Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1264 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мекемелері қоса беріліп отырған Тізбеге сәйкес жаңғырту жолымен республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі - Қазыналық кәсіпорындар) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазыналық кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы:
1) денсаулық сақтау саласында:
тұрғындарға аурудың алдын алу, түрін анықтау, медициналық және дәрі-дәрмектік көмек көрсету бойынша;
ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін практикаға енгізу бойынша;
азаматтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және ынталандыру бойынша;
2) білім саласында:
жалпы білімдік, кәсіптік және арнайы білімдік бағдарламаларды іске асыруға қатысу бойынша;
ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін практикаға енгізу бойынша;
мемлекеттік жалпыға бірдей білім стандарттарын және білімдік бағдарламаларын, білімді ақпараттандыру әзірлеуге қатысу бойынша;
денсаулық, білім және спорт саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, оның ішінде жоғары білікті спортшыларды даярлау бойынша өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру деп айқындалсын.
3. Қазыналық кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға мемлекеттік меншік құқығы бар субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі белгіленген тәртіппен Қазыналық кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін, олардың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1999 жылғы 27 тамыздағы
№ 1264 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінiң Республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсiпорындар болып қайта құрылатын мекемелерiнiң
тізбесі
1-32. ҚР Үкіметінің 03.12.99 ж. № 1852 қаулысымен күшін жойды
33. «П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжi»
мекемесi «П.Чайковский атындағы Алматы музыка
колледжi» қазыналық кәсiпорнына
34. «А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық
училищесi» мекемесi «А.В Селезнев атындағы
Алматы хореографиялық училищесi» қазыналық
кәсiпорнына
35. «О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндiк-қолданбалы
өнерколледжi» мекемесi «О.Таңсықбаев атындағы
Алматы сәндiк-қолданбалы өнер колледжi» қазыналық
кәсiпорнына
36. «Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясы»
мекемесi «Ы.Алтынсарин атындағы қазақ бiлім
академиясы» қазыналық кәсiпорнына
37. «Қазақ ұлттық музыка академиясы» мекемесi
«Қазақ ұлттық музыка академиясы» қазыналық
кәсiпорнына
38. «К.Байсейiтова атындағы республикалық музыка
колледжi» мекемесi «К.Байсейiтова атындағы
республикалық музыка колледжi» қазыналық
кәсiпорнына
39. «Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк
колледжi» мекемесi «Ж.Елебеков атындағы
республикалық эстрада-цирк колледжi» қазыналық
кәсiпорнына
40. «Республикалық көркемсурет колледжi» мекемесi
«Республикалық көркемсурет колледжi» қазыналық
кәсiпорнына
41. «Республикалық оқушылар сарайы» мекемесi
«Республикалық оқушылар сарайы» қазыналық
кәсiпорнына
42. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық
орталығы» мекемесi «Дарын» республикалық
ғылыми-практикалық орталығы» қазыналық
кәсіпорнына
43. «Республикалық білім беру жүйесiнiң басшы және
ғылыми-педагог қызметкерлерiнiң біліктілігiн
арттыру институты» мекемесi «Республикалық
білiм беру жүйесiнiң басшы және ғылыми-педагог
қызметкерлерiнiң білiктілігiн арттыру институты»
қазыналық кәсiпорнына
44. «Республикалық ақыл-ой және дене дамуы жағынан
кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi
әлеуметтiк бейiмдеу, кәсiби-еңбектiк оңалту
ғылыми-өндiрiстiк орталығы» мекемесi «Дамуында
проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi
әлеуметтiк бейiмдеу, және кәсiби еңбекпен
оңалтудың республикалық ғылыми-тәжiрибелiк
орталығы» қазыналық кәсiпорнына
45. «Республикалық білім берудi ақпараттандыру
ғылыми-әдiстемелiк орталығы» мекемесi
«Республикалық білім берудi ақпараттандыру
ғылыми-әдiстемелiк орталығы» қазыналық
кәсiпорнына
46. «Республикалық мемлекеттік білім стандарттары
орталығы» мекемесi «Республикалық мемлекеттік
білім стандарттары орталығы» қазыналық
кәсiпорнына
47. «Оқу-ғылыми физика-технологиялық орталығы»
мекемесi «Оқу-ғылыми физика-технологиялық
орталығы» қазыналық кәсiпорнына
48. «Штаттық ұлттық командалар дирекциясы»
мекемесi «Штаттық ұлттық командалар
дирекциясы» қазыналық кәсiпорнына
49. «Республикалық спорттың бұқаралық түрлерінен
жоғары спорттық шеберлiк мектебi» мекемесi
«Республикалық спорттың бұқаралық түрлерінен
жоғары спорттық шеберлiк мектебi» қазыналық
кәсiпорнына
50. «Спорттың ойын және қысқы түрлерi бойынша
республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi»
мекемесi «Спорттың ойын және қысқы түрлерi
бойынша республикалық жоғары спорттық
шеберлiк мектебi» қазыналық кәсiпорнына
51. «Республикалық спорттың қолданбалы түрлерi
бойынша жоғары спорттық шеберлiк мектебi»
мекемесi «Республикалық спорттың қолданбалы
түрлерi бойынша жоғары спорттық шеберлiк
мектебi» қазыналық кәсiпорнына
52. «Су спортының түрлерi бойынша олимпиадалық
резервтiң республикалық балалар және
жасөспірiмдер мектебi» мекемесi «Су
спортының түрлерi бойынша олимпиадалық
резервтiң республикалық балалар және
жасөспірiмдер мектебi» қазыналық кәсiпорнына
53. «Республикалық спорт колледжi» мекемесi
«Республикалық спорт колледжi» қазыналық
кәсiпорнына
54. «Спорт резервтерiн даярлау жөніндегі республикалық
оқу-жаттығу орталығы» мекемесi «Спорт
резервтерiн даярлау жөніндегі республикалық
оқу-жаттығу орталығы» қазыналық кәсiпорнына
55. «Республикалық спортшылардың допингке қарсы
лабораториясы» мекемесi «Республикалық спортшылардың
допингке қарсы лабораториясы» қазыналық кәсiпорнына
56. «Бутаковка» оқу-спорттық базасы» мекемесi
«Бутаковка» оқу-спорттық базасы» қазыналық
кәсiпорнына
57. «Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы»
мекемесi «Қазақ мемлекеттік спорт және туризм
академиясы» қазыналық кәсiпорнына
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
1999 жылғы 27 тамыздағы
№ 1264 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан» Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары туралы Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 11 қаңтардағы № 20 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 8-құжат):
2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
3-тармақтағы «құрылып отырған кәсіпорындарға» деген сөздер «құрылып отырған кәсiпорынға» деген сөздермен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 19.11.99 ж. № 1754 қаулысымен 3 тармақтын күші жойылды
3. алынып тасталды
4. ҚР Үкіметінің 19.12.99 ж. № 1755 қаулысымен күші жойылды
5. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінiң Денсаулық сақтау комитетi туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 7 мамырдағы № 553 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 17, 137-құжат) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінiң Денсаулық сақтау комитетiнің қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
29, 53-реттiк нөмiрлi жолдар алынып тасталсын.
6. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Орта және кәсiптiк білім комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 мамырдағы № 557 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 190-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Орта және кәсiптiк білім комитетiнiң қарауындағы мекемелердiң тiзбесi мынадай мазмұндағы 25-34-реттiк нөмiрлi жолдармен толықтырылсын:
«25. Республикалық оқу-тәрбиелiк орталығы
26. Оқу-ғылыми физика-технологиялық орталығы
27. «Қазақстан мұғалiмi» газетiнің редакциясы
28. «Учитель Казахстана» газетiнiң редакциясы
29. «Қазақстан мектебi», «Қазақстан тарихы» журналдарының редакциясы
30. «Бастауыш мектеп» журналының редакциясы
31. «Отбасы және балабақша» журналының редакциясы
32. «Қазақ тілі мен әдебиетi» журналының редакциясы - «Ұлағат»
қосымшасы
33. «Русский язык и литература в казахской школе» журналының
редакциясы
34. «Информатика, физика математика» журналының редакциясы»