364,7 мың жұмыссызды жұмысқа орналастыру көзделуде.
2000-2002 жылдары мақсатты топтар бойынша 82 мың адам жұмысқа орналастырылатын болады. Олардың ішінде: аз қамтылған адамдар; 21 жасқа дейінгі жастар; 23 жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғызілікті, көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үнемі күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды асырап отырған азаматтар; зейнеткер жасына таяп қалған адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда); мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар; бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі емдеуден босатылған адамдар; репатрианттар (оралмандар).
2000 жылдың 2 тоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметі мүгедектер жұмыс iстейтiн ұйымдарды қолдау мақсатында "Мемлекеттік сатып алу туралы"
Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыныстар енгiзедi.
Белгiлi бiр санаттағы және біліктiлiктегi мамандарға еңбек рыногының мұқтаждығы ескерiле отырып, жұмыссыздарды даярлау және қайта даярлауға ерекше назар аударылатын болады. Бұл үшiн:
1) жұмыссыздар үшін қызмет саласын таңдау мәселелері бойынша кәсіптік бағдар қызметтерін көрсету кеңейтіледі. Бұл мақсаттар үшін өзекті кәсіптер мен оқу-курстық желі бойынша аймақтық мәліметтер банкі жасалатын болады;
2) жұмыссыздар қатарындағы азаматтарды қайта даярлау үшін білім беру ұйымдарын іріктеу кезінде конкурс мүмкіндіктері белсенді пайдаланылатын болады;
3) жұмыссыздарды шағын және орта кәсіпкерліктің, фермерлік шаруашылықты жүргізудің негіздеріне оқыту жөніндегі қызмет жандандырылады.
Төменде кәсіби оқыту жөнінде деректер берілген:
Облыстар | Кәсіптік оқытуға жіберілетін адамдар |
2000 ж. | 2001 ж. | 2002 ж. |
Ақмола Ақтөбе Алматы Атырау Шығыс Қазақстан Жамбыл Батыс Қазақстан Қарағанды Қызылорда Қостанай Маңғыстау Павлодар Солтүстік Қазақстан Оңтүстік Қазақстан Алматы қаласы Астана қаласы Ел бойынша | 470 300 500 600 2350 400 708 1300 1800 100 50 900 1160 500 2000 500 13638 | 583 580 3400 790 2100 400 1000 2800 1700 300 400 950 187 600 2300 650 16835 | 590 800 3500 750 2720 380 1000 3050 1700 350 400 1000 194 700 2500 750 17713 |
2000-2002 жылдары 52,8 мың жұмыссыз оқытылады және қайта оқытылатын
болады.
Жеке еңбек қызметіне көмектесу және оны қолдау еңбек рыногының белсенді саясатының маңызды құралы болып табылады. Адам соларға сүйене отырып, өзінің бизнес-жоспарын құра алатын құзыретті консультациялық ұйымдар құру қажет. Консультациялар ұйым тұжырымдамасының экономикалық перспективасына сараптау бағасын беруге тиіс. Консультанттардың қызметі ұйымның табысына қарай төленетіні маңызды тұсқа айналуға тиіс. Бұл ретте мемлекеттік консультациялық қолдау бірте-бірте кәсіпкерлерді жеке меншік экономикалық консультациясына көшіруі тиіс.
Төменде жұмыс орындарын құру туралы болжамды деректер келтіріледі:
Облыстар | 2000 жыл | 2001 жыл | 2002 жыл | Барлығы |
Ақмола Ақтөбе Алматы Атырау Шығыс Қазақстан Жамбыл Батыс Қазақстан Қарағанды Қызылорда Қостанай Маңғыстау Павлодар Солтүстік Қазақстан Оңтүстік Қазақстан Астана қаласы Алматы қаласы Ел бойынша | 11560 2630 5846 8297 16700 11168 8588 10915 8038 11851 7928 15878 4237 5828 3984 12778 146226 | 7700 1500 6000 4300 18467 9273 7449 10915 1380 11634 6607 7600 15052 2678 4000 10193 121535 | 4896 2290 7448 4380 18000 9438 9472 10915 1570 13392 8195 9000 12806 1887 5050 10007 132650 | 41960 6420 11366 11647 50999 29879 25509 32745 10988 36877 22730 54578 9308 10393 12034 32978 400411 |
5. Ішкі еңбек рыногын қорғау
Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында шетелдік жұмыс күшін әкелуге квота белгілеу көзделеді. Түйінді міндеттер қатарында: шет елдермен қоныс аударушылардың уақытша болатын елдерінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, сондай-ақ оралғаннан кейін олардың құқықтарын қамтамасыз етуді көздейтін тиісті келісімдер жасасу арқылы жұмыс күшінің иммиграциясы мен эмиграциясын реттеу; заңсыз еңбек миграциясын тыю және иммиграциялық бақылауды ұйымдастыру белгіленді.
Қазіргі уақытта шетелдік жұмыс күшін әкелуді лицензиялау елдегі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жергілікті кадрларды ұтымды пайдалану проблемасын толық шешпей отыр. 2000 жылы саны 7 мың адам болатын шетелдік жұмыс күшін әкелу көзделіп отыр. Сонымен қатар, оларды заңсыз әкелу орын алуда, олар кейбір бағалаулар бойынша заңды түрде әкелінетін көлемнен асып түседі. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикада пайдаланылатын шетелдіктердің санын кезең-кезеңімен қысқартудың және оларды жергілікті жұмыс күшімен ауыстырудың тетігін әзірлейді, Қазақстанға шетелдік жұмыс күштерін әкелуге шек қойылатын кең таралған кәсіптердің тізбесін белгілейді.
6. Шағын несиелер
Шағын несиелендіру бағдарламасын Қазақстанның бүкіл аумағында тарату жоспарлануда. Басым тәртіппен - тоқыраған және экономикалық апатқа ұшыраған ауылдық аудандарға қолданылады. Несиелендiру тетiгi оңайлатылады. Несие алу шарттары өзгертiлдi.
Шағын несиелердi қайтару мерзiмдерi қызмет түрiне қарай белгіленетiн болады. Сауда және коммерциялық қызмет ұйымдастыруға - 3 ай, халық тұтынатын тауарлар шығаруды және халыққа қызмет көрсетудi ұйымдастыруға 6 ай, маусымдық ауыл шаруашылығы өндiрiсiне - 9 ай, мал шаруашылығына - 12 ай.
Несиелердi оларға қызмет көрсетумен байланысты шығыстарды жабуды қамтамасыз ететiн ең төменгi пайызбен беру көзделедi. Шағын несие алуға жұмыссыздар қатарындағы азаматтар өз бетiмен жұмыс iстеп, өз iсiн дамытуға ниет бiлдiрген адамдар үмiткер болуға тиiс. Сондай-ақ, шағын несиелендiру үшiн адамдар топтарына да несие берiледi. Мұндай топтарға бiрiгу несие ресурстарын неғұрлым тиiмдi пайдалануға және қайтарымдылығы үшiн жауапкершiлiктi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Шағын несие сомалары АҚШ 100 долларынан 400 долларына дейінгi ауқымда сараланады.
Шағын несиелендiру бағдарламасын инвестициялар мен ерiктi қайырымдылықтар есебiнен қаржыландыру көзделедi. Барлық халықаралық қаржы институттарының және шағын несиелендiру жөніндегі пилоттық жобаларды жүзеге асыратын донор елдердiң практикасы талданатын болады.
7. Қоғамдық жұмыстар
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда жол құрылысын дамыту, жол жөндеу, ағаш отырғызу, инфрақұрылымды (коммуналдық жүйе, телефондандыру және т.б.) дамыту бағдарламалары басым бағыт алады.
2000-2002 жылдары барлығы 295,1 мың адам қоғамдық жұмыспен айналысатын болады.
Төменде аймақтар шегiнде қоғамдық жұмыстарға жiберiлетiн адамдар саны туралы болжамды деректер келтiрiледi:
Облыстар | Қоғамдық жұмыстарға жіберілетін болады |
2000 жыл | 2001 жыл | 2002 жыл |
Ақмола Ақтөбе Алматы Атырау Шығыс Қазақстан Жамбыл Батыс Қазақстан Қарағанды Қызылорда Қостанай Маңғыстау Павлодар Солтүстік Қазақстан Оңтүстік Қазақстан Алматы қаласы Астана қаласы Ел бойынша | 5160 3000 1040 1594 8750 2800 4013 11234 3500 2434 1500 7655 5764 6825 5000 1040 71810 | 6424 8000 8000 4700 14000 2800 4023 18450 4500 6200 5300 9600 5600 7250 5700 1660 80607 | 6906 8000 9000 4000 11100 2900 4500 18400 5500 4500 5500 10000 5600 7700 5700 1750 87031 |
8. Бағдарламаның орындалуын құқықтық қамтамасыз ету
Кедейлiк, жұмыссыздық және жұмыспен қамту мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленедi, сондай-ақ қолданылып жүрген заңнамаға және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерi:
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету мәселелерi жөнiнде;
республикада бiрыңғай мемлекеттік жұмыспен қамту қызметiн құру мақсатында "Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметiн ұйымдастыру туралы" 1948 жылғы № 88 ХЕҰ Конвенциясын бекіту жөнiнде;
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына мүгедектердi және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету жөнiнде жағдай жасауды көздейтiн толықтырулар енгізу жөнiнде;
инвестициялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды даярлап шығаруды жүргiзу мiндеттерi бөлiгiнде "Шетелдiк инвестициялар туралы" , "Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы", "Мұнай туралы" заңнамалық кесiмдерiне толықтырулар енгізу жөнiнде;
еңбек процесiнде адамның қауiпсiздiгiн, денсаулығын және еңбекке қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiнде;
алушылардың табысын ескере отырып арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды төлеудiң атаулылығын күшейту үшiн "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде.
Заңдарға қосымша нормативтiк кесiмдер:
аз қамтамасыз етілген азаматтарға арналған шағын несиелендіру, жеке кәсіпкерлікті дамыту жүйесін енгізу жөнінде;
ішкі еңбек рыногын қорғау үшін жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін жұмысқа қабылдауды квоталау жөнінде;
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде;
белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарын құру жөнінде қабылданады.
9. Бағдарламаның орындалуын ақпараттық қамтамасыз ету
Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында:
халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бос жұмыс орындары туралы тұрақты хабардар ету;
жұмысқа орналастыру, еңбек және жұмыспен қамту туралы заңнама мәселелері жөнінде азаматтармен консультациялар жүргізу;
еңбек рыногындағы ахуал, жұмысқа орналастыру, қайта оқыту және кәсіптік бағдар беру, жұмыссыздардың біліктілігін арттыру мүмкіндігі туралы ақпараттық-анықтамалық және статистикалық материалдардың сапасын және оған халықтың қол жетімділігін арттыру;
Бағдарламаның іске асырылу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
кедейлік және жұмыссыздық проблемалары жөнінде теледидар мен радиохабарларда сөз сөйлеулер ұйымдастыру, баспасөз конференцияларын өткізу жөнінде шаралар қабылданатын болады.