түрлерін ұлғайта отырып, ет пен сүттi тереңдете өңдеудi ұйымдастыру
қойылған және қоюландырылған сүт, құрғақ сүт қоспаларының, нан пiсiру
және тәттi өнiмдерге қосылатын пайдалы қоспалардың жаңа түрлерiнiң
өндiрiсiн ауыл шаруашылығы өндiрiсін дамытумен байланыстырып құру.
2000-2003 жылдар iшiнде тамақ өнеркәсiбiнде импорт алмастыру
бағдарламасы шеңберiнде қосымша 7,336 мың жұмыс орнын қалпына келтiру
және қосымша құру көзделуде (2000 жылы - 3,2 мың, 2001 жылы - 2,136 мың,
2002 жылы - 2 мың).
2.2.4. Көмiр өнеркәсiбi
Көмiр өндiру саласында Екiбастұз бассейнiнде энергетикалық көмiр
өндiрудi тұрақтандыру және оны Ресей Федерациясына экспортқа шығару,
Қаражыра, Шұбаркөл және Шөптiкөл кен орындарынан күлдiлiгi төмен көмiр
өндiру қуатын ұлғайту, жергiлiктi коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарын
қанағаттандыру үшiн аймақтық маңызы бар шағын көмiр кен орындарын
дамытуды қамтамасыз ету мiндетi алда тұр.
Бұл көмiр өнеркәсiбіндегі жұмыспен қамтуды 5%-ға арттыруға, 1283-ғе
дейiнгi адамды жұмыспен қамтуға мүмкiндiк бередi (2000 жылы - 700, 2001
ж. - 483, 2002 ж. - 100 адам).
2.2.5. Мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсiбi
Мұнай және iлеспе газ өндiрудi дамыту бағдарламасы шеңберiнде 2000
жылы Каспий шельфіндегі барлау скважиналарын бұрғылауды жалғастыру Арал
бассейнiнде жапондық жоба бойынша геофизикалық зерттеулердi, КТК
құрылысын, Атырау-Самара мұнай құбырының өткiзушiлiк мүмкiндiгiн ұлғайту
жөніндегі жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда. Дүниежүзiлiк Банктiң
қаржыландыруы есебiнен Өзен кен орнын қалпына келтiру Әлiбекмола Қожасай,
Ұрықтау кен орындарында өндiру, Теңiз МӨЗ мұнай дайындау қуаттарын
ұлғайту жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
КТК жобасын жүзеге асыру жалғастырылатын болады, Батыс
Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысының техникалық-экономикалық
негiздемесiн әзiрлеу аяқталады.
2002 жылға дейiн газ өндiрудi ұлғайтудың негiзгi көздерi: Теңiз
мұнай-газ кен орны және Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны болып
табылады. Қазақстанның оңтүстiк аймағындағы (Амангелдi кен орындары тобы)
газ кен орындарын игеру арқылы өзбек газына тәуелдiлiктен арылу мәселесін
шешу міндетi тұр.
2000 жылы қажеттi экономикалық жағдайлар жасаумен қатар, Атасу
стансасында мұнай құю мұнарасын салу арқылы Павлодар мұнай өңдеу зауытын
отандық шикiзатпен қамтамасыз етудiң техникалық мәселелерiн шешу есебiнен
мұнай өңдеу көлемiнiң төмендеу тенденциясы жойылуға тиiс.
"ШМӨЗ" АҚ-да каталитикалық крекинг кешенiнiң құрылысы
жалғастырылатын болады.
Көрсетiлген шаралар кешені 2000-2002 жылдары кезеңiнде мұнайгаз
саласындағы жұмыспен қамтуды 11%-ға арттыруға және қосымша 3300 жұмыс
орнын құруға мүмкiндiк бередi (2000 жылы - 1000, 2001 жылы - 1000, 2002
жылы - 1300).
2.2.6. Тау-кен металлургия өнеркәсібі
Қазақстанның болат рыногындағы орнын сақтау және нығайту үшін қара
металл өндiрiсiн жетiлдiрудi, өндiрiс шығындарын қысқарту және оларды
әлемдiк рынокке жақындату жөніндегі шараларды күшейтудi қамтамасыз ету
мiндетi алда тұр.
Салада "ССКӨБ" (ССГПО) ААҚ-да, "Қазақмыс корпорациясы" ААҚ-да,
"Қазмырыш" ААҚ-да және басқаларда өндірісті арттыру көзделген. "Қазақмыс
корпорациясы" ААҚ-да мырыш зауытының құрылысы басталып та кетті, ол 2003
жылдың басында пайдалануға беріледі. 2002 жылы Шалқия және Юбилейный
кеніштеріндегі жұмыстар жаңғыртылады.
Тау-кен металлургия саласында жұмыспен қамтудың өсуi 2002 жылға
қарай 4200 адамға көбейедi (2000 жылы - 2000, 2001 жылы - 1200, 2002 жылы
1000).
2.2.7. Химия өнеркәсiбi
Химия өнеркәсiбiнде шикiзат базасын, әлемдiк және iшкi рынок
конъюнктурасын ескерiп, минералдық тыңайтқыштар, фосфор, хром
қосындыларын шығару неғұрлым басым болып табылады, 2000-2002 жылдары
оларды басым дамыту көзделедi.
Импортты алмастыру шеңберiнде резина-техникалық өнiмдер өндiрiсiн
қалпына келтiру көзделген. Бұл, ең алдымен, "Қарағандырезинатехника"
ААҚ-н қалпына келтiру және отандық шикiзатқа Қарашығанақ газ
конденсатының өңделген өнiмдерiне көшу есебiнен шина өндiрiсiнiң
бәсекелестiк қабiлеттiгiн арттыру. Сонымен қатар, титан, мырыш және барий
пигменттерi негiзіндегі бояу-лак бұйымдарының өндiрiсiн ұйымдастыру.
Осының есебiнен химия саласындағы еңбекпен қамтудың артуы 3500
адамға дейiн жетедi (2000 жылы - 2000, 2001 жылы - 1000, 2002 жылы -
500).
2.3. Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудiң ықтимал
мүмкiндiктерiн iске асыру үшiн мына шараларды жүзеге асыру көзделедi:
1) ұсақ тауарлы өндiрiске бағдарланған мал өнiмдерiн сатып алу және
өңдеудің икемдi жүйесiн құруға жәрдемдесу;
2) ұсақ жер пайдаланушыларды бiрiктiру процесiн жеделдету үшiн негiз
жасайтын экономикалық тұтқалар әзiрлеу;
3) негiзiнен тоқыраған селолық аудандар мен шағын қалаларда
көтерме-өндiрiстiк рыноктердiң дайындаушы, өңдеуші ұйымдарының желісін
құру;
4) агроөнеркәсiп кешенінің бiрыңғай ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн
қалыптастыру;
5) жер учаскелерін кепілге беру және жерді пайдалану құқықтары
мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық кесімдерге өзгерістер енгізу;
6) ауылдық несие серіктестігін құру және кепілдік құралы ретінде
"астықпен қолхат беру" институтын енгізу жолымен несие, ең алдымен
науқандық несие ресурстарына қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
7) күш-жiгердi машина-технологиялық стансаларын және ауыл
шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жалға беру пункттерiн құруға
жұмылдыру.
Ауыл шаруашылығында 165 мың жұмыс орнын (2000 жылы - 28 мың, 2001
жылы - 55 мың, 2002 жылы - 82 мың) құру көзделуде.
2.4. Шағын бизнес және кәсiпкерлiк
2000-2003 жылдары өнеркәсiп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану
салаларында, көлiк және коммуникациялар және т.б. объектiлерде
инвестициялық жобаларды iске асыру арқылы 17,4 мың жұмыс орнын құру
көзделуде. Мемлекеттік емес сыртқы заемдар есебiнен қаржыландырылатын
инвестициялық жобалар бойынша 9,6 мың жұмыс орнын құру көзделуде.
Инвестициялық жобалар бойынша 1,8 мың жұмыс орнын және қаржыландырудың
басқа да көздерi есебiнен 600 жұмыс орнын қамтамасыз ету күтiлуде.
Тiкелей инвесторлармен келісім-шарттар жағдайлары бойынша 2000-2002
жылдары 15 мың жаңа жұмыс орны құрылады және жұмыс iстеп тұрған 20 мың
жұмыс орны сақталады деген болжам бар.
3. Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық саясаты
Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрестiң аймақтық саясаты мына мiндеттердi шешуге бағытталады:
1) жұмыс орындарын құру, халықтың тұрмысын жақсарту, жұмыссыздықты қысқарту;
2) қордаланған проблемаларды шешудi қамтамасыз ететін арнайы шараларды iске асыру жолымен бiрiншi кезекте мемлекеттік қолдауды талап ететiн тоқыраған селолық аудандар тобын экономикалық сауықтыру;
3) астықты кесiмдi, "әдiл" бағамен сатып алу арқылы ауыл шаруашылығын қолдау;
4) тоқтап тұрған өндiрiстердi қайта құрылымдау және сегменттеу, дәрменсiз ұйымдарды заңнамада белгіленген тәртiппен тарату және банкротқа ұшырату;
5) отандық тауар өндiрушілердi, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектiлерiн қолдау арқылы аймақтық рыноктердегi бәсекелестiктi дамыту саясатын жүргiзу.
Аймақтар шегiнде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiнде мынадай шараларды жүргiзу көзделедi:
Ақмола облысы. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сақтау және өңдеу индустриясын дамыту, астық, ет-сүт өнімдерiн өндiретiн ауыл шаруашылығы салаларын мамандандыру көзделуде. Минералдық тыңайтқыштар өндiру, алтын өндiру мен өңдеу жолға қойылатын болады. Топтап пайдаланылатын су құбырларын қайта жаңарту; туризм мен спорт индустриясын дамыту; кен орындарын консервациялау мен тарату; техногендi уран қалдықтарын көму; су тазалау стансаларын қайта жаңарту көзделуде.
42 мың жұмыс орны құрылатын болады, 1564 адам кәсiптiк оқудан өтедi. Ақтөбе облысы. Мұнай-газ өндiру химия, қара металлургия, хром рудаларын өндiрудi дамыту жүзеге асырылатын болады. Көмiрсутегi шикiзатын, сондай-ақ пайдалы қатты қазбаларды iздеу, әзiрлеу, өндiру және өңдеу, ауылдарды газбен қамтамасыз ету объектiлерiнiң құрылысы жалғастырылатын болады. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, металл өңдеу, прибор жасау, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң, жеңiл өнеркәсiбi ұйымдарының жұмысы жаңғыртылады. Меншікті энергетикалық қуаттарды дамытуға бағытталған шараларды iске асыру жалғастырылады.
Ауыл шаруашылығы секторында егiс танаптарының құрылымы оңтайландырылады. Батыс Қазақстан мен республиканың солтүстiк және орталық аймақтарының тiкелей көлiк қатынастарын қамтамасыз ету шаралары iске асырыла бастайды.
6,4 мың жұмыс орны құрылып, 1,4 мың адам кәсiптiк оқудан өтедi.
Алматы облысы. Өнеркәсiптiң өңдеу және өндiру салалары кәсiпорындарын басым дамытуды жүзеге асыру электр энергиясына iшкi сұранысты шағын СЭС-тердi қалпына келтiру және дәстүрден тыс энергия көздерiн пайдалану есебiнен қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттер шешілетiн болады. Ауыл шаруашылығында негiзгi тамақ өнiмдерiне деген iшкi сұранысты толық қанағаттандыру үшiн өндiрiстiң өсуіне, сондай-ақ оны аймақтық рыноктерде нығайтуға қол жеткiзу қарастырылады. Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде туризм инфрақұрылымын дамыту жоспарлануда.
11,4 мың жұмыс орны құрылып, 1900 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
Атырау облысы. Мұнай-газ өндiру және мұнай өңдеу көлемiн ұлғайту, мұнай өндiрiсiне қажеттi машина жасау құрылыс материалдары өндiрiсiн, балық өнiмдерi мен тамақ өнеркәсiбiн дамыту көзделуде. Атырау мұнай өңдеу зауытын; Атырау қаласындағы ұшу-қону алаңы мен әуежайын қайта жаңарту; көлiк инфрақұрылымы, бiрiншi кезекте мұнай құбырын жүргiзудi дамыту; автокөлiк жолдарын жөндеу белгiлендi. Ауыл шаруашылығы одан әрi дамытылады. Мал шаруашылығында табынды жылқы мен түйе өсiру неғұрлым жеделдетiлген қарқынмен дамытылып, едiлбай және қаракөл қойларының өнімдiлiгiн одан әрi жақсарту; еттi-майлы қаракөл қойларының шығарылған жаңа түрiнiң өнiмдiлiк көрсеткiштерін арттыру жөніндегі селекциялық асылдандыру жұмыстары жүргiзiлетiн болады.
11,6 мың жұмыс орны құрылып, 1950 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
Шығыс Қазақстан облысы. Түстi металлургияның өндiрушi және өңдеушi ұйымдарының қуаттарын дамыту, олардың шикiзат базасын арттыруды, болашақта қажетті геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзудi, машина және прибор жасауды, жеңіл және тамақ өнеркәсiбiн, мұнай жабдықтары өндiрiсiн, құрылыс материалдары индустриясын ұлғайтуды одан әрi дамыту көзделуде. Орман және ағаш өңдеу өнеркәсiбi дамытылады.
Аграрлық секторда жармалық (тары, қарақұмық, бұршақ, сұлы), майлы (күнбағыс) дақылдары, мал шаруашылығында - сүт және ет мал шаруашылығы, биязы жүндi және жартылай биязы жүндi қой өсiру, құс өсiру және марал өсiру дамытылады. Май экстракты зауытын қайта жаңартуды аяқтау көзделуде. Туризм және демалыс индустриясын, оның ішінде Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде дамыту белгiленiп отыр.
51 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, 6250 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
Жамбыл облысы. Өнеркәсiптiң тау-кен және химия салаларын одан әрi дамыту; металл өңдеу, машина жасау және жабдықтар жасау; жеңiл, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсiптерiнiң ұйымдарын қалпына келтiрудi және дамытуды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Экологиялық жағдайды сауықтыру шалғай елдi мекендердi сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету белгiленуде. Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде туризм инфрақұрылымын дамыту жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы салалары одан әрi дамытылатын болады, қант қызылшасы, тұқымдық жүгерi егiстiктерiн едәуiр ұлғайту, қаракөл шаруашылығын қалпына келтiру, тұқым өсiру және мал тұқымын асылдандыру iсiн жақсарту үшiн жағдайлар жасау мiндеттерi алда тұр.
29,9 мың жұмыс орны құрылып, 1180 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
Батыс Қазақстан облысы. Мұнай-газ химия кешенiн жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн, қорғаныс ұйымдарында машина жасау өндiрiсiн дамытуды жеделдету көзделуде. Қарашығанақ газ конденсаты кен орнын игеру мен селоны газдандыру жалғастырылады. Жайылымдық мал өсіру атап айтқанда етті-құйрықты қой өсiру, үйiрлi жылқы және еттi мал өсiру одан әрi дамытылатын болады.
25,5 мың жұмыс орны құрылып, 2708 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
Қарағанды облысы. Базалық салалар, соның iшiнде жылу-энергетика кешенi мен металлургия, мыс прокаты эмальқұбыр және кабель өнiмдерi өндiрiсi дамытылатын болады. Химия өнеркәсiбi мен машина жасау, тамақ және жеңiл өнеркәсiбiн, тұрмыстық күрделi техника өнеркәсiбiн; ауыл шаруашылығында - еттi-құйрықты қой шаруашылығын, еттi мал шаруашылығын және үйiрлi жылқы шаруашылығын дамыту көзделедi.
Туризм мен демалыс индустриясын дамыту көзделiп отыр. 39 мыңнан астам жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға жіберiлетiн болады.
32,7 мың жұмыс орны құрылып, 7150 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
Қызылорда облысы. Энергетикалық кешендi, жеңiл, тамақ және мұнай өндiру өнеркәсiбiн, құрылыс материалдары индустриясы мен өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту, интенсивтi технологияны енгізу есебiнен күрiш өндiрудi ұлғайту және еттi-құйрықты қой шаруашылығы мен қаракөл шаруашылығын дамыту, Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде туризм инфрақұрылымын дамыту көзделiп отыр.
Мыналарды: қорғасын-мырыш кен орындарын және ауыл шаруашылығы машиналары үшiн жабдық өндiрiсiн игеру қарастырылады.
Аймақтағы экологиялық жағдайды сауықтыру басымдықты бағыттардың бiрi болмақ.
11 мың жұмыс орны құрылып, 5200 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
Қостанай облысы. Темір рудасын өндiру мен өңдеуге, сондай-ақ агроөнеркәсiп кешенi салаларында, атап айтқанда астық өндiрiсiн, ет-сүт, бағытындағы мал шаруашылығын, үйiрлi жылқы шаруашылығын, шошқа және құс шаруашылығын ұлғайтуға ықпал жасайтын шаралар қабылданатын болады.
36,8 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 530 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
Маңғыстау облысы. Отын, химия және мұнайхимия өнеркәсiбiн, МАЭК-тi қайта жаңартуды және жаңғыртуды одан әрi дамыту, жер қыртыстарының мұнай қайтарымын арттырудың ең жаңа әдiстерiн енгізу, қазiргi заманғы көлiк инфрақұрылымын құру, теңiз кәсiпшілігi өндiрiсiн ұлғайту, мұнай-газ кен орындарын жайластыруды кеңейту одан әрi жалғастырылатын болады. Ақтау теңiз портын қайта жаңарту балықтоңазытқыш құрылысы мен минералды тыңайтқыштар өндiрiсiнiң қуаттарын жаңғырту аяқталады. Ұлутас тастары, жемдiк ұн өндiрiсiн қалпына келтiру көзделуде. Ауыл шаруашылығында түйе шаруашылығы, қаракөл шаруашылығы, еттi-майлы қой шаруашылығы дамытылатын болады. Туризм және демалыс индустриясын, оның iшiнде Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде дамыту көзделуде.
22,7 мың жұмыс орны құрылып, 220 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
Павлодар облысы. Электр энергиясын, көмiр сату рыноктерiн одан әрi кеңейту, энергосыйымдылықты өндiрiстердi дамыту глинозем, ферроқұймалар өндiрiсiн одан әрi дамыту, мұнай өңдеу зауытының, көмiр разрездерiнiң өндiрiстiк қуаттарының толық жұмысын қамтамасыз ету көзделедi. Аграрлық секторда жарма (тары, қарақұмық, бұршақ, сұлы) майлы (күнбағыс) дақылдары өндiрiсi, мал шаруашылығында - ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы мен еттi-майлы қой шаруашылығы дамытылатын болады.
54,6 мың жұмыс орны құрылып, 2850 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
Солтүстiк Қазақстан облысы. Мемлекеттік конверсиялық бағдарламалар базасында машина жасауды, жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн, прибор жасауды және ғылыми еңбектi көп қажет ететiн жекелеген өндiрiс түрлерiн одан әрi дамыту жөнінде шаралар жүзеге асырылатын болады.
Дәндi дақылдар өндiрiсiнiң, ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығын және шошқа шаруашылығы көлемiн ұлғайту көзделiп отыр. Уран рудниктерiн консервациялау мен жою және техногендi уран қалдықтарын көму жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады. Топтық магистральдық су құбырларын қалпына келтiру және қайта жаңғырту жолымен селолық елдi мекендердi сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегi жұмыстар одан әрi өрiстетiлетiн болады.
9,3 мың жұмыс орны құрылып, 4784 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
Оңтүстiк Қазақстан облысы. Жеңiл және тамақ, химия және мұнай-химия өнеркәсiптерiн, түстi металлургияны, машина жасауды, сондай-ақ мақта шаруашылығы мен жүзiм шаруашылығы сияқты ауыл шаруашылығының негiзгi салаларын, Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде туризм инфрақұрылымын одан әрi дамыту көзделуде. Көпiр және "Қызыләскер-Киров" автомобиль жолының құрылысы жалғастырылатын болады.
10,3 мың жұмыс орны құрылып, 1800 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
Астана қаласы. Астананы дамыту әзiрленiп жатқан "Астананы гүлдендiру - Қазақстанды гүлдендiру" ұлттық бағдарламасы шеңберінде көзделiп отыр. Елдiң бүгiнгi экономикалық жағдайы талап етiп отырған iшкi мемлекеттік ықпалдасу болашақ Бағдарламаның негiзi болуы мүмкiн. Қазақстан аймақтарының экономикалық байланыстарын дамытудың сызбасы болашақ Бағдарламаның деңгейiне айналуға тиiс. Ауыл шаруашылығының машиналарын жасауды дамыту астық және жемдiк азық жинау комбайндары, тұқым өңдеу техникасы өндiрiсiн ұйымдастыру көзделуде. Астана тiршiлiгiн қамтамасыз ету және көркейту объектiлерiн жаңғырту, тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылым және мәдени-тұрмыстық объектiлерiн қайта жаңарту жөніндегі шаралардың кең ауқымды кешенi жүзеге асырылатын болады. Туризм және демалыс индустриясын дамыту белгiленiп отыр, Астана қаласында халықаралық әуежай құрылысы жалғастырылатын болады.
12 мың жұмыс орны құрылып, 1900 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
Алматы қаласы. Жасалған ғылыми-техникалық және өндiрiстiк-әлеуетті барынша пайдалану, қаржы және банк саласын, жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн дамыту, қорғаныс ұйымдарын конверсиялау негiзiнде жетекшi машина жасау салаларын, қызмет көрсету және туризм салаларын дамыту негiзiнде, сондай-ақ Алматы әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу негiзiнде қаланы әлеуметтiк-экономикалық одан әрi дамыту жүзеге асырылатын болады. Қаланы Орталық Азияның аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамыту жөніндегі iс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
33 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, 6800 адам кәсiптiк оқудан өтедi.
Жергiлiктi бюджеттер аймақтық экономиканың жай-күйiне барған сайын көбiрек тәуелдi бола түседi. ?кімет жұмыс күшiнiң, капитал мен инвестицияның еркiн қозғалысын ынталандыра отырып, қаржы рыногындағы, еңбек және инвестиция рыноктарындағы аймақаралық бәсекелестiктi күшейтудi көздеуде.
Кедейлiктiң және жергіліктi халықтың жұмыспен қамтылуының аса маңызды өзектi көрсеткiштерi негiзiнде аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингiлiк жүйесiн одан әрi жетiлдiру қарастырылады.
4. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу
жөніндегi шаралар
Еңбек рыногында белсендi түрде жұмыс iздеп жүрген азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудiң негiзгi өлшемi - бос қызмет орындары банкiн қалыптастыру, ұлғайту және пайдалану болып табылады.
Белсендi жұмыс iздеудiң нақты қадамдарына: халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік уәкiлеттi органдарда немесе жеке меншік агенттiктерде тiркелу, жұмыс берушiлерге өтiнiш жасау, бұқаралық ақпарат құралдарына жұмыс iздеу туралы хабарландыру беру, өзiнiң жеке iсiн ұйымдастыруға әрекет ету немесе еңбек рыногындағы сұраныстарды ескере отырып, кәсiби даярлықтан өту жатады.
Қалалар мен аудандардағы халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкiлеттi органдар мынадай қызметтердi көрсетедi:
1) азаматтарды жұмысқа орналастырудың мүмкiндiктерi туралы және осы немесе басқа бiр жұмысқа орналасқысы келген адамдарға қойылатын талаптар жөнiнде хабардар етедi;
2) жалпы білім беру мекемелерiнiң түлектерi мен әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж азаматтарға лайықты жұмыс таңдауда, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарына, вахталық әдiспен, шетелде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседi;
3) жұмыс iздеуде қиындық көрiп жүрген азаматтарға консультация бередi;
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
5) жұмыссыз азаматтарды оқытады және қайта оқытады;
6) шағын несие беру арқылы жұмыссыздарға өзiнiң жеке iсiн ұйымдастыруға жәрдемдеседi;
7) кәсiби даярлауға, iскерлiк машықтарын үйретуге мемлекеттік тапсырысты кәсiби білім беру оқу орындарының желісі арқылы анықтайды;
8) бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының түлектерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi.
Еңбек рыногының қажеттілiктерiн ескере отырып, жұмысшылар мен мамандар даярлаудың көлемi мен бейiндерiн әзiрлеуде және түзетуде оқу орындарына ақпараттық және әдiстемелiк көмек көрсетiлетiн болады.
Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органдар көрсететiн жұмысқа орналастырудың дәстүрлi нысандарынан басқа жұмыс iздеушi азаматтарды жұмысқа орналастырудың баламалы нысандары дамытылатын болады. Бұл, ең алдымен, жоғары ақы төленетін және беделдi жұмыс таңдау үшiн ақы төлеуге қабiлеттi, неғұрлым біліктi әрi болашағы бар жұмыс күшін қолданып жүрген шеңберінде жұмысқа орналастыруды өз мойнына алатын жұмысқа орналастыру жөніндегі жеке агенттіктер. Жұмысқа орналастырудың баламалы түрлерінің болуы, бір жағынан жұмыс іздеуші азаматтардың қажетті қызмет түрлерін пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді, екінші жағынан - жұмысқа орналастырумен айналысатын ұйымдар арасында бәсекелестік ортаны туғызады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс белсенді түрде жұмыс іздеп жүргендер үшін өрістетілетін болады.
Жұмыссыздарды тоқсан сайын есепке алу және жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдардың санаттарын анықтау жолға қойылады, еңбек биржаларының қызметі олар адамдарды жұмыспен нақты қамтамасыз ете алатындай етіп жандандырылатын болады.
Төменде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға өтінішпен келетін жұмыссыз азаматтардың болжамды саны көрсетілді:
Облыстар | Жұмыссыз адамдар саны |
2000 жыл | 2001 жыл | 2002 жыл |
| 52500 43500 86400 32400 61400 61700 23000 90500 37200 64500 21000 57000 45200 118600 89100 22500 906400 | 45000 42400 77800 30200 59200 58100 21400 71000 33500 58400 18700 47000 44700 99700 79500 18900 805500 | 38800 41200 71000 25100 57700 49200 17300 66500 30200 50800 14700 38700 35000 80900 70600 14900 702600 |
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жұмыссыз
азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі негізгі іс-шаралары мыналар
болады:
1) жұмыс іздеу процесінде жұмыссыздарға көрсетілетін қызметтер
тізбесін кеңейту;
2) жұмыссыздарды жұмыс іздеу дағдыларына үйрету;
3) жұмыс берушімен байланысты нығайту, өтінімдер бойынша кадрларды
іріктеу, семинарлар, бос орындардың жәрмеңкелерін өткізу;
4) жұмыс берушінің жұмыс күшіне өтінім беру тетігін пысықтау;
5) еңбек рыногының жағдайы және қолда бар бос орындар туралы
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа тұрақты хабарлап отыру;
6) еңбек рыногындағы жағдай туралы жедел және толық мәліметтер жинау
үшін еңбек делдалдығымен айналысатын барлық ұйымдар арасында өзара
іс-қимыл жасау рәсімін әзірлеу болып табылады.
Төменде жұмысқа орналастырылатын жұмыссыздардың болжамды саны
келтіріледі:
Облыстар | Жұмысқа орналастырылады, адам |
2000 ж. | 2001 ж. | 2002 ж. |
Ақмола Ақтөбе Алматы Атырау Шығыс Қазақстан Жамбыл Батыс Қазақстан Қарағанды Қызылорда Қостанай Маңғыстау Павлодар Солтүстік Қазақстан Оңтүстік Қазақстан Алматы қаласы Астана қаласы Ел бойынша | 5000 9450 10434 2000 9600 11168 5183 18023 4000 8400 4300 5900 4000 7900 8500 2900 116758 | 6030 8500 9000 2300 13100 9273 5500 25000 5000 8100 4600 6200 4100 8200 8700 3135 113067 | 6180 8500 11000 2500 10300 9438 5000 18000 6000 8000 5000 6500 4200 8300 9000 3270 114594 |