"Достық" оқу-спорт кешені" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 3 шілде N 997
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1130 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Достық" оқу-спорт кешенi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны қайта құру жолымен мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен "Достық" спорт кешенi" ашық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Достық" СК" ААҚ) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) жарғысын бекiту кезiнде "Достық" СК" ААҚ қызметiнiң негiзгi нысанасын Қазақстан Республикасында спортты дамытуға, халықаралық жарыстар мен ел чемпионаттарын өткiзуге қатысу деп белгiлесiн;
2) әдiлет органдарында "Достық" СК" ААҚ-ның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) "Достық" СК" ААҚ-ның жарғылық капиталына Алматы қаласы, Абай даңғылы, 48 мекен-жайы бойынша ғимаратты берсiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестердiң тiзбесiндегi:
"Алматы қ." бөлiмi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 123-7-жолмен толықтырылсын:
"123-7 "Достық" спорт кешенi" ААҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiндегi:
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 228-1-жолмен толықтырылсын:
"228-1 "Достық" спорт кешенi" ААҚ";
3) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N1, 2-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiндегi:
реттiк нөмiрi 11-жол алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі