Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 қарашадағы №
1389 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1249 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.14.08. № 765 қаулысымен күші жойылды
Отандық тауар өндірушілерді қолдау және преференциалдық жүйені жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Әкелінетін тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 46, 450-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 4-тармақтағы "қолданылмайтын" деген сөз "қолданылатын дамушы және ең аз дамыған елдерде шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-тармақтағы "Республиканың кеден аумағына" деген сөздер "Республикасына 4-қосымшада көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. 4-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының преференциялар схемасын пайдаланушы - ең аз дамыған елдерде шығарылған тауарлар кеден бажын алудан босатылады деп белгіленсін.";
4) 7-тармақ алынып тасталсын;
5) көрсетілген қаулыға 4-қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және жарияланған күнінен бастап 30 күн өткен соң қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 26 тамыздағы
№ 1249 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 14 қарашадағы
№ 1389 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген кезде
преференциалдық режим қолданылатын тауарлардың тізбесі
СЭҚ ТН коды Тауардың қысқаша атауы
1 2
03 (0305-тен Балықтар мен шаян тәріздестер, моллюскалар және
басқа) басқа да омыртқасыз су жәндiктерi, албырт және
бекiре балықтардан басқа
05 Басқа жерде аты аталмаған, жануар тегiнен жасалған
өнiмдер
06 Жанды ағаштар мен басқа да өсiмдiктер; өсiмдiктердiң
пиязшықтары, тамырлары және өсiмдiктердiң басқа да
осындай бөлiктерi: кесiлген гүлдер мен әсемдiк
өсiмдiктерi
07 Көкөнiстер мен кейбір жеуге болатын тамырлы
(0701, 0703- жемiстер және түйнектi жемiстер
тен басқа)
08 Жеуге болатын жемiстер (жидектер) мен жаңғақтар;
цитрус немесе бақша дақылдарының қыртысы мен
қабықтары
09 Кофе, шай, мате (парагвай шайы) мен татымдылықтар
12 Майлы тұқымдар мен жемiстер; өзге де тұқымдар,
жемiстер мен дәндер; дәрiлiк өсiмдiктер мен
техникалық мақсаттарға арналған өсiмдiктер; сабан
мен жем
13 Тазартылмаған табиғи шелак; тұтқыр желiмдер;
шайырлар мен өзге де өсiмдiк шырындары және
сығындылары
14 Тоқыма бұйымдарын жасауға арналған өсiмдiк
материалдары; басқа жерде аталмаған, өсiмдiк
тегiнен жасалған өзге де өнiмдер
15 Жануар немесе өсiмдiк тегiнен жасалған тоңмайлар
(1509, 1517- мен майлар және олардан алынған өнiмдер; тағамдық
152200-ден дайын майлар; жануар немесе өсiмдiк тегiнен
басқа) жасалған балауыздар
16 Еттен, балықтан немесе шаян тәрiздестерден,
(1601 00, 1602,моллюскалардан немесе басқа да омыртқасыз су
1604 30-дан жәндiктерiнен жасалатын дайын тағамдар (бекiре
басқа) және албырт балығының уылдырығынан, бекiре және
албырт балықтарынан жасалған жеңсiк тағамдардан
басқа)
1801 00 000 Бүтiн немесе ұсақталған, шикi немесе қуырылған
какао-бұршақтар
1802 00 000 Какавелла (қауызы, қабығы немесе қабықшасы) және
какаоның өзге де қалдықтары
2103 Тұздық жасауға арналған өнімдер және дайын
тұздықтар; дәмдiк қосымшалар мен аралас
асқатықтар; қыша ұнтағы мен дайын қыша
2104 Дайын көжелер мен сорпалар және оларды әзiрлеуге
арналған дайындамалар; гомогендендiрiлген құрамдас
тағам өнiмдерi
2401 Темекi шикiзаты
25 (2501 00, Тұз; күкiрт; топырақ пен тас; сылақ материалдары; әк
2503 00, 2523, және цемент
252921000,
252922000-ден
басқа)
26 Кендер, шлак және күл
3003 3002, 3005 немесе 3006 тауарлық позициядағы
тауарларды қоспағанда, екi қоспадан немесе одан да
көп құраластан тұратын, емдеу немесе алдын алу
мақсаттарында пайдалануға арналған, бiрақ бөлшек
сауда үшiн дозаланған дәрiлiк нысандар түрiнде
өлшеп оралмаған немесе буып-түйілмеген дәрi-дәрмек
заттары (дәрiлер)
32 Илейтiн немесе бояғыш езiндiлер; танниндер мен
олардың туындылары; бояғыштар; пигменттер және
басқа бояғыш заттар; бояулар мен лактер;
тығындағыштар мен өзге де мастикалар; сиялар
3301, 3302 Эфир майлары мен резиноидтер; парфюмерлiк,
косметикалық және жуыну құралдары
3402 Сырттай қолданылатын белсендi органикалық заттар
(сабыннан басқасы); сырттай қолданылатын белсендi
заттар, жуу (қосалқы жуу құралдарын қоса алғанда)
және құрамында сабын бар немесе жоқ жуу
құралдары (3401 тауарлық позициядағы құралдардан
басқа)
35 Белокты заттар; түрлендiрiлген крахмалдар, желiм;
ферменттер
3923 Тауарларды тасымалдауға немесе салуға арналған
пластмассадан жасалған бұйымдар, ыдысты жабуға
арналған тығындар, қақпақтар, қалпақтар және басқа
да бұйымдар
4001 Табиғи қалпындағы немесе жайпақталған, табақшалар
немесе тіліктер (немесе таспалар) түрiндегi табиғи
каучук, балата, гуттаперча, гваюла, чикл және сол
сияқты табиғи шайырлар
4003 41 000, Тропикалық тұқымды ағаштардан алынған өзге
4403 49 өңделмеген ағаш материалдары
4407 24- Тропикалық тұқымды ағаштан жасалған көлденеңiнен
4407 29 немесе тiгiнен тілінген, сүргiленген немесе қабығы
аршылған, жонылған немесе жонылмаған, тегiстелген
немесе тегiстелмеген ағаш материалдары
4420 Ағаштан жасалған мозаикалық және бедерленген
бұйымдар; зергерлiк немесе пышақпен өңделген
немесе осындай бұйымдарға арналған қобдишалар
мен қораптар, ағаштан жасалған қуыршақ мүсiндер
мен өзге де ағаштан жасалған әсемдiк бұйымдар; 94-
топта көрсетiлмеген жиhаздың ағаш бұйымдары
4421 Өзге ағаш бұйымдары
45 Тығындар және сол тәрiздi бұйымдар
46 Сабаннан, альфадан және басқа материалдардан
жасалған, тоқуға арналған бұйымдар; себет
бұйымдары және тоқылған бұйымдар
50 Жiбек
53 Өзге де өсiмдiктен жасалған тоқыма талшығы;
қағаздан иiрiлген жіп және қағаздан иiрiлген жiптен
тоқылған маталар
56 Мақталық, киiз және тоқыма емес материалдар;
арнайы иiрiлген жiп; жiңiшке арқандар, баулар;
жiптер, өрiмдер және олардан жасалған бұйымдар
5808 Бөлек тоқылған тоқыма-зат, тоқымалық, машинамен
және қолмен тоқылған бұйымдардан басқа, кестесi
жоқ, бөлек әсемдеу материалдары; қыл шашақтар,
шөткiлер мен сол сияқты бұйымдар
Жасанды гүлдер, жапырақтар, жемiстер, көкөнiстер
6702 90 000 мен олардың бөлiктерi; жасанды гүлдерден,
жапырақтардан, жемiстерден немесе көкөнiстерден,
өзге де материалдардан жасалған бұйымдар
Керамикадан жасалған мүсiншелер мен өзге де сәндiк
6913 бұйымдар
Өзге де керамикалық бұйымдар
6914
Шыны моншақтар, маржан тәрiздi бұйымдар, асыл
7018 10 немесе жартылай асыл тастар және сол сияқты
шыныдан жасалған бұйымдар
7117 Бижутерия
9401 50 000 Қамыстан, шыбықтан, бамбуктен немесе сол сияқты
материалдардан отыруға арналып жасалған жиhаз
Қамысты, шыбықты, бамбуктi, сол сияқты
9403 80 000 материалдарды қоса алғанда, өзге де материалдардан
жасалған жиhаз
Өзге де материалдардан (ағаштан және металдан
9403 90 900 басқа) жасалған жиhаздың бөлiктерi
9601 Өңделген пiл сүйегі, тасбақаның сүйегi, тас қабығы,
мүйiз, бұғының мүйiздерi, коралдар, перламутрлар,
осы материалдардан ою және бұйым жасау үшiн
жануарлардан алынған материалдар (қалыпқа салу
жолымен алынған бұйымдарды қоса алғанда)
9602 00 000 Ою үшiн өсiмдiктен немесе минералдан өңделген
әсемдеу материалдары және солардан жасалған
бұйымдар; қалыпталған немесе балауыздан,
стеариннен, табиғи шайырлардан немесе табиғи
каучуктен немесе үлгілiк ұнтақтардан жасалған
бұйымдар және басқа жерде аты аталмаған өзге де
қалыпталған немесе ойып жасалған бұйымдар;
өңделген, қатпаған желатиннен (3503 тауарлық
позициядағы желатиннен басқа) және қатпаған
желатиннен жасалған бұйымдар
9603 Сыпырғыштар, шөткiлер (тетiктердiң, аспаптардың
немесе көлiк құралдарының бөлiктерi болып табылатын
шөткілердi қоса алғанда), едендердi тазартуға арналған
двигательсiз механикалық қол шөткiлер, және шаңды
қағуға арналып қауырсыннан жасалған сыпырғыштар;
сыпырғыштар мен шөткiлер жасауға арналған дайын будалар
мен байламдар; бояуға арналған сылақ жастықшалары мен
біліктер; сығатын резина құрылғылар (біліктiден
басқасы)
9604 00 000 Електер және қол елеуiштер
9606 Түймелер, түймешелер, iлмектер, түймелерге
арналған нысандар (каркастар) және осы бұйымдардың өзге
де бөлiктерi; түймелерге арналған дайындамалар
9609 Жай қарындаштар (9608 тауарлық позицияда
көрсетілгендерден басқа), түрлі түсті қарындаштар,
пастельдер, көмір қарындаштар, жазуға және сурет салуға
арналған борлар және тігіншілерге арналған борлар
9614 Шылым шегетін трубкалар (тостаған тәрізді бөлігін
қоса алғанда), сигарларға немесе сигареттерге
арналған мундштуктер мен олардың бөліктері
9615 11 000 Шашқа арналған тарақтар мен тарақшалар,
эбониттен немесе пластмассадан жасалған осындай заттар
9617 00 Термостар мен өзге де жиналған күйіндегі вакуумды
ыдыстар, олардың бөліктері, шыныдан жасалғандардан
басқа
97 Өнер туындылары, коллекциялау заттары мен антиквариат