Әлеуметтік салдары бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп
туғызатын аурулардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 наурыздағы № 468 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2018 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік салдары бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп туғызатын аурулардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 30 наурыздағы
№ 468 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік салдары бар аурулардың және айналадағылар
үшін қауіп туғызатын аурулардың
Тізбесі
І. Әлеуметтік салдары бар аурулар
1. Онкологиялық аурулар
2. Онкогематологиялық аурулар
3. Қант диабеті
4. Қантсыз диабет
5. Ревматизм
6. Жүйелі қызыл жегі
7. Байланыстырғыш талшықтардың таралмаған аурулары
(склеродермия, Бехчет синдромы, дерматомиозит)
8. Бехтерев ауруы
9. Балалардың церебральді параличі
10. Жүйке жүйесі мен бұлшық еттердің тұқым қуалайтын дегенеративтік аурулары (Паркинсон ауруы, миастения, миопатия, мишықтың Мари атаксиясы гипофизикалық нанизм т.б.)
11. Жүйке жүйесінің демиелиниленген аурулары
12. Психикалық аурулар
13. Эпилепсия
14. Наркологиялық аурулар
15. Созылмалы гипокортицизм
16. Аддисон ауруы
17. Муковисцидоз
18. Фенилкетонурия
19. Псориаз
20. Дымданғыш экзема
21. Туа біткен ихтиоз
22. Мешел
23. Темірдің жетіспеушілігінен қанның аздығы
24. Қолқа демікпесі
25. Жүрек талмасы (алғашқы алты ай)
26. Өмірлік маңызды органдарға жасалған операциядан кейінгі жағдай
ІІ. Айналадағылар үшін қауіп туғызатын аурулар
1. Туберкулез
2. Венерологиялық аурулар (мерез, соз)
3. ВИЧ инфекцияланғандар, СПИД-пен ауырғандар
4. Оба
5. Тырысқақ
6. Геморрагикалық вирустық безгектер, оның ішінде:
а) сары безгек
ә) Эбол безгегі
б) Марбург ауруы
в) Ласса безгегі
г) Қырым геморрагикалық безгегі
7. Іш сүзегі және А,В,С, паратифтері
8. Сібір түйнемесі
9. Малярия
10. Алапес
11. Дифтерия
12. Көкжөтел
13. Қызылша
14. Эпидемиялық паротит
15. Вирустық гепатиттер
16. Инфекциялық менингит
17. Бруцеллездің ауыр түрі
18. Психикалық аурулар