Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 маусымдағы N
980 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы
№ 1034 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 маусымдағы № 980 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
Мынадай мазмұндағы 2 және 3 тармақтармен толықтырылсын:
"2. Департамент пен оның Алматы, Арқалық, Байқоңыр, Жезқазған, Көкшетау, Семей және Талдықорған облыстары мен қалаларындағы аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң және оның аумақтық комитеттерiнiң мүлiктiк және өзге құқықтары және мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерлерi болып айқындалсын.
3. Департамент пен оған тiкелей бағынатын аумақтық органдары мемлекеттік меншiктi басқаруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының меншiк қатынасында мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi";
2 және 3 тармақтар 4 және 5 тармақтар болып есептелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi