Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы банкінің мәселелерi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 қаңтардағы N
56 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы банкi (бұдан былай - Тұрғынқұрылысбанк) тұрғын үй саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік банк, өзiнiң есеп айырысу шоты және мөрi бар дербес заңды тұлға болып табылады.
2. М.О.Сағындықова Қазақстан Республикасы Тұрғынқұрылысбанкi Басқармасының Төрағасы - президентi болып тағайындалсын.
3. Тұрғынқұрылысбанкi басқармасының жарғысы мен құрамы № 1 және № 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсiн.
4. Тұрғынқұрылысбанкi жүйесіндегі лауазымдық жалақылар республикалық акционерлік банктердiң еңбекақысы ставкаларының деңгейiнде белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан Республикасы Тұрғынқұрылысбанкінің жарғылық қорын қалыптастыруға Президенттiң "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығында осы мақсатқа көзделген қаражаттан тыс 10 млн. теңге бөлу туралы ұсынысы қабылдансын.
6.
6-тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.06.12. № 813 қаулысымен.
7. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі Тұрғынқұрылысбанкiн қажеттi телефон байланысымен және автоматты халықаралық телефакс байланысымен қамтамасыз етсiн, көрсеткен қызметi үшiн өтемдi теңгемен алатын болсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 11 қаңтардағы
№ 56 қаулысына
№ 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тұрғын үй
құрылысы Банкінің (Тұрғынқұрылысбанк)
Жарғысы
I. Жалпы ережелер
Осы Жарғы "Қазақстан Республикасындағы банктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк актілерінiң негiзiнде әзiрлендi.
1. Тұрғын үй құрылысы банкi (Тұрғынқұрылысбанкi), бұдан әрi "Банк" делiнедi, Мемлекеттік даму банкi болып табылады және Қазақстан Республикасының бiртұтас банк жүйесiне кiредi.
Банк құрудың мақсаты тұрғын үй саласын және оны қаржыландыру мен оған кредит берудiң бiртұтас жүйесiн дамыту болып табылады.
Банк халықтың қалың тобына тұрғын үй салу, жаңарту, жөндеу немесе сатып алу үшiн ұзақ мерзiмдi кредитке кең жол ашады, коммерциялық және басқа құрылыс салушыларға кредит берудi жүзеге асырады.
Банк тұрғын үй шараларына ипотекалық кредит берiлуiн, сондай-ақ несие-жинақ кассалары жүйесi арқылы индекстелген кредит берудi ұйымдастырады.
Жеңiлдiктi процент ставкалары бойынша ипотекалық кредит беруге, халықтың қаражатын индекстелетiн несие-жинақ шоттарына тартуға мемлекет тарапынан кепiлдiк жасалады.
2. Банктiң құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi болып табылады.
3. Банк өзiнiң алдағы қызметiне Президенттiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығын, "Қазақстан Республикасындағы банктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген басқа да заңдарын, халықаралық нормаларды, Ұлттық банктiң нормативтiк актілерін және осы Жарғыны басшылыққа алады.
4. Банк заңды тұлға болып табылады, толық шаруашылық есеп принциптерiнде қызмет атқарады, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясын алғаннан кейiн банк операцияларын жүргiзе бастайды.
Банктiң ашылғаны туралы хабар баспасөзде жарияланады.
Банк операцияларды ақылы негiзде жүзеге асырады, иелiгiнде оқшау мүлкi болады, өзiнiң атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды сатып ала алады, сотта, төрелiк немесе аралық сотта өзiне жауапкершiлiк алады, қуынушы әрi жауапкер болады.
5. Алдына қойылған мiндеттердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ одан сырт жерлерде Ұлттық банктiң рұқсатымен өзiнiң филиалдарын және еншiлес банктерiн құрады, сондай-ақ кейiннен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiн хабардар ете отырып өзiнiң өкiлдiктерiн ашады.
Банктiң филиалдары заңды тұлға бола алмайды және олардың дербес балансы болмайды, олар жасайтын шаруашылық қызметтiң жеке баланстары Банктiң жиынтық балансына кiргiзiледi.
Филиалдар қызметiн өздерiне Банк табыстаған құқықтардың шегiнде әрi Банк Басқармасы бекiткен осы мекемелер туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, өздерiнiң жоғары тұрған органдарына ғана есеп бередi.
Банктiң шет елдерде ашылған филиалдарының қызметiн олар барып отырған елдiң Орталық банкi осы елде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес реттейдi.
6. Банктiң банк мекемелерiнiң, банк одақтары мен қауымдастықтарының құрылтайшысы немесе қатысушысы бола алады, сондай-ақ ол ақшалай және кредит түріндегі тәуекелдi сақтандыруға қатыса алады.
7. Банк өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң иелiгіндегі барлық мүлкiмен жауап бередi.
Банк өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлардан басқа уақытта мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
8. Банк өзiнiң клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары, шоттары мен салымдары бойынша құпияны сақтауға кепiлдiк бередi.
Банктiң барлық қызметкерлерi Банктiң, оның клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары, шоттары мен салымдары бойынша құпияны сақтауға мiндеттi.
Банк клиенттерiнiң операциялары мен шоттары бойынша анықтамалар шоттардың иелерi немесе олардың заңды өкiлдерiнен басқа соттарға, төрелiк соттарға, жауап алу, тергеу және прокуратура органдарына, аудиторлық ұйымдарға, сондай-ақ салық салу мәселелерi бойынша салық органдарына ғана заңда белгiленген тәртiппен берiледi.
Клиенттердiң Банктiң қолындағы ақша қаражаты мен басқа да мүлкiне қолданылып жүрген заңдарда көзделген негiзде және тәртiп бойынша ғана тұмша салынып, өндiрiп алу шарасы қолданылуы мүмкiн.
9. Банктiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген дөңгелек мөрi, қазақ және орыс тілінде өзiнiң атауы жазылған штамптары, бланктерi мен эмблемасы болады.
Банк Басқармасының орналасқан жерi: Алматы қаласы, Шевченко көшесi, 100.
II. Банктiң мiндеттерi
10. Банк тұрғын үй құрылысын дамытуға, ұзақ мерзiмдi ипотекалық кредит берудi, тұрғын үй несие-жинақ шоттарын және тұрғын үй құрылысына, қысқа мерзiмдi кредит берудi енгiзуге, бағалы қағаздар нарығын игеруге, ипотекалық кепiлдемелердiң қайталама нарығын қалыптастыруға жәрдемдеседi.
11. Банк қаржыландыру мен кредит беру, есептесу, халыққа сондай-ақ тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй сату және әлеуметтiк, инженерлiк әрi көлiк инфрақұрылымын дамыту саласында жұмыс iстеп жатқан кәсiпорындар мен ұйымдарға меншiк нысанына қарамастан кассалық қамту мен басқа да банк қызметiн көрсету жолымен жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады.
Банк тұрғын үй құрылысына халықтың, кәсiпорындар мен ұйымдардың меншiк қаржысын белсендiрек тартуға жәрдемдеседi, азаматтар үшiн несие-жинақ шоттарын және оларға индекстелген кредиттердiң берiлуiн, тұрғын үй iс-шараларына ипотекалық кредит берiлуiн ұйымдастырады.
III. Банктiң меншiк қаражаты
12. Банктiң меншiк қаражаты жарғылық, Резервтiк, Сақтандыру қорларынан және басқа қорлар мен резервтерден құралады.
13. Банктiң жарғылық қоры 20 млн. теңге мөлшерiнде жарияланып отыр.
Банктiң жарғылық қорының 100 процентi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тиесiлi.
Қазақстан Республикасының Қаржыминi жыл сайын республикалық бюджеттен жарғылық қорды ұлғайтуға қаражат бөледi. Сонымен қатар Банк Басқармасы жарғылық қорды ұлғайту жөнiнде шешiм қабылдауға хақылы.
Жылдың қорытындысы бойынша есептелген пайданың 25 проценттен кем болмайтын мөлшерi жарғылық қорды ұлғайтуға жұмсалады.
14. Банк белгiленген тәртiппен акциялардан басқа жарғылық қордың жиырма бес процентiнен аспайтын сомаға заңды және жеке тұлғалардың арасында тарату үшiн облигациялар мен басқа да бағалы қағаздар шығаруға хақылы.
15. Банк пайдадан, оның iшiнде шетел валютасынан алынған пайдадан жасалатын аударымдардың есебiнен барлық деңгейдегi құрылымдар үшiн бiрыңғай аударымдар бойынша Резервтiк, Сақтандыру қорларын және басқа қорлар мен резервтер құра алады.
16. Банктiң қаражатын, қорлары мен резервтерiн пайдалану тәртібі Банк Басқармасы бекiткен тиiстi ережелерге сәйкес реттеледi.
IV. Клиенттердiң мүддесiн қамтамасыз ету
17. Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлеген экономикалық нормативтерге сәйкес өз балансының құрылымын реттеу жолымен өзiне қабылдаған мiндеттемелердi уақтылы әрi толығымен орындауға әрдайым әзiр тұрады.
18. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлеген ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiне сәйкес Қазақстанның банк жүйесiнiң кредит ресурстарын реттеу қорындағы тартылған ақша қаражатының бiр бөлегiн Республиканың Ұлттық банкiнде сақтап қояды.
V. Банктiң кредит ресурстары
19. Банктiң кредит ресурстары:
а) Банктiң меншiк қаражатынан (одан сатып алынған негiзгi қорлардың құны, басқа банктердiң пайлар мен акцияларға салымдары және жұмылдырылған қаражат алынып тасталады);
б) экономиканы өзгерту қорының қаражатынан;
в) мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден алынған қаражаттан (20 проценттен кем емес);
г) жұмыспен қамту қорының қаражатынан (15 процент);
д) Ұлттық банктiң кредит ресурстарын реттеу қорының қаражатынан (20 проценттен кем емес);
е) клиенттердiң Банктегi шоттарындағы қаражаттан;
ж) басқа банктердiң кредитiнен;
з) басқа да тартылған қаражаттан құралады.
Кредит беру ресурсы ретiнде Банктiң операциялық жыл iшіндегі бөлiнбей қалған пайдасын жұмсауға болады.
VI. Банк операциялары
20. Операциялар жүргiзу және ақша қаражатын сақтау үшiн Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мекемелерiнде және басқа елдердiң банктерiнде корреспонденттiк шоттар ашады.
21. Банк мынадай операцияларды:
тұрғын үй құрылысын және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуын қаржыландыру мен кредит берудi;
қайтарым, жеделдiк, ақылық шартымен, болашақ тұрғын үйдiң немесе қолдарындағы басқа да жылжымайтын мүлiктiң кепiлдiгiне заңды және жеке тұлғаларға қысқа және ұзақ мерзiмдi кредиттер берудi, қажет болған жағдайда банк iс-тәжiрибесiнде қабылданған кредиттердi қайтаруды қамтамасыз етудiң басқа да нысандарын қолдануды;
ақылы негiзде депозиттер тартуды;
клиенттердiң және корреспондент банктердiң шоттарын жүргiзудi;
клиенттердiң және корреспондент банктердiң тапсыруы бойынша есеп айырысуды, оларға кассалық қызмет көрсетудi;
заңда көзделген тәртiп бойынша өзiнiң бағалы қағаздарын (чектердi, вексельдердi, аккредитивтердi, депозиттiк сертификаттарды және басқа қарыздарлық мiндеттемелердi) шығаруды;
төлем құжаттарын, өзге бағалы қағаздарды сатып алу, сату мен сақтауды және клиенттердiң тапсыруы бойынша олармен басқа да операцияларды;
үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындауды көздейтiн кепiлдер, кепiлдiктер және өзге мiндеттемелер берудi;
банк операциялары бойынша делдалдық қызмет көрсетудi, клиенттердiң тәуекел жасауы бойынша агент ретiнде қызмет жасауды;
клиенттердiң тапсыруы бойынша сенiм операцияларын (қаражат тарту және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару және т.б.) жүргiзудi;
банк қызметiне қатысты консультациялық қызмет көрсетудi;
басқа да банк операцияларын жүргiзудi iске асырады.
22. Қазақстан Республикасының Ұлттық банктен алынған лицензияға сәйкес Банк шетел валютасындағы операциялардың мынадай түрлерiн:
республикалық, шетелдiк, халықаралық банктердiң және басқа ұйымдардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың қаражатын қабылдап алып шоттарға салымдарға орналастыруды; олардың сақталуы мен құпиясын қамтамасыз етудi;
өз кепiлдiгiмен шетелдiк және халықаралық банктер мен басқа да ұйымдардан халықаралық банк iс-тәжiрибесiнде қолданылатын нысанда шетел валютасындағы кредиттер мен заемдар тартып, банктер мен ұйымдарға берудi, сондай-ақ вексельдер, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және Банктiң өзге де қарыздарлық мiндеттемелерi түрiнде алынған кредиттер, заемдар бойынша қамтамасыз етудi;
заңды және жеке тұлғалардан шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу мен сатуды, сондай-ақ осы құжаттар мен өзге де мәмлелер және банк операциялары жасалуын жүргiзудi;
халықаралық және iшкi валюта биржалары мен аукциондарында шетел валютасын сатып алу мен сатуды;
шет мемлекеттердiң банктерiмен корреспонденттiк қатынастар орнату жөнiнде банкаралық келісімдер жасасуды;
клиенттерге шетел валютасында кассалық қызмет көрсетудi;
сыртқы саудаға және сыртқы экономикалық операциялардың басқа да түрлерiне қатысты операцияларға кредит берудi;
корреспондент банктердiң тапсыруы бойынша халықаралық есеп айырысулардың барлық түрлерiн жүргiзудi;
халықаралық банк iс-тәжiрибесiне сәйкес сауда және сауда емес операциялар жасауды жүзеге асырады.
23. Банктiң клиенттерiмен қарым-қатынастардағы құқықтық негiз Банк қызметiн көрсетуге арналған шарт болып табылады, онда тараптардың өзара мiндеттемелерi мен экономикалық жауапкершiлiгi, несие бойынша проценттiк ставка мен кепiлдiк, Банктiң клиенттерiне ақпарат беруi және басқа шарттар белгiленедi.
Алынған кредиттердi уақтылы қайтару жөніндегі өзiнiң мiндеттемелерiн орындамаған қарыз алушыларды Банк Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес төлем қабiлетi жоқ деп жариялауы мүмкiн.
VII. Банктiң пайдасын бөлу
24. Банктiң пайдасы оның қызметiнiң барлық түрлерiнен алынған табыстардан құралады, бұдан өзiндiк құнға жатқызылған шығыстар алынып тасталады.
Салықтар мен төлемдердi жасағаннан кейiн қалған Банктiң таза пайдасы Банк Директорларының кеңесi белгiлеген тәртiп бойынша пайдаланылады.
VIII. Қазақстан Республикасы тұрғын үй құрылысы
банкінің құрылымдары мен басқару органдары
25. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Жарғыны бекітіп, оған өзгерістер енгiзедi, бұлар белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнде тiркеледi.
Тұрғынқұрылысбанкінің құрылымы:
Тұрғынқұрылысбанкi республикалық банктен, оның құрылымдық бөлiмшелерi болып табылатын департаменттерден, облыстық басқармалардан және өзiнiң жергiлiктi жерлердегi филиалдарынан тұрады.
Банктiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруы үшiн Басқармасы, Банк департаменттерiнiң директорлары, Банктiң жоғары тұрған органдары тағайындайтын жергiлiктi жерлердегi бағынысты органдарының басшылығы болады.
Тұрғынқұрылысбанкінің Басқармасы және оның өкiлеттiктерi:
Тұрғынқұрылысбанкінің жоғары басқару органы Тұрғынқұрылысбанкінің Төрағасы-президентi басшылық ететiн Басқарма болып табылады.
Тұрғынқұрылысбанкінің Басқармасы:
а) тұрғын үй саласында бiртұтас мемлекеттік қаржы-кредит саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
б) Банктiң қызметiне байланысты Тұрғынқұрылысбанкi әзiрлеген нормативтiк актiлердi бекiтедi;
в) Банктiң операциялары бойынша проценттiк ставкаларды белгiлейдi;
г) Банктiң жұмысы туралы есептi, банк қызметiнiң жылдық балансын, пайда мен шығындарының шоттарын қарайды;
д) Тұрғынқұрылысбанкi туралы Ереженi, Банктiң құрылымын бекiтедi және банк департаменттерiнiң директорларын тағайындайды;
е) Банк Басқармасы өзiнiң қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша мәжілісiне мүшелерiнiң үштен екiсiнен кем емес адамдар қатысқан жағдайда шешiмдер қабылдауға хақылы. Басқарманың әрбiр мүшесiнiң бiр дауысы болады. Шешiмдер қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Басқарма Төрағасының дауысы шешушi дауыс болып табылады.
Тұрғынқұрылысбанкi Басқармасының Төрағасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды.
Тұрғынқұрылысбанкi Басқармасының Төрағасы өз өкiлеттiгiнiң шеңберiнде Тұрғынқұрылысбанкінің қызметi және бүкiл Банк жүйесi үшiн жауап бередi. Банк Басқармасының Төрағасы Банк Директорлығының мәжілісiн жүргiзуге хақылы. Тұрғынқұрылысбанкінің Төрағасы Банк қызметiнiң мәселелерi бойынша оперативтiк және атқарушы-әкiмшiлiк шешiмдер қабылдау, Тұрғынқұрылысбанкінің атынан контракттар жасасу, барлық заңдық рәсiмдерде Тұрғынқұрылысбанкiн бiлдiредi.
Тұрғынқұрылысбанкi Басқармасының мүшелерi:
Тұрғынқұрылысбанкінің Басқармасы 9 адамнан тұрады.
Тұрғынқұрылысбанкi Басқармасының құрамына Тұрғынқұрылысбанкінің Төрағасы мен оның орынбасары - атқарушы директор, екi орынбасар - Тұрғынқұрылысбанкi департаменттерiнiң директорлары, Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігінен екi өкiл, Қаржы министрлігінен, Экономика министрлігінен, Қазжинақ банкiнен бiр-бiрден өкiл кiредi.
Басқарма мүшелерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 6 жылға тағайындайды.
Тұрғынқұрылысбанкi Басқармасының мүшелiгiне Құрылыс министрлігінен, Қаржы министрлігінен, Экономика министрлігінен, Қазжинақбанкiнен кандидатураларды тиiсiнше Банктердiң Төрағалары, Министрлер ұсынады.
Тұрғынқұрылысбанкінің Төрағасы орнында болмаған кезде Басқарманың жұмысына оның орынбасары басшылық етедi.
Тұрғынқұрылысбанкінің директорлығы мен оның өкiлеттiктерi:
Тұрғынқұрылысбанкiн оперативтi басқару органы Атқарушы директор (Тұрғынқұрылысбанкi Төрағасының орынбасары) басшылық ететiн Тұрғынқұрылысбанкінің директорлығы болып табылады.
Директорлық:
а) осы Жарлыққа сәйкес Банк Басқармасы қарауға тиiс барлық мәселелердi алдын ала қарайды, солар бойынша тиiстi материалдар, ұсыныстар және шешiмдердiң жобаларын әзiрлейдi;
б) Банктiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiнiң, филиалдары мен өкiлдерiнiң қызметiне басшылық ету мәселелерiн шешедi;
в) Банктiң қолданылып жүрген заңдарды сақтауына бақылау жасайды және құпиялылық режимiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
г) кiрiс, шығыс және пайда жоспарларын, Банк қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттарын бекiтедi.
26. Басқарма бекiткеннен кейiн банктiң жылдық балансы, кiрiсi мен шығысының шоттары баспасөзде жарияланады.
Банктiң операциялық (қаржы) жылы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.
IХ. Банк қызметiн тексеру және тексерiс жүргiзу
27. Банктiң шаруашылық-қаржы қызметiне тексерудi Аудиторлық фирма жүзеге асырады.
28. Аудиторлық фирма жыл сайын Банктiң заңдар мен өз қызметiн реттейтiн басқа да актiлердi сақтауын, Банктiң iшіндегі есепке алу мен бақылау жұмысының жолға қойылуын, Банктiң жыл iшiнде жүргiзген кредит, есеп айырысу, валюта және басқа операцияларын (штаттық немесе iрiктеп тексеру арқылы), кассасы мен мүлкiнiң жай-күйiн тексерiп отырады.
Аудиторлық фирма жүргiзiлген тексеру туралы есеп бередi, қажет болған жағдайда кемшiлiктердi жою жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ бекiтуге берiлген баланс және пайда мен шығын туралы шоттың банктегi нақты жағдайға сәйкес келетiнi туралы тұжырымды қоса бередi.
Аудиторлық тексерiстер Банк Басқармасы бекiткен жоспар бойынша жүргiзiледi.
29. Банк қызметiне бақылауды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi, қаржы және басқа органдар жүзеге асырады.
30. Банктiң және оның құрылымдық бiрлiктерiнiң қызметiн тоқтату қайта құру немесе тарату нысанында жүзеге асырылады.
31. Банктi қайта құру Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi шешiмдерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Банктi қайта құрған жағдайда оның құқықтары, мiндеттемелерi, мүлкi мен ақша қаражаты Банк құқығын иеленушiлерге көшедi.
32. Банктiң қызметi Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмiмен тоқтатылады, ал Республиканың Министрлер Кабинетi Банктi тарату комиссиясын тағайындап, тарату тәртібін белгiлейдi.
Таратылатын Банктiң мүлкi еңбекақы жөнiнен персоналымен есеп айырысқаннан, салымшылар, бюджет, банктер, Банктiң акцияларының, облигацияларының және өзге бағалы қағаздарының иелерi алдындағы мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн Қазақстан Республикасының Қаржыминiне берiледi.
Банктi тарату туралы хабарландыру баспасөзде жарияланады.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 11 қаңтардағы
№ 2 Қосымша
Тұрғынқұрылысбанкi Басқармасының
Құрамы
Сағындықова М.О. - Тұрғынқұрылысбанкi Басқармасының Төрағасы -
президентi
Бутин Е.М. - Басқарма Төрағасының орынбасары - Тұрғын үй
құрылысы банкінің атқарушы директоры
Қасенов Қ.Т. - Тұрғынқұрылысбанкi Басқармасы төрағасының
орынбасары
Мұхаметжанов Б.С.- Қазақстан Республикасының Құрылыс,тұрғын үй
және аумақтарда құрылыс салу министрлігі
құрылыс экономика жетекшi басқармасының
бастығы
Дүйсенбеков Ж.О. - Қазақстан Республикасының Құрылыс,
тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу
министрiнiң орынбасары
Тоқаев О.С. - Тұрғынқұрылысбанкi Басқармасы төрағасының
орынбасары
Андрющенко А.И. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
орынбасары
Руденко Ю.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
басқармасының бастығы
Қосымшаға өзгертулер енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.11.09. № 1501 қаулысымен.
Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.01.27. № 113 қаулысымен.