Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды
деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 31 наурыздағы № 485 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
31 наурыздағы № 485
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Республиканың фосфор саласын сақтау және дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы № 29 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 7-құжат) 4,5,6-тармақтары.
2. "Маңғыстау облысының өнеркәсіптік кешенін қайта құрылымдау жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 ақпандағы № 83 қаулысының 4-тармағы.
3. "Испат Кармет" акционерлік қоғамының темір жол көлігімен жүк тасымалдауына арналған тарифтер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 шілдедегі № 566 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 163-құжат).
4. "Фосфор кәсіпорындарының мүлкін сату жөніндегі инвестициялық тендердің нәтижелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 мамырдағы № 414 қаулысының 4-тармағының екінші абзацы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 маусымдағы № 566 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 шілдедегі № 655 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 22, 193-құжат).
6. "Жекелеген отандық өндірушілерді қолдау мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 тамыздағы № 763 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 28, 236-құжат) 5-тармағының екінші, үшінші абзацтары.
7. "Қазақстан Республикасының фосфор саласын қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1372 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 50, 468-құжат) 6-тармағы.
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 ақпандағы № 83 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысы.
9. "Кейбір аймақтық электр желісі компанияларының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1506 қаулысының 2-тармағының 3) тармақшасы.
10. "Қазақстан Республикасының фосфор өнеркәсібін қолдаудың жекелеген шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы № 1580 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы.