Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N
882 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 30 маусымдағы № 908 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 20 мамырдағы № 565 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "Шаруашылық серiктестерiнде мемлекеттiң атынан акциялардың мемлекеттік пакеттерiне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 882 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсін:
1-тармақта:
1) 1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"қоғамның директорлар кеңесiн сайлау, оның сандық құрамын айқындау және оның мүшелерінің өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату;";
2) мынадай мазмұндағы 1- 1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) заңдардың талаптарын ескере отырып акционерлік қоғамдардың бiрінші басшыларын (басқармаларының төрағаларын) сайлау және олардың өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату мәселелерiн Комитетпен келiсудi қамтамасыз етсiн;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі