Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің
мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13
тамыздағы № 1158 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.02.00 ж. № 245; 25.05.00 ж. № 793 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 15.02.01 ж. № 232 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы № 347 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің құрылымы бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1785 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 55, 503-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
1999 жылғы 13 тамыздағы
№ 1158 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетi
туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 15.02.00 ж. № 245 қаулысымен 1-тармақ өзгерді
1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң құзыретi шегiнде жер қойнауын геологиялық зерделеумен, қорғау, пайдалану саласында арнаулы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер қойнауын қорғау саласында ведомствоаралық үйлестірудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттiң аймақтық органдары мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармалары бар.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет Мемлекеттік мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кiредi.
Комитеттiң, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттiк берілсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттің құрылымы мен шектi штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 25.05.00 ж. № 793 қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
475000, Көкшетау қаласы, Қ. Сәтбаев көшесi, 1.
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен оның өз функцияларына жататын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға кiруге тыйым салынады.
Егер Комитетке заң актілерімен кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады.
2. Комитеттiң функциялары, негiзгi мiндеттерi және құқықтары
10. Комитеттiң негізгі мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, қорғау және пайдалану жөніндегі қатынастарды мемлекеттік реттеу;
2) жер қойнауын қорғауды тұрақты жақсартуды және оны теңгерiмдi пайдалануды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық ресурстарды ұтымды және кешендi және жер қойнауын қорғау бағдарламаларының негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
4) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын қорғау туралы заңдарды және жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртібін сақтауын бақылауды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 15.02.00 ж. № 245 қаулысымен 11-тармақ толықтырылды
11. Комитет заңдарда белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жер қойнауын ұтымды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізеді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) жер қойнауын пайдаланудың экономикалық тетiгiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;
2-1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге жер қойнауын пайдалану құқығын береді.
3) жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланудың мониторингін жүзеге асыру жөнiндегі жұмысты ұйымдастырады;
4) жер қойнауы туралы республикалық және аумақтық геологиялық ақпарат қорларының жұмыс iстеуiн ұйымдастырады және бақылайды;
5) жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы сандық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн тиiмдi пайдалануды ұйымдастырады;
6) республикалық және аумақтық геологиялық бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастырады және орындалу барысын бақылайды;
7) мемлекеттік қажеттiлiктер үшін жүргізiлетiн, оған ғылыми-зерттеу тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын қоса және геологиялық зерттеулер жүргiзуге мемлекеттік тапсырысшы функцияларын жүзеге асырады;
8) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, жер қойнауының мониторингi, жер қойнауын қорғау және басқа мақсаттарды жүзеге асыруға қажет мемлекеттік бюджет қаржысының көлемiн негіздейдi;
9) геологиялық, геофизикалық, геоэкологиялық, геохимиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық мазмұндағы мемлекеттік карталарды жасау, шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
10) пайдалы қазбалардың қорларына, пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерi туралы геологиялық және экономикалық ақпаратқа, жер қойнауын геологиялық зерделеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттамаларға мемлекеттік сараптама ұйымдастырады;
11) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын, кен орындары мен пайдалы қазбалар көрiнiстерiнiң, зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастрын жасауды және жүргiзудi ұйымдастырады, қорларды мемлекеттік балансқа қоюдың, сондай-ақ оларды есептен шығарудың тәртібін белгiлейдi;
12) жер қойнаулары туралы геологиялық ақпаратты алудың тәртібі мен шарттарын белгiлейдi;
13) пайдалы қазбалар кен орындарын ашуға байланысты мәселелердi қарайды;
14) өз қызметiнің аясында заңдарды қолданудың практикасын талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi, заң және өзге де нормативтiк актiлердің жобаларын дайындауға қатысады;
15) халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi, халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын дайындауға қатысады;
16) өзiне заңдарда жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 15.02.00 ж. № 245 қаулысымен 12-тармақ толықтырылды
12. Комитет негiзгі мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың орындауы мiндеттi нормативтi құқықтық актiлер қабылдауға;
1-1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге жер қойнауын пайдалану құқығы беріледі;
2) жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалану және қорғау ережелерінің бұзылуын жою жөнiнде шаралар қабылдауға;
3) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңдар талаптары мен жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртібін сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;
4) өз құзыретiне жататын әкiмшiлiктiк құқық бұзу iстерiн қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларын қолдануға;
5) мемлекеттік геологиялық сараптама жүргiзу үшiн сарапшыларды тартуға;
6) жергiлiктi атқарушы органнан және өзге ұйымдардан, сондай-ақ азаматтардан жер қойнауын пайдалануға қатысты құжаттар, мәлiметтер, қажеттi материалдар мен ақпараттарды сұратуға және алуға;
7) Қазақстан Республикасы мен басқа да елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргiзуге және келісімдер жасасуға;
8) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асыруға;
8-1) заңда және келісімшартта бекітілген жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізудің шарттарын бұзған жер қойнауын пайдаланушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
9) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлігі
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлiгi болады.
14. Комитетке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншікке жатады.
15. Комитеттің өзiне бекітілiп берiлген мүлiкті өздiгiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билiк ету құқығы берiлуі мүмкiн.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
16. Комитетті Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның оның ұсынуы бойынша Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асырылуына тiкелей жауап бередi.
18. Төраға мына мақсаттарда:
1) өзiнiң орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн белгілейдi;і
2) заңдарға сәйкес Комитет қызметіне қызметкерлер тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
4) Комитеттің бұйрығына қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi және оның аймақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
6) штаттық кестелердi және аймақтық органдарды ұстау сметаларын бекітедi;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті бiлдiредi;
8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстары пайдалану өзекті мәселелерiн қарау мақсатында кеңестік орган ретiнде ғылыми-техникалық алқа құрады. Алқа туралы ереже мен оның жеке құрамын Төраға бекітеді.
5. Комитетті қайта құру және тарату
20. Комитетті қайта құру және тарату Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 13 тамыздағы
№ 1158 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің
Құрылымы
Басшылық
Минералдық-шикізат базасын геологиялық зерделеу және дамыту мониторингі басқармасы
Жерасты сулары және қауіпті геологиялық процестері мониторингі басқармасы
Жер қойнауын қорғау басқармасы
Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы басқармасы Экономика және нормативтік әдістемемен қамтамасыз ету басқармасы