«ФУМЭКС» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы № 72 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «ФУМЭКС» республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуді;
2) Кәсіпорынды әділет органдарында қайта тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 504-жол мынадай редакцияла жазылсын:
«504. «Фитосанитария» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық
жүргізу құқығында) Астана қаласы».
2) «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктер карантині жөніндегі комитетінің «ФУМЭКС» республикалық мемлекеттік кәcіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 мамырдағы № 649 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-, 1999 ж., № 22, 221-құжат):
4-тармақта:
1) тармақшадағы «экономикалық» деген сөз алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) карантиндік зиянкестерге, өсімдіктердің ауруларына және арам шөптерге қарсы іс-шаралар жұргізу;";
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) аумақтардың фитосанитарлық жағдайы туралы ақпараттарды жинау мен дайындау;
2-2) өсімдіктерді қорғау препараттарын дайындау және сату».
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі