Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 25 шілдедегі № 1103 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 17.08.00 ж.
№ 1269; 24.04.02 ж. қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 25 шілдедегі № 1103
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыру
ҚР Үкіметінің 17.08.00 ж. № 1269 қаулысымен 1-тармақ күшін жойды
1.
ҚР Үкіметінің 17.08.00 ж. № 1269 қаулысымен 1-тармақ күшін жойды
2.
ҚР Үкіметінің 24.04.02 ж. № 470 қаулысымен 3-тармақ күшін жойды
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 13-14, 31-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспарында:
3-Басымдық. Экономикалық өсу тарауында:
3.1. Макроэкономикалық саясат бөлiміндегі:
реттiк нөмiрi 3.1.6-жол алынып тасталсын;
3.2. Ақша-несие саясаты бөлiміндегі:
реттiк нөмiрi 3.2.7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"3.2.7. Теңгенiң нақты Қазақстан Ұлттық Банк Тоқсан
тиiмдi валюталық Республикасының (келісім сайын";
бағамының өзгеру Үкіметіне бойынша)
мониторингiн ақпарат
және Қазақстан
Республикасының
саудадағы серiктес
елдерiнде айырбас
бағамы мен
инфляцияның
динамикасына
талдау жүргiзу
реттiк нөмiрi 3.2.42-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы қыркүйек";
3.3. Салық және бюджет саясаты бөлiміндегі:
реттiк нөмiрi 3.3.1.4-жолдағы 1-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Экономиканың субъектiлерi бойынша тiркелiмдердiң (тiзiлiмдердiң) салыстырымдылығын қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік органдарда кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттік жалпы сыныптамасын енгізу";
реттiк нөмiрi 3.3.1.36-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Жыл сайын, маусым";
реттiк нөмiрi 3.3.1.38-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 3.3.1.39*-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Жыл сайын, шiлде";
3.4. Инвестициялық климаттың жақсаруы бөлiміндегі:
реттiк нөмiрi 3.4.3.2*-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы тамыз";
реттiк нөмiрi 3.4.3.7*-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы тамыз";
3.6. Баға және монополияға қарсы саясат бөлiміндегі:
реттiк нөмiрi 3.6.1.3-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 3.6.2.4*-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы тамыз";
реттiк нөмiрi 3.6.2.7-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы қыркүйек";
3.7. Өнеркәсіптiк саясат бөлiмiндегі:
реттік нөмiрi 3.7.1.6-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 3.7.3.3-жолдағы 1-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында қымбат бағалы металдарды, қымбат бағалы және жартылай қымбат бағалы тастарды өндiрудi жедел ұлғайту жөнiнде жағдай жасау үшiн нормативтiк база әзiрлеу";
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы желтоқсан";
3.8. Ауыл шаруашылығы бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 3.8.1.6-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы қазан";
реттік нөмiрi 3.8.2.1-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
2000 жылғы қараша";
3.12. Туризм бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 3.12.1.3-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы тамыз";
4-Басымдық. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімi және игiлігі тарауында:
4.1. Әлеуметтiк қорғау және кедейлiкпен күрес бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 4.1.2.2-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 4.1.2.3-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы желтоқсан";
реттiк нөмiрi 4.1.2.5-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2002 жылғы желтоқсан";
реттiк нөмiрi 4.1.2.6-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2002 жылғы желтоқсан, еңбек жөніндегі нормативтердiң салааралық жинақтарының дайындалуына қарай";
реттiк нөмiрi 4.1.2.7-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 4.1.3.3-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы қазан";
реттiк нөмiрi 4.1.3.5-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2001 жылғы наурыз";
реттік нөмiрi 4.1.5.1-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы қыркүйек";
4.3. Білім беру бөлiмiнде:
реттік нөмiрi 4.3.1.9-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы шiлде";
4.4. Денсаулық сақтау бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 4.4.4.5-жол алынып тасталсын;
4.5. Демография және көшi-қон бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 4.5.4.1-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы тамыз";
4.6. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану бөлімінде:
реттiк нөмiрi 4.6.2.3-жолдағы 1-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Цифрлық геоақпараттық жүйелердiң негiзiнде Қазақстан Республикасының табиғи объектілерi мемлекеттік кадастрларының бiрыңғай жүйесiн құру";
5-Басымдық. Инфрақұрылым, көлiк және байланыс тарауында:
5.3. Саланы басқарудың тиiмдi жүйесiн қамтамасыз ету бөлiмiнде:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 5.3.3-жолмен толықтырылсын:
"5.3.3. Орталық Азияның Қазақстан ККМ,МКМ, 2000 ж
(СПЕКА) экономика. Республикасының СIМ желтоқсан";
ларына арналған Үкіметіне есеп
Көлiк және шекарадан
өту жөніндегі БҰҰ-ның
арнаулы бағдарламасы
шеңберiнде Жобалық
жұмыс тобының
V мәжілісiн өткізу
5.4. Заңнаманы, есеп жүргiзуді және есеп-қисапты жетiлдiру бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 5.4.8-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы тамыз";
6-Басымдық. Энергоресурстар тарауында:
6.4. Алуан түрлi энергиялық ресурстарды пайдаланатын тиiмдi энергиялық технологиялар бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 6.4.1-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 6.4.9**-жол алынып тасталсын.
7-Басымдық. Кәсiби Үкiмет тарауында:
7.2. Ведомствоаралық үйлестiру бөлiмінде:
реттiк нөмiрi 7.2.4*-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы қараша";
7.3. Мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 7.3.2-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы қазан".
7.4. Мемлекеттік қызметшiлердi ірiктеу және жылжыту жүйесiн жетілдiру бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 7.4.1**-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы тамыз";
реттiк нөмiрi 7.4.2**-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы тамыз";
7.5. Мемлекеттік қызметті нормативтік құқықтық қамтамасыз ету бөлімінде:
реттік нөмірі 7.5.1-жолда:
1-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру жүйесінің тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдансын";
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы қыркүйек";
реттік нөмірі 7.5.5**-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2000 жылғы қараша".