Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1620 қаулысына
№ 46 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бас салық инспекциясының салық полициясы басқармасы
қызметкерлерiнiң
Лауазымдық жалақылары
Лауазымы | Айлық лауазымдық жалақысы (теңгемен) |
Салық полициясының басқарма бастығы - Бас салық инспекциясы бастығының орынбасары 5800 Салық полициясы басқармасы бастығының орынбасары, штаб бастығы 4700 Бөлiм бастығы 4500 Бөлiм бастығының орынбасары 4300 Айрықша маңызды iстер жөніндегі аға инспектор, бас маман, бас тексерушi, бөлiмше бастығы 4100 Аға: тексерушi, сарапшы, инспектор, нұсқаушы, қызметкер 3800 Инспектор, тексерушi, нұсқаушы, қызметкер 3000 |
Ескерту. Осы қосымша 1996 жылдың 1 қазанына дейiн күшiнде болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1620 қаулысына
№ 46 а-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетiнiң
салық полициясы бас басқармасы қызметкерлерiнiң
Лауазымдық жалақылары
Лауазымы | Айлық лауазымдық жалақысы (теңгемен) |
Салық полициясы бас басқарма бастығының бірiншi орынбасары 5700 Бөлiм бастығының орынбасары 4300 Бөлiмше бастығы, айрықша маңызды iстер жөніндегі аға инспектор, бас маман, бас тексерушi 4100 Аға: тексерушi, сарапшы, инспектор, нұсқаушы, қызметкер 3800 Инспектор, тексерушi, нұсқаушы, қызметкер 3000 |
Ескерту. Осы қосымша 1996 жылдың 1 қазанынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1620 қаулысына
№ 47 қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетiнiң
облыстар мен Алматы қаласы бойынша салық полициясы
қызметкерлерiнiң
Лауазымдық жалақылары
Лауазымы | Айлық лауазымдық жалақысы (теңгемен) |
Салық полициясының бастығы 4700 Салық полициясы бастығының орынбасары, штаб бастығы 4300 Бөлiм бастығы 3600 Бөлiм бастығының орынбасары 3200 Бөлiмше бастығы 3000 Айрықша маңызды iстер жөніндегі аға инспектор, бас маман, 3000 Аға: инспектор, тексерушi, нұсқаушы қызметкер 2800 Инспектор, тексерушi, нұсқаушы, қызметкер 2500 |
Ескерту. Көрсетiлген лауазымдық жалақылар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң салық қызметi салық полициясының қызметкерлерiне қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1620 қаулысына
№ 48 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік салық комитетi
салық полициясының ауданаралық салық тергеу бөлiмдерi
қызметкерлерiнiң
Лауазымдық жалақылары
Лауазымы | Айлық лауазымдық жалақысы (теңгемен) |
Ауданаралық салық тергеу бөлiмiнiң бастығы 3000 Ауданаралық салық тергеу бөлiмi бастығының орынбасары 2800 Аға: инспектор, тексерушi, нұсқаушы, қызметкер 2200 Инспектор, тексерушi, нұсқаушы, қызметкер 2100 |
Ескерту. Көрсетiлген лауазымдық жалақылар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң салық қызметi салық полициясының қызметкерлерiне қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1620 қаулысына
№ 49 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік салық комитетi
салық полициясы органдарының қатардағы және кiшi басшы
құрамдағы адамдарының
Лауазымдық жалақылары
Лауазымы | Айлық лауазымдық жалақысы (теңгемен) |
Кiшi: арнайы топтың инспекторы, жедел байланыс инспекторы, кезекшiнiң көмекшiсi 2100 Қатардағы: арнайы және ерекше мақсатты жасақ, бөгеушi топ 2000 Қару шеберi 1800 Жүргiзушi-қызметкер 1950 |
Ескерту. Көрсетiлген лауазымдық жалақылар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі салық қызметi салық полициясының қызметкерлерiне қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1620 қаулысына
№ 50 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. "Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысын жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылдың 16 наурызындағы № 275 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, № 14, 133-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы туралы ережесіндегі 16-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iшкi iстер органдарының мәселелерi жөніндегі кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 433 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1995 ж, № 12, 143-құжат) 1-тармағының екiншi және үшiншi абзацтары алынып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң салық қызметiнiң салық полициясында қызмет өткеру туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 16 сәуірдегі № 459 қаулысымен (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 16, 136-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінiң салық қызметiнiң салық полициясында қызмет өткеру туралы Ережесіндегі:
VII бөлiмнiң 39-тармағында:
сегiзiншi абзац;
тоғызыншы абзацтағы "арнаулы атағын ескере отырып" деген сөздер алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1620 қаулысына
№ 51 қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметінiң күшiн
жойған кейбір шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жеке адам құрамының ақшалай қамтамасыз етiлуiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 3 шiлдедегi № 581 қаулысының 10-тармағынан басқасы.
2. "Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 17 наурыздағы № 684 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 шiлдедегi № 597 қаулысы.
3. "Әскери қызметшiлер мен Қазақстан Республикасының аумағында әскери қызметтен босатылған адамдарды әлеуметтiк қорғау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 16 наурыздағы № 674 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 2 қыркүйектегi № 726 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 35, 525 бап).
4. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының зейнеткерлерi үшiн белгiленген зейнетақы мөлшерiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 27 қазандағы № 901 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 41, 611-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары жеке құрамының ақшалай табысын (айлық ақысын) арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 27 желтоқсандағы № 1088 қаулысы.
6. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары жеке құрамының ақшалай табысын (айлық ақысын) арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 шiлдедегi № 622 қаулысының 6-тармағы мен 7-тармағының бесiншi абзацынан басқасы.
7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жеке құрамының ақшалай үлесiн (айлық ақысын) арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 шiлдедегi № 649 қаулысының 1, 3, 4-тармақтардан басқасы.
8. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай табысы (еңбек ақысы) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 18 мамырдағы № 530 қаулысы.
9. "Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі салық қызметi салық милициясы қызметкерлерiнiң еңбек ақы жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 желтоқсандағы № 1342 қаулысы.
10. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай табысы (еңбек ақысы) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 желтоқсандағы № 1364 қаулысы
11. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарға ақшалай төлем жасау туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 наурыздағы № 239 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарға ақшалай төлем жасау туралы Ережесiнiң 89-108, 113-116-тармақтары.
12. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жеке құрамының ақшалай үлесi (еңбек ақысы) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 мамырдағы № 733 қаулысы.
13. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай табысы (еңбек ақысы) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 15 маусымдағы № 829 қаулысы.
14. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын өсiру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 11 шiлдедегi № 945 қаулысы.
15. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларының мөлшерiн көбейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 6 қазандағы № 1308 қаулысы.