Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 және
1998 жылғы 5 желтоқсандағы № 1243 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21
қыркүйектегі № 1425 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2004.27.12. № 1404 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Ішкі жану двигательдерінің бөлшектеріне арналған шектеу шараларын жою және алюминийдің қайталама қорытпыларының экспортына бақылау орнату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 29, 226-құжат):
көрсетілген қаулыға 4-қосымшаның 1,2 және 3-бағандары мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Өңделмеген қайталама 7601 20 910,
алюминий қорытпалар: 7601 20 990
кесек түрінде, басқалар 7603 - 7616 (тек
және олардан жасалған қайталама
бұйымдар қорытпалардан)
2) ҚР Үкіметінің 2004.27.12. № 1404 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | Н. Балғымбаев |