Қазақстан Республикасының кеден органдарын материалдық-техникалық
қамтамасыз етудің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 849 Қаулысы
(2003.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен кіріспе өзгертілді
Республиканың кеден органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттің меншігіне қаратылған тауарларды, көлік құралдарын және өзге де заттарды сатудан түсетін қаражат, оларды «Жібек жолы» өткізу пунктінің құрылысына және кеден органдарының басқа да объектілерін материалдық-техникалық дамытуға пайдалану үшін, кейін оларды заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң шотына мақсатты бағыттау арқылы республикалық бюджетке есептеледі деп белгілесін.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi белгіленген тәртіппен он күндік мерзімде, сатуға жатпайтын не сатылмаған тауарлар, көлік құралдары және өзге де заттар кейін оларды «Жібек жолы» өткізу пунктінің құрылысы кезінде және кеден органдарының басқа да объектілерін материалдық-техникалық дамытуға мақсатты пайдалану үшін Қазақстан Республикасының кеден органдары берілетіндігін көздеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттің меншігіне қаратылған және сатуға жатпайтын тауарлардың, көлік құралдарының және өзге де заттардың тізбесі туралы» қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |