-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 81-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
81. Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктердің өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қолдаухаттары бойынша жалпы негіздерде Қазақстан Республикасында газды тапаншалар мен револьверлерді сатып алуға, алып жүруге және сақтауға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктер жеткізіп беруші заңды тұлғалардан механикалық шашыратқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған аэрозольді және басқа құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 мм-ге дейінгі пневматикалық қаруды рұқсат алмай-ақ сатып алады.
82. Туристiк жолдамалар, жеке және қызметтiк iстерi бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн белгiленген тәртiпте iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктер азаматтық қаруды, өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi бойынша, оны сатып алған күннен бастап 7 (жетi) күн iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкететiн жағдайда Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi беретiн рұқсаттар бойынша жалпы негiзде сатып алады.
83. Қазақстан Республикасында тiркелген елшiлiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiне азаматтық қаруды мемлекетаралық шарттарда белгiленген жағдайлар мен тәртiпте әкелуге, сатып алуға және әкетуге рұқсат берiледi. Бұл ретте әкелiнетiн, сатып алынатын және әкетiлетiн азаматтық қарулар мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнде тiркелуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 84-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
84. Шетелдiктердiң өздерi әкелген азаматтық қаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сыйға тарту немесе сату құқығы сақталады.
Шетелдiктер тиiстi рұқсат алу үшiн мемлекеттік баж төлейдi.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 85-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
85. Азаматтарға азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты iшкi iстер органдары, төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда үш ай мерзiмге бередi. Пайдаланылмаған рұқсаттар азаматтардың жазбаша өтініші бойынша көрсетілген мерзімге кемінде бір рет ұзартылады не ішкі істер органы олардың күшін жояды
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 86-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
86. Азаматтық атыс қаруының немесе газды тапаншалар мен револьверлердің патрондарын азаматтар тиісінше нақты қару түрін сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсатын көрсеткенде дүкендерден сатып алады. Аңшылық оқ-дәріні тегіс ұңғылы аңшылық қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге ішкі істер органының рұқсаты бар болған жағдайда сатып алынады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 87-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.07.11. № 1301 Қаулысымен 87-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
87. Сатып алынған азаматтық қару сатып алған күнінен бастап жеті күн мерзімде оны сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдары бес жыл мерзімге беретін рұқсатты ала отырып, иесінің тұрғылықты мекенжайы бойынша осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес ішкі істер органында тіркеледі.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 88-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
88. Азаматтарға тиесілі қаруды тіркеу және қайта тіркеу үшін салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.
Иесiнiң тұрғылықты жерi өзгергенде, егер қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге бұрын берiлген рұқсаттың мерзiмi аяқталмаған болса, қаруды iшкi iстер органына есепке қою кезiнде төлем алынбайды.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 89-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
89. Азаматтық қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсатты алу үшiн iшкi iстер органына:
1) көлемi 3х4 см екi фотосурет;
2) қаруды тiркеу (қайта тiркеу) үшiн мемлекеттік бажды және қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат беру үшiн төлегенi туралы түбіршектер;
3) қаруды иемдену көзiн көрсететiн құжат (рұқсаттың төлнұсқасы немесе өтінiш) ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 90-тармақ өзгертілді
90. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшін қару иесі техникалық байқаудан өткізу үшін қолындағы қаруды және мынадай құжаттарды ұсына отырып, жергілікті ішкі істер органына өтініш білдіреді:
1) тегі, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты мекен-жайы, қарудың жүйесі, калибрi мен нөмiрi, оның сақталуын қамтамасыз ету жағдайын: сейфтiң немесе металл шкафтың немесе қаруға бөгде адамдардың қол жеткізуiн болдырмайтын өзге де құрылғының болуы көрсетiлген рұқсаттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы iшкi iстер органы бастығының атына өтiнiштi;
2) қарудың әр бірлігiн қайта тiркеу үшiн мемлекеттік баж төленгенi туралы түбіршектi;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесін;
4) қаруды қауіпсіз ұстау ережелерін білуі бойынша қайта даярлау туралы анықтаманы
Ескерту. Қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру құқығын беретін рұқсаттың қолданылу мерзімі әрдайым бес жылға ұзартылады.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 91-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 363 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.13.05. № 260 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-тармақ жаңа редакцияда
91. Қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты тұратын жерінде еденге немесе қабырғаға берік бекітілген, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 мм болатын және есігінде ішкі құлпы бар металл шкафта (сейфте) сақталады. Қаруды тұрғын бөлмелердің қабырғаларына ілуге жол берілмейді.
Қалалық елді мекендерде (республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ оларға әкімшілік бағынысты аумақтағы кенттер) азаматтық қару иесінің тұрақты тұратын жері (пәтер, жеке үй) электр желісіне және қосалқы электрмен қоректендіру көзіне тұрақты (тұрақты және қосалқы қоректендіру көзінің болуы) үй-жайларды күзетудің сертификатталған жүйесімен (дабыл сигналын меншік иесінің немесе оның отбасы мүшелерінің ұялы телефонына немесе күзет ұйымына беру мүмкіндігі бар сигнализация) жабдықталады.
Қару иесінің қалауы бойынша қаруды тікелей сақтау жүзеге асырылатын бөлмелерді немесе металл шкафты (сейфті) ғана сигнализациямен жабдықтауға жол беріледі.
Күзет дабылының түрі мен типін қару иесі айқындайды.
Қаруды иесінің тұрақты тұратын жерінен тысқары жерлерде (жеке үй, пәтер, бақтағы, саяжайдағы үй, гараж, монша, балкон, лоджия, сарай, вагон, лашық, шатыр), сондай-ақ жатақханаларда (бір отбасының мүшелері жеке бөлмеде тұратын отбасылық жатақханаларды қоспағанда), уақытша вахталық үй-жайларда, жайылым учаскелерінде, фермерлік және шаруа қожалықтарында, туысқандарында, таныстарында сақтауға жол берілмейді.
Қару иесі ұзақ уақыт (үш айдан астам) болмаған кезеңде (іссапар, демалыс, емделу, әскери қызмет өткеру) қару иесінің тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына қару уақытша сақтауға тапсырылуы қажет.
Азаматтық тегіс ұңғылы қарудың жалпы саны 500 данадан аспайтын, азаматтық ойық қарудың ойық қарудың әрбір бірлігіне 100 данадан аспайтын, газдық қарудың 50 данадан аспайтын патрондарын, 500 граммнан аспайтын аңшылық оқ-дәріні қарумен бірге сақтауға жол беріледі.
Азаматтық тегіс ұңғылы қарудың жалпы саны 500 данадан асатын, бірақ 1000 данадан аспайтын патрондары жеке металл шкафта (сейфте) сақталады.
Сейфте қарумен бірге бөгде заттарды (сақталатын қарудың алынатын және ауыстырылатын аксессуарларын қоспағанда), оның ішінде ақша купюраларын, бағалы қағаздарды, зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаты жоқ қарудың басқа түрінің патрондарын сақтауға жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 92-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
92. Көліктің барлық түрлерiмен алып жүру немесе тасымалдау кезінде қару оқталмаған күйде қабына салынуы тиiс. Қаруды алып жүру немесе тасымалдау кезіндегі барлық жағдайларда иесі бір мезгілде қаруды алып жүрудiң рұқсаты болып табылатын, iшкi істер органының оны сақтау мен алып жүруге берген рұқсатын өзiмен бірге алып жүруге мiндеттi. Қаруды сақтаудың, алып жүрудiң, тасымалдаудың және пайдаланудың белгіленген ережелерiн бұзғаны үшiн кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
Аңшылық суық қару қапталған күйде тек қана аңшылық куәлігі болған жағдайда тасымалданады.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 93-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
93. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру және тоқтату, сондай-ақ оларды беруден бас тарту «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 94-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
94. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру және тоқтату туралы дәлелді қорытынды шығарылады, оны ішкі істер органының бастығы бекітеді. Қорытындыда мұндай шешім қабылдаудың негіздері мен дәлелдері жазылады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 95-тармақ өзгертілді
95. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған, тоқтатқан кезде, ол қару мен оның патрондарымен бірге алынып қойылады. Ішкі істер органдарының жолдамасы бойынша қару иелері немесе олардың заңды өкілдері алынып қойылған қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға тапсырады не қаруды сатып алуға немесе сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсаты бар адамның иелігіне берілуі мүмкін.
Ескерту. Қылмыстық iстер бойынша айып тағылған адамдардың қару мен оның патрондары рұқсатпен бірге алынып қойылады және тергеу органдарының немесе соттық қылмыстық iс бойынша түпкiлiктi шешiмiне дейiн iшкі iстер органдарында сақталады. Егер аталған адамға қатысты қылмыстық iс тоқтатылған болса немесе сот ақтау үкiмін шығарса, оған қаруы мен оның патрондары, қаруды сақтау немесе сақтау мен алып жүру рұқсаты қайтарылады.
96. Iшкi iстер органдары:
ұңғысының немесе ұңғылы қорапшасымен қоса, ұңғысының ұзындығы 500 мм-ге жетпейтiн және қарудың жалпы ұзындығы 800 мм-ге жетпейтiн, сондай-ақ конструкциясы оның ұзындығын 800 мм-ге жетпейтiн етiп жасауға мүмкiндiк беретiн және сонымен бірге бұл ретте ату мүмкiндiгi жойылмайтын ұзын ұңғылы атыс қаруын;
оқты түйдектете атуға мүмкiндiк беретiн азаматтық атыс қаруын;
нөмiрi жоқ, қолдан жасалған немесе нөмiрлерi қисайған атыс қаруын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттар бермейдi.
97. Азаматтық қарудың иесi қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелерi бір айлық мерзiмде бұл қаруды қайта тiркеуге немесе комиссиялық өткізуге тапсыруға мiндеттi немесе олар оны азаматтық қаруды сатып алуға iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамға бөлек беруi тиiс. Мұраға қалдыру, сыйға тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 98-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
98. Iшкi iстер органдарында қаруды бір адамнан екiншi адамға тапсыруға құжаттар ресiмдеуге рұқсат беріледi. Мұның өзi, рұқсат ету жүйесiн жүзеге асыратын ішкi істер органының қызметкерi қару иесiнiң және қарудың бұл түрiн сатып алуға iшкi iстер органының рұқсаты бар адамның қатысуымен, тапсырылатын қарудың есепке алынған жерiнде жүргiзедi. Мұндай жағдайда тапсырылатын қарудың маркасы, калибрі мен нөмірі рұқсат қағазға және сатып алу рұқсатының төлнұсқасына жазылады. Жазбаларды ішкі істер органының бастығы қол қойып және «Лицензиялық-рұқсат ету жүйесi» деген бедерi бар арнайы мөрмен куәландырады. Рұқсаттың төлнұсқасы қаруды тұрғылықты жерінде есепке қою үшін жаңа иесіне қайтарылады. Сонымен бір мезгiлде, қаруды тапсыруды жүргізудің негізінде қаруды есептен шығару туралы тиiстi жазбалар қару иелерiн есепке алу журналына енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 99-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 99-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
99. Қарудың иесі тұрғылықты жерін өзгерткен кезде қаруды ішкі істер органының есебінен шығарады және оны он күн мерзімде жаңа тұрғылықты жері бойынша тиісті есепке қоюды, ал бір ауданның не ауданға бөлінбейтін қаланың шегінде тұрғылықты жерін өзгерткен кезде ол туралы аумақтық ішкі істер органына бес күн мерзімде хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 100-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
100. Қарудың техникалық күйiн анықтау жөніндегі комиссия қаруды жарамсыз (жөндеуге келмейдi) деп тапса, қару тiркелмейді (қайта тіркелмейдi) және дереу қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жойылуы тиіс.
Ескерту. Қарудың техникалық күйiн анықтау жөніндегі комиссия ішкі істер органында құрылады, оның құрамы 3-4 адамнан: iшкi iстер органының рұқсат ету жүйесiн жүзеге асыраушы қызметкерiнен, криминалистен, қару шеберi-техниктен тұрады және ІІД (К) бастығының бұйрығымен бекітіледi.
Азаматтардың iшкi iстер органдарына ұсынған атыс қаруын тiркеу (қайта тіркеу) кезiнде оның техникалық күйiн анықтау үшiн қаруға тексеру жүргiзу комиссияның мiндетi болып табылады. Жұмыс барысында комиссия аңшылық атыс қаруының техникалық санатталу нормаларын басшылыққа алады.
Алынып қойылған, ерiктi түрде тапсырылған, тауып алынған қару мен оқ-дәрілердiң iшкi iстер органдарында сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасының Iшкіiсминi белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-тармақ өзгертілді
101. Қару жоғалған немесе ұрланған жағдайда иесі ол туралы ішкі істер органына бір күн мерзімде хабарлауға міндетті.
Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын, сондай-ақ суық қаруды сатып алудың, сақтаудың, алып жүрудiң және тасымалдаудың тәртібі заңнамада белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 17-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Марапаттық қаруды сатып алу, сақтау және алып қою тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 102-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
102. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары алған қысқа ұңғылы ойық атыс қаруы марапаттық қаруға жатады.
Қазақстан Республикасының азаматтары шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттер үкіметтерінің басшылары мен мүшелерінің марапаттау құжаттары негізінде марапаттық қару алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсатты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі береді.
Түйдектете атуға мүмкіндік беретін, сыйымдылығы 10 патроннан асатын оқжатары (барабаны) бар, сондай-ақ «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен тыйым салынған қару марапаттық қаруға жатпайды.
Азаматты қысқа ұңғылы ойық атыс қаруымен марапаттауға бастамашылық еткен мемлекеттік органдар (атауын, моделін, калибрін, сериясы мен нөмірін көрсете отырып) марапаттау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобаларын өздері әзірлейді.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 102-1-тармақпен толықтырылды
102-1. Марапаттық қысқа ұңғылы ойық атыс қаруын беру Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қаруынан құрылған марапаттау қорынан жүзеге асырылады.
103. Марапаттық атыс (суық) қаруы бар адамдарға Қазақстан Республикасы Iшкiiсминi қарудың қолданылу мерзiмiн көрсетпей, «марапаттық» деген белгiсi бар сақтау және алып жүруге рұқсаттар бередi.
Марапаттық қаруды сақтау мен алып жүрудiң рұқсаты бір мезгiлде оны тасымалдаудың рұқсаты болып табылады.
104. Марапаттық атыс (суық) қаруы жетi күндiк мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнде тiркелiп, оны сақтау мен алып жүрудiң рұқсаты алынуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 105-тармақ өзгертілді
105. Марапаттық қаруды сақтауға рұқсат алу үшiн Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiне мынадай құжаттар:
1) толтырылған өтiнiш-карточка;
2) қарумен марапаттау туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды тәртiппен куәландырған көшiрмесi;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесі;
5) қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерiн бiлетiндiгiн тексеру туралы анықтама;
6) алынып тасталды
7) қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат берiлу үшiн мемлекеттік баждың төленгенi туралы түбіртек;
8) көлемi 3х4 см екі фотосурет ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 105-1-тармақпен толықтырылды
105-1. Марапаттық қаруды сақтау осы Ереженің 91-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 105-2-тармақпен толықтырылды
105-2. Марапаттық қысқа ұңғылы ойық атыс қаруы оны сақтауға және алып жүруге рұқсат ішкі істер органдарында ресімделерден бұрын, кейіннен әрбір бес жылдан кейін атып тексеріледі.
106. Лауазымды адамдардан алынған, осы Ереженiң 102-тармағында көрсетiлмеген атыс (суық) қаруы марапаттық қару қатарына жатпайды және аумақтық iшкi істер органына:
1) әскери қол атыс және суық қару - оны берген тиiстi ведомствоға кейiннен табыс ету арқылы тегiн тапсырылуы тиіс;
2) аңшылық қару - осы Ережелердің 77-80 және 89-тармақтарына сәйкес оны сақтау мен алып жүруге рұқсат беру арқылы тiркелуi немесе оны сатып алу рұқсаты бар адамға бөлек берiлуi мүмкiн.
Ескерту. Марапаттық қаруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының «Жекелеген қару түрлері айналымын мемлекеттік бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгенге дейін атаулы қарумен марапаттау құқығы болған лауазымды адамдардың, өкiлдi және атқарушы органдардың бұйрықтары негiзiнде алынған, заңнамада белгiленген тәртiпте оны алып жүру мен сақтауға ішкі iстер органдарының рұқсаты бар қарулар жатады.
107. Марапаттық қаруды ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес сақтаудың, тасымалдаудың және пайдаланудың ережелерін бұзғаны үшін азаматтардан алып қоюы мүмкін.