125-5-бап. Бiрыңғай жер салығы бойынша есептi кезең
Бiрыңғай жер салығы бойынша бюджетпен iс жүзiнде есеп айырысу жөніндегі есептi кезең салық жылы болып табылады.";
49) 126-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн көлiк құралдарына қажеттiлiк нормативтерi шегiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер көлiк құралдарына салық төлеушiлерге жатпайды. Қажеттiлiктiң белгiленген нормативтерiнен жоғары көлiк құралдары бойынша салық осы бөлiмге сәйкес төленедi.";
50) 128-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жеңiл автомобильдер:
қоса алғанда 1100*)-ге дейiн 4,0
1100-ден жоғары - 1500-дi қоса алғанда 6,0
1500-ден жоғары - 2000-ды қоса алғанда 7,0
2000-нан жоғары - 4000-ды қоса алғанда 22,0
4000-нан жоғары 117,0";
2-тармақтағы "1500-ден 2000 текше сантиметрге дейiн" деген сөздер "1500-ден жоғары - қоса алғанда 2000 текше сантиметрге" деген сөздермен, "2000 текше сантиметрден жоғары - 4000 текше сантиметрге дейiн" деген сөздер "2000-нан жоғары - қоса алғанда 4000 текше сантиметрге" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Көлiк құралын пайдалану мерзiмi техникалық паспортта (әуе кемесiн жазғы пайдалану жөніндегі басшылықта) көрсетiлген көлiк құралының шығу кезiнен бастап есептеледi.";
51) 129-баптың 4) және 9) тармақшаларындағы "бiр автокөлiк құралы" деген сөздердiң алдынан "меншiк құқығында бар" деген сөздермен толықтырылсын;
52) 131-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн мүлiкке қажеттiлiк нормативтерi шегiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер мүлiк салығын төлеушiлерге жатпайды. Қажеттiлiктiң белгiленген нормативтерiнен жоғары мүлiк бойынша салық осы бөлiмге сәйкес жалпы белгiленген тәртiппен төленедi.";
53) 132-баптың 1) тармақшасындағы "және жер салығы салынатын жер учаскелерiн" деген сөздер алып тасталсын;
54) 133-баптың 1-тармағында:
"заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейiн ", олардың филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
"аталған қорлардың" деген сөздер "амортизацияланатын активтерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
55) 134-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы "түзеу мекемелерi" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерінiң республикалық мемлекеттік кәсiпорындары" деген сөздермен толықтырылсын;
56) 135-баптың 1-тармағында:
"заңды" деген сөзден кейiн "тұлғалар" деген сөзбен толықтырылсын;
"Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын" деген сөздердiң алдынан "Заңды тұлға құрмай" деген сөздермен толықтырылсын;
57) 138-баптың 1-тармағындағы үшiншi және төртiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудiң негiзгi құралы болып табылатын немесе қызметi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн жердi пайдаланумен байланысты, сондай-ақ өздерi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiн ұқсатушы заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлейтiн тәртiппен патент негiзiнде салық төлей алады.
Патенттiң құнын есептеу кезiнде бюджетке төленуге тиiстi салық сомасы жер ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудiң негiзгi құралы болып табылатын немесе қызметi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн жердi пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар үшiн 80 процент кемiтiледi.".
58) 139-бапта:
1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық төлеушiлердi тiркеу және салықтық есептен шығару жүйесiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі айқындайды.";
4-тармақта:
"Басқа салық төлеушiлер" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын резидент емес-заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
"салық қызметiне" деген сөздер "аумақтық салық органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
59) 142-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы "тексеруге" деген сөзден кейiн "ол аяқталғанға дейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы тармақшаның ережесi, акцизделетiн өнiмдi сатушыларды қоспағанда, патент негiзінде тiркелген жиынтық салықты төлей отырып қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ Астана, Алматы қалаларындағы және 100 000 адамнан астам тұрғыны бар облыстық маңызы бар қалалардағы белгiленген стационарлық үй-жайларда бөлшек сауданы жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қолданылмайды.";
60) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жөнелтудi және (немесе) тауар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төлемдi жүзеге асыратын салық төлеушiлер салық қызметiнiң талабы бойынша жөнелтiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны және (немесе) атқарушыға төлеген сомасы туралы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген нысандар бойынша ақпарат беруге мiндеттi.";
61) 147-баптың 2) тармақшасында:
бiрiншi бөлiктегi "салық қызметi органдарының" деген сөздер "аумақтық салық органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық төлеушiнiң банктiк шоттарында теңге қаражаты болмаған жағдайда, салықтар, айыппұлдар мен өсiмақылар бойынша берешектердi өндiрiп алуды салық төлеушiнiң банктiк шоттарындағы шетел валютасы қаражаттарынан осы шоттарға аумақтық салық органдарының инкассалық тапсырмалары (өкiмдерi) негiзiнде төлем жасау күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасына белгiлеген теңге бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен және шарттарда жүргiзуге.";
62) 152-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Салық төлеушiден негiзделген жазбаша өтiнiш алғаннан кейiн аумақтық салық органының басшысы тиiстi қаржы органының басшысымен келiсе отырып, жергiлiктi бюджетке толық көлемде төлеуге жататын осы Заңда белгiленген салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн бiр салық жылынан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
Жергiлiктi атқарушы органның өтiнiмiн алғаннан кейiн салық төлеушiнiң тiркеу орны бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған, осы Заңмен белгiленген салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ бұл мерзiм бiр жылдан аспауға тиiс.
Салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Осы баптың 1-1-тармағында және осы Заңның 70-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, төлеу мерзiмiнiң ұзартылуы салық төлеушiнi салықты бюджетке уақтылы өткiзбегенi үшiн өсiм төлеуден босатпайды.
Салық төлеушiлерге заңды тұлғалардың төлем көзiнен ұсталған табыстарынан табыс салығын төлеу мерзiмiн ұзарту берiлмейдi.
Басқа адамға құқықтар ауысып берiлген жағдайда салықты және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзарту құқығы ауыспайды.
Салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзарту салық төлеушi оларды төлеу жөнiнде өздерiнiң мiндеттемелерiн қамтамасыз етуге кепiл берiлгеннен кейiн берiледi.
Салық органдары мен салық төлеушiлер арасындағы кепiл қатынастарына осы Заңмен реттелмеген бөлiкте кепiл туралы жалпы ереже қолданылады.";
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Акциялардың қосымша эмиссиясы туралы сот шешiмi күшiне енген күннен бастап қосымша эмиссияланатын акцияларды орналастыру аяқталғанға дейiн салық бойынша мерзiмi өткен берешек соманың бөлiгiне өсiмақы есептелмейдi.";
63) 154-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "салық төлеушiлердiң банктегi шоттарынан" деген сөздерден кейiн "(еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты қайта ресiмделген заңды және жеке тұлғалардың теңге депозиттерiн қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
64) 163-баптың 2, 6 және 6-1-тармақтарындағы "100" деген цифрлар "50" деген цифрлармен ауыстырылсын;
65) 171-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
11) Салық төлеушiлерден Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген нысандар бойынша электрондық құжаттар түрiнде ақпарат алуға.";
66) 179-бап мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
"8. Осы тармақ күшiне енгiзiлген кездегi жағдай бойынша есептелген және төленбеген мерзiмi өткен салық төлемдерi бойынша өсiмақыларды аумақтық салық органдары есептен шығаруға тиiс.
9. Осы Заңның 152-бабының ережелерiне қарамастан машина жасау, тоқыма, тiгiн, былғары-аяқ киiм, резинадан және пласмассадан жасалған бұйымдарды өндiру немесе химия өнеркәсiбi салаларындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың осы тармақ күшiне енгiзiлген кездегi жағдай бойынша пайда болған салықтарын және айыппұл санкцияларын (жергiлiктi бюджеттерге толық көлемде түсетiн салықтар мен акциздердi қоспағанда) төлеу мерзiмi, осындай қызметтен түсетiн табыстар өсiмақыны есептемей жиынтық жылдық табыстың көлемiнде кемiнде 51 проценттi құраған жағдайда, 2003 жылдың 1 қаңтарына дейiн ұзартылады. Осы тармақтың ережелерi акцизделетiн тауарларды өндiретiн және (немесе) сататын және (немесе) импорттайтын заңды тұлғаларға қолданылмайды.".
2. 1999 жылы 2 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында:
1) 7-баптың 1) тармақшасының а) тармақшасы:
"бағалы қағаздардың эмиссиясын тiркеу" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн беру" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы отыз екiншi азатжолмен толықтырылсын:
"заңды (мемлекеттік кәсiпорындарды, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және жеке тұлғалардың "Қазақстан" "Республика" "Ұлттық" деген сөздердi (түбiр сөз, сондай-ақ олардың кез келген туынды сөзi түрiнде) олардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшiн алым;";
2) 11-баптың 1) тармақшасының а) тармақшасы мынадай мазмұндағы он сегiзiншi азатжолмен толықтырылсын:
"бiрыңғай жер салығы;".
3. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1994 ж, № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; 1998 жылы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская Правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңды тұлғалар мәселелерi бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
38-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Заңды (мемлекеттік кәсiпорындарды, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және жеке тұлғалардың "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген сөздердi (түбiр сөз, сондай-ақ олардың кез келген туынды сөзi түрiнде) олардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшiн алым салық заңдарымен белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленедi.
4. Мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында, Қазақстан Республикасының заң актілерiнде, Президентi мен Үкіметі актілерінде белгiленген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми атауларына сiлтемелердi пайдалануға тыйым салынады.".
4. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында; (1998 жылы 19 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған 1999 жылы 2 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8 және 9-баптар алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшіне енгізіледі, бұған осы Заңның 1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енгізілетін 1-бабының 1-тармағының 45) және 46) тармақшалары мен осы Заңның 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілетін 1-бабының 1-тармағындағы 50) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші азатжолдары кірмейді.
Қазақстан Республикасының Президенті