Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N
1037 және 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулыларына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 қыркүйек N 1425
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1404 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ішкі жану двигательдерінің бөлшектеріне арналған шектеу шараларын жою және алюминийдің қайталама қорытпыларының экспортына бақылау орнату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 226-құжат):
көрсетілген қаулыға 4-қосымшаның 1,2 және 3-бағандары мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Өңделмеген қайталама 7601 20 910,
алюминий қорытпалар: 7601 20 990
кесек түрінде, басқалар 7603 - 7616 (тек
және олардан жасалған қайталама
бұйымдар қорытпалардан)
2) "Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 45, 410-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"840991000, Ұшқыннан оталатын ішкі жану
840999000 поршеньді двигательдеріне
арналған поршеньдер,
цилиндрлердің гильзалары,
поршень шығыршықтар 150 тонна";
деген жолдар алынып тасталсын;
ескерту алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
"760120 910, Өңделмеген қайталама алюминий
760120 990 қорытпалар: кесек түрінде, басқалары"
деген жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі