Шетелдік кредиторлардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу
жөнiндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 1 шілдедегі № 913 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.10.99 ж. № 1548; 28.12.99 ж. № 2005
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шаруашылық жүргізушi субъектiлерiнiң шетелдiк кредиторлардың алдындағы берешектерi проблемасын шешу жөніндегі ұсыныстарды пысықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 12.10.99 ж. № 1548 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді.
ҚР Үкіметінің 28.12.99 ж. № 2005 қаулысымен 1,2,3,4-тармақтардың күші жойылды
5. Қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың штат санының лимитiн қысқартудың есебiнен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі штат санының лимитi 10 адамға көбейтiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі:
бiр апта мерзiмде Министрлiктiң құрылымында штат саны 10 адам қазақстандық кәсiпорындардың (ұйымдардың) шетелдiк кредиторлардың алдындағы берешектерi проблемаларын қарау жөнiнде бөлiмше құрсын;
бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрi О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 1 шілдедегі
№ 913 қаулысына қосымша
Штат санының лимиті қысқаратын және
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне
берілетін мемлекеттік органдардың
Тізбесі
Мемлекеттік органдардың атауы | Қысқаратын саны |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі | 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 |
Барлығы: | 10 |