Кейбір кедендік режимдерге орналастырылатын немесе жекелеген кедендік
режимдерге орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі N
538 Қаулысы (ҚР Үкіметінің 11.03.03 ж. № 232 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 681 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 11.03.03 ж. № 232 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесі;
кедендік аумақтан тысқары жерлерде қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесі;
кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесі;
кедендік бақылаумен қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесі;
еркін кеден аумағына орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесі;
жоюдың кедендік режиміне орналастыруға жол берілетін, бұйымдар немесе материалдар ретінде пайдаланылатын жекелеген тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап отыз күннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 8 сәуірдегі
№ 538 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 11.03.03 ж. № 232 қаулысымен тізбенін тақырыбы өзгертілді
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне
орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың
нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен
міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі
белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесі
────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Тауардың атауы СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1. Түсті және қара металдар, қорытпалар, 7201-7206, 7218, 7224,7401-
түсті металдардың (қорғасын, мырыш және 7404 00, 7601, 760200, 7801,
мыс) концентраттары, қалдықтар және 780200000, 7901, 790200000,
сынықтар 8001, 800200000
2. Қант шикізаты 1701
3. Қымбат бағалы металдар; 2616, 2843, 7106-7112
қымбат бағалы металдар жалатылған
металдар; қымбат бағалы металдардың
кендері және концентраттары
4. Асыл және жартылай асыл тастар 7101, 7102, 7103, 7105
5. Сирек, жерде сирек кездесетін 261100000, 2613-2615, 2804,
металдар, оларды өндіруге арналған 280540100, 282530000,
шикізаттар, қорытпалар, олардың 282619000, 284170000, 2846,
қалдықтары мен сынықтары 8101, 8112, 8103, 8105,
810600, 8108, 8109, 811300
6. Ядролық материалдар, арнаулы ядролық 2612, 2844, 2845, 380110000
емес материалдар, радиоактивті -нан (тек ядролық-таза графит)
қалдықтарды қоса алғанда, радиоактивті
сәулелену көздері
────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 8 сәуірдегі
№ 538 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 11.03.03 ж. № 232 қаулысымен тізбенін тақырыбы өзгертілді
Кедендік аумақтан тысқары жерлерде қайта өңдеудің кедендік
режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі
операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің
шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен
Индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген
тауарлардың тізбесі
────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Тауардың атауы СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1. Шикі мұнай мен битуминозды 2709 00
минералдардан алынған шикі мұнай өнімдері
2. Түсті және қара металдар, қорытпалар, 7201-7206, 7218, 7224, 7401-
түсті металдардың (қорғасынның, мырыштың 7404 00, 7601, 760200, 7801,
және мыстың) концентраттары, қалдықтар 780200000, 7901, 790200000,
мен сынықтар 8001, 800200000
3. Қымбат бағалы металдар; 2616, 2843, 7106-7112
қымбат бағалы металдар жалатылған
металдар; қымбат бағалы металдардың
кендері және концентраттары
4. Асыл және жартылай асыл тастар 7101, 7102, 7103, 7105
5. Сирек, жерде сирек кездесетін 261100000, 2613-2615, 2804,
металдар, оларды өндіруге арналған 280540100, 282530000,
шикізаттар, қорытпалар, олардың 282619000, 284170000, 2846,
қалдықтары мен сынықтары 8101, 8112, 8103, 8105,
810600, 8108, 8109, 811300
6. Ядролық материалдар, арнаулы ядролық 2612, 2844, 2845, 380110000
емес материалдар, радиоактивті -нан (тек ядролық-таза графит)
қалдықтарды қоса алғанда, радиоактивті
сәулелену көздері
────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 8 сәуірдегі
№ 538 қаулысымен
бекітілген
Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне
орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі
────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Тауардың атауы СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1. Спирттің барлық түрлері 2207, 220890910, 220890990
────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 8 сәуірдегі
№ 538 қаулысымен
бекітілген
Кедендік бақылаумен қайта өңдеудің кедендік режиміне
орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі
────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Тауардың атауы СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1. Спирттің барлық түрлері 2207, 220890910, 220890990
2. Темекі шикізаты 2401
────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 8 сәуірдегі
№ 538 қаулысымен
бекітілген
Еркін кеден аумағының кедендік режиміне орналастыруға
тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесі
────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Тауардың атауы СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1. Спирттің барлық түрлері 2207, 220890910, 220890990
────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 8 сәуірдегі
№ 538 қаулысымен
бекітілген
Жоюдың кедендік режиміне орналастыруға жол берілетін, бұйымдар
немесе материалдар ретінде пайдаланылатын тауарлардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жарамсыз деп танылған дәрілік құралдар мен тағам өнімдері.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін және оларды пайдалану кезінде адамға және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін бұйымдар.