Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден жұмыс берушiлер
жалдайтын шетел азаматтарын тартуға 2000 жылға арналған
және кәсiптер (қызметтер) топтары бойынша квота белгiлеу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8
тамыздағы № 1219 қаулысы
ҚР Үкіметінің 14.11.00 ж. № 1709 қаулысымен күші жойылды
"Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Республика аумағында жұмыс iстеу үшiн Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден жұмыс берушiлер жалдайтын шетел азаматтарын тартуға 2000 жылға арналған кәсiптер (қызметтер) топтары бойынша 7 мың адам санында квота (бұдан әрi - квота) белгіленсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2000 ж.
8 тамыздағы № 1219
қаулысына қосымша
Жұмыс берушiлер жалдайтын шетел азаматтарын тартуға 2000 жылға
арналған және кәсiптер (қызметтер) топтары бойынша
квота
(адам)
N | | Мынадай салалардағы кәсiптер (қызметтер) топтары: |
| | Жаратылыс және инженерлiк ғылымда | Қаржылық- экономикалық және кәсіп- керлік қызметі | Білім беру | Биологиялық, ауыл шаруашы- лығы ғылымда- ры, денсаулық сақтау және т.б. | Жиын- тығы |
Қазақстан Республикасы 5025 1635 185 155 7000 |