5-тармақ алып тасталсын;
6) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Инкассолық өкiм берiлген кезде пайдаланылатын құжаттар
Ақша жөнелтушiнің келісімiнсiз ақшаны алып қоюға берiлген инкассолық өкiм соттың шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары және қаулылары бойынша берiлетiн атқару парақтары немесе бұйрықтары не ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрығы негiзiнде берiледi.";
7) 19-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi "банк" деген сөзден кейiн "егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
8) 20-баптың 1-тармағы "шешiмдерi" деген сөзден кейiн ", осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 21-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы төлемдер қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібімен ғана жүзеге асырылады.";
10) 23-баптың 2-тармағы "жүзеге асыру" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 30-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерiнде белгiленген өзге де әдiстермен жүргiзiледi.";
12) 35-баптың 5-тармағында "оның банк шотындағы ақшаға тыйым салу оған билiк етудi шектеу, ақша жөнелтушiнiң немесе алушы банк ақшасын айналымға жiбермеу (доғару)" деген сөздер "ақша жөнелтушiнiң немесе алушы банктің банк шотындағы ақшасына тыйым салу немесе банк шотындағы шығыс операцияларын тоқтата тұру" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 38-бапта:
1-тармақта:
"немесе алушы банкте" деген сөздер алып тасталсын;
"болған жағдайда" деген сөздерден кейiн ", егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "ай" деген сөз "жыл" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі "не алушы банкте" деген сөздер алып тасталсын.
12. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж, № 13, 195-құжат, № 24, 436-құжат; 1999 жылғы 19 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы "парақтары" деген сөзден кейiн "және бұйрықтары" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) азаматтық iс жүргiзу заңдарына сәйкес берiлетiн сот бұйрықтары;";
2) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
2) 6-бап "қаулысын" деген сөзден кейiн "және сот бұйрығын" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
4) 9-бапта:
1-тармақта:
", нотариустың атқару жазбасын" деген сөздер алып тасталсын;
", атқару бөлiгiнде - нотариат кеңсесi орналасқан жердегi сотқа" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы ", нотариустың атқару жазбасын" деген сөздер алып тасталсын;
5) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл орайда борышкердiң банктегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшасына және басқа да мүлкіне сот орындаушысы прокурордың санкциясымен ғана тыйым салады.";
6) 34-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Борышкердің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшасына және басқа да мүлкiне сот орындаушысы прокурордың санкциясымен ғана тыйым салады;";
7) 38-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Борышкердiң банктегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшасына және басқа да мүлкiне сот орындаушысы прокурордың санкциясымен ғана тыйым салады.";
8) 40-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Борышкердiң банктегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшасына және басқа да мүлкiне сот орындаушысы прокурордың санкциясымен ғана тыйым салады.";
9) 86-баптың 1-тармағында:
3) тармақша "бойынша" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшада:
"шоттары" деген сөз "ақшасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"қағаздарына" деген сөзден кейiн "осы Заңда көзделген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын.
13. "Табиғи монополиялар туралы" 1993 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 16, 214-құжат, 1999 ж. № 19, 646-құжат):
14-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы "заңды" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып," деген сөздермен толықтырылсын.
14. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; 1999 жылғы 30 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (ерекше бөлiм) өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 599-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
2) 740-баптың бiрiншi тармағында:
"анықтау органдары" деген сөздерден кейiн "және атқарушылық iс жүргiзу органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
"азаматтық істер" деген сөздерден кейiн "және атқарушылық іс жүргiзу iстерi" деген сөздермен толықтырылсын;
"заңдарында" деген сөзден кейін "және атқарушылық іс жүргізу туралы заңдарда" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 741-бап "шешiмiнiң" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ сот бұйрығының" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 742-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiк "жағдайда" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы "басқа да атқарушы құжаттар бойынша" деген сөздер "клиентке қойылған басқа да талаптарды қанағаттандыру үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 746-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"746-бап. Клиенттерге банктiк қызмет көрсету шарттарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар клиенттерге банктiк қызмет көрсетуге байланысты бұзушылықтар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының банк қызметiн реттейтiн заң актілерінде және банктiк қызмет көрсету шарттарында белгiленген шекте жауап бередi.";
6) 765-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Осы баптың ережелерi кепiл нысанасы болып табылатын және банкке салымшының мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн енгiзiлген салымдарға қолданылмайды.".
15. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж, № 18, 644-құжат):
137-баптың 5-тармағы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң, 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті