Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір
заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 440-1 Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 43-құжат; № 12, 88-құжат; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180, 181-құжаттар; № 11-12, 257-құжат; № 15, 281-құжат; № 23-24, 416-құжат; 1997 ж., № 4, 51-құжат; № 7, 82-құжат; № 10, 112-құжат; № 11, 144-құжат; № 12, 184,188-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 20, 263-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 45-құжат; № 14, 197, 201-202-құжаттар; 1998 жылы 15 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығына толықтыру енгізу туралы" 1998 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылы 26 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылы 29 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының салық әкiмшiлiгiн жүргiзу мәселелерi бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылы 1 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылы 1 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Заңы
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы";
2) кiрiспе алып тасталсын;
3) бүкiл мәтiн бойынша "Жарлықтан", "Жарлықтың", "Жарлықта", "Жарлыққа", "Жарлықпен", "Жарлық" деген сөздер тиiсiнше "Заңнан" "Заңның", "Заңда", "Заңға", "Заңмен", "Заң" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Осы Заңда көзделген, есептелген және төленбеген айыппұлдар мен өсiмақыларды төлеуден босату немесе олардың сомасын азайту осы Заңға толықтырулар енгізу тәртібімен жүргiзiлуi мүмкiн. Есептелген және төленбеген айыппұлдар мен өсiмақыларды, оның iшiнде жеке сипаттағыларын төлеуден босатуды немесе олардың сомасын азайтуды басқа актiлермен беруге тыйым салынады.";
5) 3-бапта:
баптың атауы "алымдар және" деген сөздерден кейiн "басқа да" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
"алымдар және" деген сөздерден кейiн "басқа да" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша "эмиссиясын тiркегенi" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) бiрыңғай жер салығы;";
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
"16-1) заңды (мемлекеттік кәсiпорындарды, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және жеке тұлғалардың "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген сөздердi (түбiр сөз, сондай-ақ олардың кез келген туынды сөзi түрiнде) өздерiнiң фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшiн алым;";
17) тармақша "жеке тұлғалардың" деген сөздерден кейiн "ставкасы есептеу базасының 1 процентiнен жоғары белгiленбейтiн" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ "11)-15)" деген цифрлардан кейiн ",16-1)" деген цифрлармен толықтырылсын.
6) 5-бапта:
20) тармақша "кредиттер," деген сөздерден кейiн "лизингке (қаржылық жалға) алынған мүлiк," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 45) - 48) тармақшалармен толықтырылсын:
"45) "күмәнді міндеттемелер" - сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша туындаған және туындаған кезден бастап екi жыл iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер;
46) "сатып алу бағасы" - салық салу мақсатында өзiне тауарлардың сатып алу құнын, сондай-ақ тауар (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) берушiлер қосымша құн салығының сомасын көрсете отырып, салық шотын-фактурасын қойған және қосымша құн салығының сомасы осы Заңға сәйкес есепке алынған, оларды сатып алу мен сатуға байланысты шығыстар құнын қамтиды;
47) "электрондық құжат" - белгiленген электрондық форматта жасалған және берiлген, электрондық санмен қолтаңба түсiру арқылы шартбелгi салынып, расталған және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігінде iске қосылып, түпнұсқаландырудан өткеннен кейiн бастапқы құжат күшi бар құжат;
48) "электрондық қолтаңба" - электрондық құжаттардың түпнұсқалылығын, тұтастығын және авторлығын қамтамасыз ететiн арнайы криптографиялық құрал.".
7) 6-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
"6. Табыс салығын төлеушілерге өзi өндiрген тауарларды өткізуден түсетiн кiрiстер бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жатпайды.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі заңды тұлғаның арызы бойынша оның бөлiмшелерiн дербес салық төлеушiлер ретiнде қарай алады.";
8) 11-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) күмәндi мiндеттемелер бойынша кiрiстер;";
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) осы Заңның 138-1-бабына сәйкес бағаларды түзетуден түсетiн кiрiстер.";
9) 13-баптың 3) тармақшасындағы "бағалы қағаздарды" деген сөздер "акцияларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Заңды және жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан, осы Заңға сәйкес шегеруге жатпайтын шығыстарынан басқа, оны алуға байланысты барлық шығыстары шегерiледi.
Осы Заңмен нормалар шегiнде шығыстарды шегеруге жатқызу жағдайлары белгiленуi мүмкiн.
Шегеру кәсiпкерлiк қызметтен табыс алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады.";
11) 20-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 8-жолмен толықтырылсын:
"8. Коммуникация жабдықтары:
коммутация мен деректер берудiң цифрлы
электронды жабдығы, берудiң цифрлы
жүйелерiнiң жабдығы, байланыстың
цифрлы өлшеу техникасы 25
жер серiгi, ұялы байланыс, радиотелефон,
пейджинг және транкинг байланысы жабдығы 15
байланыс желісі, коммутация мен беру
жүйелерiнiң жабдығы 10";
7-тармағының екiншi бөлiгіндегі "Инфляция деңгейiнен" деген сөздердiң алдынан "Құрылысы Қазақстан Республикасының үкiметтiк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген шетел валютасындағы заем қаражаттарымен жүзеге асырылған үй-жайдың құнын осы заем қаражаттарын қайтару кезiнде туындайтын терiс бағамдық айырмашылық сомасына қайта бағалау сомаларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
12) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және өндiруге дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстар
1. Бағалау, жайластыру жөніндегі шығыстарды, жалпы әкiмшiлiк шығыстарын және жазылу жүргiзiлетiн бонус пен коммерциялық табу бонусын төлеуге байланысты шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға және өндiруге дайындық жұмыстарына жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар жеке топ құрайды және жер қойнауын пайдаланушының қалауынша белгiленген нормалар бойынша пайдалы қазбаларды өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрiнде жиынтық жылдық табыстан шегерiледi, бiрақ олар осы Заңның 20-бабының 3-тармағында белгiленген 2-топтың негiзгi құрал-жабдықтары амортизациясының шектi нормаларынан аспауы тиiс.
Осы шығыстар, пайдалы қазбаларды сату кезiнде алынған табыстарды (тәжiрибе-өнеркәсiптiк мақсаттарда өндiрiлгендерiнен басқасын) жылдық жиынтық табыстардан осы Заңның 13-бабына сәйкес алып тастауға жататын табыстарды және осы Заңның 34-бабына сәйкес салық салудан босатылған табыстарды қоспағанда, табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және өндiруге дайындық жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде жасалған келісім-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған табыстар сомасына оларды азайту арқылы түзетілуге тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп табиғи ресурстарды геологиялық зерделеу, әзiрлеу немесе пайдалану құқығын алуға байланысты салық төлеушiнiң материалдық емес активтерге жатқызылған шығыстарына да, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы бюджетке iс жүзiнде төлеген келісім-шарттық аумақтарда мемлекет жұмсаған тарихи шығындарды өтеу сомасына да қолданылады.";
13) 27-баптағы "бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 34-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы "Қызыл Крест қоғамы," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының "Чернобыль" Одағы" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
", сондай-ақ жергілiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздары бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
"проценттер" деген сөзден кейiн "; зейнетақы активтерiн мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан алынған инвестициялық табыс есебiнен қалыптасқан жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi" деген сөздермен толықтырылсын;
15) 37-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Есептелген салық сомасы жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерiмдер туралы декларацияда көрсетiледi.";
16) 52-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Резидент емес-заңды тұлғаның тұрақты мекемесi жиынтық жылдық табыс пен есептi кезеңде жасалған шегерiмдер туралы декларация ұсынылған күннен бастап 10 күн iшiнде, бiрақ есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей, осы тұрақты мекеменiң таза табысына салық төлейдi.";
17) 55-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Өзi өндiретiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату жөніндегі айналым бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер қосылған құнға салынатын салық төлеушiлерге жатпайды. Өзi өндiрмейтiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату жөніндегі айналым бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер қосылған құн салығын төлеудi осы бөлiмге сәйкес жалпыға белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.";
18) 57-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi сөйлеміндегі "жағдайда" деген сөзден кейiн "өткізу жөнiндегі айналым үшiн пайдаланылған осы Заңның 64-бабында аталған тауарлардан (жұмыстардан, көрсетiлетiн қызметтерден) басқасына" деген сөздермен толықтырылсын;
19) 58-бапта:
1-тармақтағы "және өндiрiстiк қызмет үшiн толығымен есептi кезең iшiнде, ал маусымдық сипаттағы өндiрiстiк қызмет үшiн толығымен салықтық жыл iшiнде нақты қалыптасқан шығындардан төмен болмауы" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтағы ", сондай-ақ нормативтерден тыс ысырап болған кезде табиғи монополияшылар үшiн" және "және нормативтерден тыс ысыраптардың" деген сөздер алып тасталсын;
6-1-тармақтағы:
"және өндiрiстiк қызмет үшiн нақты қалыптасқан шығыннан" және "мен өндiрiстiк қызмет үшiн нақты туындаған шығындардың" деген сөздер алып тасталсын;
"20 проценттiк ставка бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағында осындай тауарларды өткізу кезiнде осы Заңның 66-бабында белгiленген ставка бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Жылуды, электр энергиясын, суды және газды өндiру, тарату және тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулер бойынша салық салынатын айналым өзiне ақысы төленген сату жөніндегі айналымды, сондай-ақ сатқан кезден бастап 60 күн өткен айналымды қамтиды.
Машина жасау, химия өнеркәсiбiнiң және резина мен пластмасса бұйымдары өндiрiсiнiң өнiмдерiн өндiру мен сату жөніндегі салық салынатын айналым өзiне ақысы төленген сату жөніндегі айналымды, сондай-ақ сатқан кезден бастап 90 күн өткен айналымды қамтиды.";
20) 60-бапта:
1-тармақтағы: "баждардың, салықтардың" және ", осы Жарлыққа сәйкес бұл тауарлар бойынша төленуi тиiс қосылған құнға салынатын салықтан басқасы," деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
21) 61-баптың 1-тармағында:
2) тармақшадағы "инкассацияларды" деген сөз алып тасталсын;
18) тармақша "мекемелерi" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнiң республикалық мемлекеттік кәсiпорындары" деген сөздермен толықтырылсын;
19) және 20) тармақшалардағы "ұйымдар" деген сөз "заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) мынадай мазмұндағы 64-баппен толықтырылсын:
"64-бап. Тоқыма, тiгiн, былғары-аяқ киiм өнеркәсiбi салалары өнiмдерiне салық салу
Қазақстан Республикасы аумағында тоқыма, тiгiн, былғары-аяқ киiм өнеркәсiбi салаларының өздерi өндiрген өнiмдерiн Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң өткізуiне нөлдiк ставкамен салық салынады.";
23) 66-баптың 2-тармағындағы "62, 63 және 65" деген цифрлар "62-65" деген цифрлармен ауыстырылсын;
24) 67-баптағы "1 және 2" деген цифрлар "1, 2 және 4" деген цифрлармен ауыстырылсын;
25) 73-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Осы Заңға сәйкес есепке алуға жатқызылмайтын қосылған құн салығы салық төлеушiлер шығындарының (амортизация сомалары арқылы ғимараттар, құрылыстар, жеңiл машиналар бойынша) құрамына кiргiзiледі.";
26) 75-баптың 4-тармағы "иесiз" деген сөздiң алдынан "мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен" деген сөздермен толықтырылсын;
27) 77-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген акцизделетiн тауарларға осы Заңның 76-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған акциз ставкасы оның құрамында таза (жүз проценттiк) спирттiң болу мөлшерiне байланысты белгiленуi мүмкiн.";
28) 80-баптың 1-тармағындағы "үш" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
29) Y бөлiмнің тақырыбы "және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн беру" деген сөздермен толықтырылсын;
30) 19-тараудың тақырыбы "салық" деген сөзден кейiн "және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн беру" деген сөздермен толықтырылсын;
31) 87-бап "эмиссиясын тiркегенi" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi" деген сөздермен толықтырылсын;
32) 88-баптағы "бастапқы және қосымша эмиссия кезіндегі" деген сөздер "бiр эмиссиясының (бастапқы немесе кейiнгi, оның iшiнде сот шешiмi бойынша акциялардың қосымша эмиссиясының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 20-тараудың атауы "эмиссиясын тiркегенi" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi" деген сөздермен толықтырылсын;
34) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалы қағаздардың эмиссиясын тiркегенi және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi үшiн алынатын алым бағалы қағаздардың бiр эмиссиясының жалпы номиналды құнымен:
бағалы қағаздардың бастапқы эмиссиясын тiркеген кезде 0,1 процент мөлшерiнде;
бағалы қағаздардың келесi эмиссиясын тiркеген кезде (оның iшiнде сот шешiмi бойынша акциялардың қосымша эмиссиясын) 0,5 процент мөлшерiнде;
мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн берген кезiнде 0,1 процент мөлшерiнде төленедi.";
35) 92-бапта:
1-тармақ "тiркеген" деген сөзден кейiн "және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн берген" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеуден және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн беруден бас тартқан жағдайда, төленген алым қайтаруға жатпайды және бағалы қағаздар эмиссиясын келесi тiркеу кезiнде немесе мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн келесi беру кезiнде ескеріледi.";
3-тармақ "эмиссиясын тiркегенi" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi" деген сөздермен толықтырылсын;
36) 93-бап "комиссиясын тiркегенi" деген сөздерден кейiні"және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi" деген сөздермен толықтырылсын;
37) 94-баптың 5-тармағының екiншi бөлiгi "Көп таралған пайдалы қазбаларды" деген сөздерден кейiн "және (немесе) жер асты суларын" деген сөздермен толықтырылсын;
38) 96-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жер қойнауын пайдаланушылар жазылу жүргiзiлетiн бонус бойынша декларацияны есептi айдан кейiнгi айдың оны күнiне дейiн тiркеу орны бойынша аумақтық салық органдарына ұсынады.";
39) 97-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусы бойынша декларацияны коммерциялық табу жасалған жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiне дейiн тiркеу орны бойынша аумақтық салық органдарына ұсынады.";
40) 101-баптың 3-тармағындағы және 104-баптың 2-тармағындағы "есеп айырысуды" және "есептердi" деген сөздер декларацияны" деген сөзбен ауыстырылсын;
41) 104-7-баптың 3-тармағында:
"Заңды тұлғалар" деген сөздер "Салық төлеушiлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) табыс салығы салынған жалақы аударымдарынан қалыптасқан кәсiподақ бюджетiнiң қаражаттарынан кәсiподақ мүшелерiне арналған материалдық көмекке."
42) 104-9-бапта:
1-тармақ "Қазақстан Республикасы азаматтарының" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Шаруа (фермер) қожалықтарынан басқа, заңды тұлғалар құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар әрбiр қызметкердiң айлық есептiк көрсеткiшiнiң 49 процентi, сондай-ақ осы Заңға сәйкес шегерiс жасауға жатпайтын шығындардан басқа, табысты алумен байланысты шығындарды алып тастағандағы айлық табыстың қосымша 5 процентi немесе патент құнын белгiлеу кезiнде (патент негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар үшiн) мәлімденген табысқа салық салу ұйғарылатын айлық табыс мөлшерінде әлеуметтiк салық төлейдi.
Шаруа (фермер) қожалықтары шаруа (фермер) қожалықтарының әрбiр қызметкерi, басшысы және шаруа (фермер) қожалықтарының әрбiр мүшесi үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 35 процентi мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.
6. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында еңбек етуге рұқсат бойынша уақытша жүрген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiне ақы төлеу бөлiгiнде әлеуметтiк салықты:
әрбiр шетелдiк маман үшiн - 5 айлық есептiк көрсеткiш;
әрбiр шетелдiк жұмысшы үшiн - 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төлейдi.";
43) 104-10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның филиалдары, өкілдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi декларацияны оның орналасқан орны бойынша аумақтық салық органына ұсынуы және салық төлеуді дербес жүзеге асыруы мүмкiн.";
44) 106-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Бiрыңғай жер салығын төлеушiлердi қоспағанда, меншiгiнде, тұрақты пайдалануында немесе бастапқы өтеусiз уақытша пайдалануында жер учаскесi бар заңды тұлғалар (оның iшiнде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және жеке тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады."
45) 108-баптың 4-тармағында:
"0,12 гектарға дейiнгi" деген сөздер "0,50 гектарға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"0,12 гектардан 0,25 гектарға дейiнгi" деген сөздер "0,50 гектардан асатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"0,25 гектардан асатын жер алаңына - 0,01 гектар үшiн 400 теңге" деген сөздер алып тасталсын;
46) 112-бапта:
1-тармақтағы "Павлодар 3,00 0,3" деген жол бойынша, "3,00" деген цифрлар "5,00" деген цифрлармен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"0,12 гектарға дейiнгi" деген сөздер "0,50 гектарға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"0,12-ден 0,25 гектарға дейiнгi" деген сөздер "0,50 гектардан асатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"0,25 гектардан асатын жер алаңына - 0,01 гектар үшін 400 теңге" деген сөздер алып тасталсын;
47) 123-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы түзеу мекемелерi деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерiнiң республикалық мемлекеттік кәсiпорындары" деген сөздермен толықтырылсын;
48) мынадай мазмұндағы YII-I бөлiммен толықтырылсын:
"YII-I Бөлім. Бірыңғай жер салығы
33-1-тарау. Бiрыңғай жер салығы бойынша жалпы ережелер
125-1-бап. Салық төлеушiлер
Жеке меншiгiнде немесе жер пайдалану құқығында жер учаскелерi бар шаруа (фермер) қожалықтары бiрыңғай жер салығын төлеушiлер болып табылады.
125-2-бап. Салық салынатын объектi
Жеке меншiгіндегі немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен айқындалатын жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiнiң бағалау құны салық салынатын объектi болып табылады.
33-2-тарау. Салық төлеу
125-3-бап. Салық ставкасы
Бiрыңғай жер салығы осы Заңның 125-4-бабында көзделген тәртiппен және шарттарда жеке меншiгіндегі немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiн бағалау құнының 0,1 процент ставкасы бойынша жыл сайын төленедi.
125-4-бап. Салықты есептеу және төлеу тәртібі
1. Салық төлеушiлер бiрыңғай жер салығын инфляция мен салық ставкасына орай түзетудi ескере отырып, жеке меншiгіндегі немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінiң бағалау құнын негiзге алып есептейдi.
2. Есептi жылға арналған салық аумақтық салық органдарының келісімi бойынша төлемдердi бөле отырып, екi мерзiмде:
есептi жылға арналған ұйғарылып отырған салық төлеудiң кемiнде 1/2 бөлiгi - 1 қазанға дейiн;
салықтың жалпы сомасының қалған бөлiгi - есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 наурызына дейiн төленедi.
Салық төлеушiлер есептi кезең аяқталғанға дейiн бiрыңғай жер салығының барлық сомасын алдын ала төлеуге құқылы.
3. Шаруа (фермер) қожалығының қызметi тоқтатылған жағдайда төленген бiрыңғай жер салығы қайтаруға немесе қайта есептеуге жатпайды.
4. Салық төлеушiлер бiрыңғай жер салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлеген нысан бойынша есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей ұсынады.