Iшкi iстер органдары жүйесiнде саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бірлестiктер құруға рұқсат етiлмейдi.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар партияларда, кәсiптiк одақтарда болуға, қандай болғанда да саяси партияларды қолдануға тиiс емес.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың лауазымы оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық мандат пен басқа да ақы төленетiн лауазымдармен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе бақылаушылар кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға ереуiлдер ұйымдастыру мен оларды өткізуге және қатысуға тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгедей көзделмесе, аталған нормаларды бұзғаны үшiн, қатардағы және басшы құрамдағы адамдар iшкi iстер органдарынан шығарылуға дейiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.
37. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар сондай-ақ:
а) осы Ережеге сәйкес - тәртiп бұзғаны, функционалды мiндеттерiн орындамағаны үшiн;
б) материалдық шығын келтiргенi, әкiмшiлiк құқық бұзғаны, қылмыс жасағаны үшiн - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес материалдық-әкiмшiлiк және қылмыстық жауапқа тартылады.
38. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде тек тiкелей және төте бастықтарына бағынады.
Тiкелей және төте бастықтар қарамағындағыларға қауiпсiз қызмет жағдайын қамтамасыз етуге, қызмет бабында өсуге, білім деңгейi мен мәдениетiн арттыруға, өзiндiк дамуына, қоғамдық және отбасылық мiндеттерiн орындауға әрi демалуына нақты мүмкiндiктер жасауға мiндеттi.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
39. Тiкелей бастықтар мен iшкi iстер органдарының басқа лауазымды адамдары осы Ереже мен қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет атқаруына және кадрлармен жұмыс iстеу мәселелерi жөніндегі басқа да нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының бұлжымай сақталуына дербес жауап бередi. Қатардағы немесе басшы құрамдағы адамдардың бұзылған құқығы кiдiрмей қалпына келтiрiледi, ал осындай құқық бұзуға жол берген, кiнәлi лауазымды адамдар, соның iшiнде заңмен белгiленген жағдайларда материалдық зиянды өтей отырып, жауапқа тартылады.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 40-тармақ өзгертілді
40. Қызметтен заңсыз босатылған немесе лауазымы мен атағы төмендетiлген қатардағы және басшы құрамдағы адамдар бұрынғы немесе оған тең дәрежелi лауазымға қайта қабылданады және атағы қайтарылады. Адамдарды қызметке қайта қабылдау (лауазымы мен атағын қайтару) егер ол адамның қызметтен шығарылуы мен лауазымы, атағы төмендетiлуiнiң заңсыздығы туралы шешiм қабылданған сәттен бастап, үш ай iшiнде өтiнiш жасалса, ол сол күннен бастап бір айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей қалпына келтiрiледi. Заңсыз босатылуына, лауазымы мен дәрежесiнiң төмендетiлуiне байланысты амалсыздан жұмысқа шықпаған уақыты, iшкi iстер органдарындағы қызмет стажына (күнтiзбемен есептегенде) және арнаулы атағы бойынша еңбек сiңiрген жылдарына қосылады. Бұл ретте оларға жұмысқа себепсiз шықпаған уақыты үшiн материалдық шығыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен өтеледi.
Тергеу органдарының қаулылары, iстердiң ақтайтын себептер бойынша тоқтауы, соттың заңды күшiне енген ақтау үкімі, шешiмi не жұмыстан босату, лауазымын немесе атағын төмендету туралы шешiм қабылдаған немесе оларға тең және жоғары бастықтар шығарған қызметтiк тексерудiң нәтижелерi бойынша қорытынды iшкi iстер органдарындағы қызметiн, лауазымын, арнаулы атағын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.
41. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға, арнаулы құралдар мен атыс қаруын ұстау, сақтау және қолдану, күш жұмсау, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдану құқығы берiледi. Арнаулы құралдар мен тәсiлдердi, қаруды қолданғанда келтiрiлген зиян үшiн, егер олардың iс-әрекеттерi заңдарға сәйкес болса, олар жауапкершiлiкке тартылмайды.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 42-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
42. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға еңбек заңдары, ол «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Ережеге қайшы келмейтiндей дәрежеде қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен III-тарау жаңа редакцияда
III. Арнаулы атақтар
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 43-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
43. Қатардағы және басшы құрамның арнаулы атақтары iшкi iстер органдарына қызметке (оқуға) қабылданған адамдарға біліктiлiгi, білімi, қызметке көзқарасы, еңбек сiңiрген жылдары және атқаратын штаттық лауазымы, сондай-ақ осы Ережеде көзделген басқа да шарттар ескерiле отырып жеке өзiне, сабақтас түрде берiледi.
Сабақтастығына қарай арнаулы атақтар алғашқы және кезектi болып бөлiнедi. Бұл орайда полиция арнаулы атағының берiлуi атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген арнаулы атаққа сәйкес болуға тиiс.
Қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарын (алғашқы және кезектi) қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарына тағайындау құқығы берiлген бастықтар бередi.
Орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын берудi және Iшкi iстер министрлігінiң кадрларына қабылдауды Министр жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара); 2007.02.11. № 1034 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 44-тармақ өзгертілді
44. Басшы құрамның кезектi арнаулы атақтары, осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, кезектi атақ атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген атаққа сәйкес болған жағдайда және арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткен соң жүйелі сабақтас түрде берiледi.
Аға басшы құрамның-полиция полковнигі кезекті арнайы атағын беруге ұсынылған қызметкерлерінің атқаратын лауазымында кемінде 6 ай жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
Қарамағындағы қызметкердi кезектi арнаулы атақ беруге ұсынуды негiзсiз кешiктiрген iшкi iстер органының бастығы тиiстi жауаптылықта болады.
Кезектi арнаулы атақ берудiң осы Ережеде көзделмеген қосымша шарттарын белгiлеуге тыйым салынады.
Қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарында еңбек сiңiрудiң мынадай мерзiмдерi белгiленедi:
полиция қатардағы қызметкерi атағында - 3 ай;
полиция кiшi сержанты атағында - 1 жыл;
полиция сержанты атағында - 2 жыл;
полиция аға сержанты атағында - 3 жыл.
Полиция старшинасы атағында еңбек сiңiрген мерзiмi белгiленбейдi.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 45-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара)
45. Орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарында еңбек сiңiрудiң мынадай мерзiмдерi белгiленедi:
полиция кiшi лейтенанты атағында - 1 жыл;
полиция лейтенанты атағында - 2 жыл;
полиция аға лейтенанты атағында - 3 жыл;
полиция капитаны атағында - 4 жыл;
полиция майоры атағында - 5 жыл;
полиция подполковнигi атағында - 5 жыл.
Полиция лейтенанты, iшкi қызмет аға лейтенанты алғашқы арнаулы атағы Iшкi iстер министрлiгінiң жоғары оқу орындарын, сондай-ақ басқа да жоғары оқу орындарын бiтiрген бойда берiлген және iшкi iстер органдарында, оқу орнында алған немесе тектес мамандық бойынша қызмет өткерiп жатқан қызметкерлер үшiн полиция лейтенанты атағында еңбек сiңiру мерзiмi 1 жыл болып белгiленедi.
Полиция полковнигi, сондай-ақ жоғары басшы құрамның атақтарында еңбек сiңiру мерзiмi белгiленбейдi.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 46-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
46. Полиция кiшi лейтенанты алғашқы арнаулы атақтары:
қатардағы және басшы құрамның лауазымдарында тұратын, Министр бекiткен бағдарлама бойынша iшкi iстер органдарының арнаулы курстарын, басқа да мемлекеттік органдардың арнаулы орта оқу орындарын бiтiрген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге;
қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарында тұратын, жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарының соңғы курстарында оқып жүрген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге;
арнаулы орта оқу орындарын бiтiрген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған азаматтарға берiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
47. Полиция лейтенанты арнаулы атақтары:
полиция кiшi лейтенанттарына арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң осы Ережеде белгiленген мерзiмi өткен бойда, ал жоғары оқу орындарын бiтiргендерге - бұл атақта еңбек сiңiру мерзiмiне қарамастан;
қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтары бар, жоғары оқу орындарын не Iшкi iстер министрлігінiң арнаулы орта оқу орындарын бiтiрген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге;
Iшкi iстер министрлігінiң жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарын күндiзгі оқу нысаны бойынша бiтiрген қызметкерлерге;
жоғары білімi бар және орта немесе аға басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған адамдарға берiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара); 2007.02.11. № 1034 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 48-тармақ өзгертілді
48. Орта және аға басшы құрамның кезектi арнаулы атақтарын:
полиция майорына дейiн қоса алғанда - комитеттердің төрағалары облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және республика астанасындағы, көлiктегі Iшкi iстер департаменттерiнiң, Iшкi iстер министрлігі «жүйесiнiң» жоғары және арнаулы орта оқу орындарының бастықтары;
полиция полковнигiне дейiн қоса алғанда - Министр бередi.
Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
ҚР Үкіметінің 2007.02.11. № 1034 қаулысымен 49-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
49. Iшкi iстер министрлiгі оқу орындарының тыңдаушыларына, адъюнктерi мен докторанттарына, сондай-ақ оқу ақысын мемлекет қаражаты есебінен төлей отырып, Ішкі істер министрлігінің жолдамалары бойынша шет мемлекеттер ішкі істер органдарының оқу орындарында оқитындарға орта және аға құрамның кезектi арнаулы атақтар, оқуға түскеннен кейiн енгiзiлген осы лауазымдар бойынша штаттағы арнаулы атақтарға өзгерістер ескерiлместен, олар оқуға түскенге дейiн атқарған штаттық лауазымдарына сәйкес, тиiстi арнаулы атақтарда еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi аяқталған бойда; кезектi арнаулы атақтар қызметкерлер оқуды бiтiрген соң тағайындалатын штаттық лауазымдар бойынша атақтарға сәйкес болған жағдайда - оқу орнын, адъюнктураны, докторантураны бiтiрген бойда берiледi.
50. Бір қызметтен (бөлiмшеден), жеке құрамы үшiн өзге арнаулы атақтар белгiленген, басқа қызметке (бөлiмшеге) ауыстырылған қызметкерлерге мұндай атақтар осы Ереженiң 44-тармағында көзделген тәртiппен берiледi. Бұл ретте жаңа арнаулы атақ қызметкерде бар арнаулы атақтан төмен болмауы тиiс.
51. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасында тұратын азаматқа, оны Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары басшы құрамының лауазымына тағайындағаннан кейiн, онда бар әскери атаққа сәйкес арнаулы атақ берiледi.
Запастағы офицерлердi орта, аға және жоғары басшы құрамның лауазымдарына тағайындау кезiнде оларға, егер лауазымға тағайындау күнiне олар мiндеттi әскери қызметтi өткеру және запаста болу кезеңiнде өздерiне берiлген әскери атақтарда белгiленген мерзiмдердi өткерген болса, алғашқы арнаулы атақ олардың әскери атақтарынан бір саты жоғары берiлуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 52-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
52. Басшы құрамның кезектi арнаулы атағы (полиция подполковнигiне дейiн қоса алғанда), қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткiзгенi және қызметтiк мiндеттерiн үлгiлi орындағаны үшiн көтермелеу ретiнде бұған дейiнгi атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары берiлуi мүмкiн.
Арнаулы атақтар мерзiмiнен бұрын арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмдерiнiң кемiнде жартысы өткенде берiледi.
Штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары кезектi арнаулы атақ:
арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткен соң - ғылыми дәрежесi немесе ғылыми атағы бар әрi оқу орнында штаттық лауазым атқаратын басшы құрамның адамдарына, оның алдындағы арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң кемiнде белгiленген екi мерзiмi өткен соң - басшы құрамның басқа да санаттарына берiледi.
Арнаулы атақтарды мерзiмiнен бұрын не штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары беру iшкi iстер органдарындағы қызметiнiң барлық кезеңi үшiн бір рет жүргiзiледi.
Бұл ретте кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарын кiшi басшы құрамның лауазымдарына тағайындау құқығы берiлген бастықтар, ал орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарын - Министр бередi.
53. Арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмi сол атақты беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап есептеледi.
Арнаулы атақ берудi заңсыз кешiктiрiлген жағдайда арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмi, оның алдындағы арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмi аяқталған сәттен бастап есептеледi.
Орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған, қатардағы және кiшi басшы құрамның атағы бар қызметкерлер, орта басшы құрамның арнаулы атағын беруге, бар атағында еңбек сiңiрген мерзiмiне қарамастан ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 54-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
54. Iшкi iстердiң тиiстi органының қарамағындағы немесе тәртiптiк жазасы бар, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстық iс қозғалған немесе қызметтiк тәртiптi бұзу фактілері бойынша қызметтiк тексеру жүргiзiлiп жатқан қызметкерлердi лауазымға тағайындалғанға, тәртiптiк жазасы алынғанға, қылмыстық iс ақтайтын негiздер бойынша қысқартылғанға дейiн немесе қызметтiк тексеру аяқталғанға дейiн кезектi арнаулы атақтар беруге ұсыну жүргiзiлмейдi.
Тәртiптiк жаза қолданудың заңсыздығы туралы шешiм қабылданған немесе қылмыстық iс ақтайтын негiздер бойынша қысқартылған жағдайда, қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға кезектi арнаулы атақтар, кезектi арнаулы атақ атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша атаққа сәйкес болған кезде, оны берудiң мерзiмi басталған сәттен бастап берiледi.
55. Қызметкерлер соттың заңды күшiне енген айыптау үкімі бойынша арнаулы атағынан айырылуы мүмкiн:
кiшi басшы құрамды - кiшi басшы құрамның арнаулы атағын беру құқығы берiлген бастықтар;
орта және аға басшы құрамды - Министр;
жоғары басшы құрамды - қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес.
56. Арнаулы атағынан заңсыз айырылған жағдайларда, сот органдарының қаулыларына сәйкес бұрынғы атағын қалпына келтiру туралы шешiмдi арнаулы атағынан айыру туралы шешiм қабылдаған лауазымды адамдар қабылдайды.
57. Арнаулы атағынан заңсыз айырылған кезең қалпына келтiрiлген арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмiне кiредi. Арнаулы атағынан заңсыз айырылған адамдарға материалдық зиян толық көлемде өтеледi.
IV. Лауазымға тағайындау, қызмет бабында
ауыстыру және жоғарылату
58. Қатардағы, кiшi, орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар атқаратын лауазымдар мен осы лауазымдарға сай келетiн арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн үлгiлiк тiзбелерге сәйкес, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 59-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
59. Лауазымға тағайындауды, қызмет бабында ауыстыруды және жоғарылатуды тiкелей бастықтар өздерiне берiлген құқықтарға және Министр бекiтетiн лауазымдар санаттары бойынша үлгi білiктiлiк талаптарына сәйкес жүргiзедi. Бұл ретте мынадай шарттар сақталады:
а) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды лауазымға тағайындау және қызмет бабында ауыстыру кезiнде оларды негiзгi немесе тектес мамандығы бойынша немесе тәжiрибесiне сәйкес пайдалану қамтамасыз етiлуi тиiс, ал олар үшiн жаңа мамандық бойынша лауазымдарда пайдалану қажет болған жағдайда, тағайындар алдында, олар тиiстi курстарда (жиындарда) қайта даярлаудан өтуi тиiс;
б) бос тұрған лауазымның мiндетiн уақытша атқарудың үздiксiз мерзiмi екi айдан, ал бос емес лауазым бойынша - төрт айдан аспауы тиiс;
в) ұйымдық-штаттық шараларды жүргiзу кезiнде басшы құрамдағы адамдар 15 күннен аспайтын мерзiмге iшкi iстер органдарының қарамағына алынады.
Айрықша жағдаяттардан туындайтын кейбір ерекше кездерде 15 күннен жоғары, бірақ екi айдан аспайтын мерзiмге Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрінің рұқсатымен жiберiледi.
Осы Ережеде белгiленген қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың демалыстарда болуы, емдеу мекемелерiнде (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша дәрiгерлiк тексеруде) емделуi бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi iшкi iстер органы орналасқан жерге дейiн жол жүріп барған уақыты; кәсiби жоғары және орта оқу орындарының сырттай, кешкi бөлiмдерiнiң оқу-емтихандық сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс тоқтатылған немесе ақтау үкімі шығарылған жағдайларда тұтқындалған күнiнен бастап босатылған күнiн қоса қылмыстық жауапкершілікке тартылуға байланысты тұтқында болған уақыты билiк қарамағында болу мерзiмiне есептелмейдi;
Кезектi демалысын пайдаланбаған, атқарып отырған қызметтерiнен босатылған және оның қарамағындағы қызметкерлерге оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенi шешу кешiктiрілген жағдайларда, әдетте, пайдаланылмаған демалысы беріледi. Оларға кезектi демалыс уақыты үшiн ақшалай үлес қарамағында болу мерзiмiне қарамастан, қарамағына қабылданған күнiнен бастап негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi.
г) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру, әдетте, оларды тиiстi iшкi iстер органының қарамағына алмай-ақ жүзеге асырылуы тиiс. Тиiстi органның қарамағында тұрған адамдарды лауазымға тағайындау мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде, бірақ лауазымнан босатқан күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Iшкi iстер органының қарамағында тұрған аталған адамдарды қызметте пайдалану тәртібін министр белгiлейдi.
д) тiкелей бастыққа бос тұрған лауазымды шұғыл қоса атқару қажет болған жағдайда аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығынан оған тең және жоғары тұрған бастықтан бастап - осы лауазымға тағайындау құқына ие бастықтың келісімiмен басшы құрам адамын бір айдан аспайтын мерзiмге уақытша тағайындауға рұқсат етiледi;
е) орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды басқа лауазымдарға, сондай-ақ басқа елдi мекенге шұғыл ауыстыру қажет болған кезде, бұл туралы шешiмдi, осы адамдардың даярлығы мен қызмет тәжiрибесiн, сондай-ақ оларда және олардың отбасы мүшелерiнде медициналық қарсы көрсеткiштердiң жоқтығын ескере отырып, олардың келісімi бойынша тиiстi тiкелей бастықтар қабылдайды.
ж) осы Ереженiң 13-тармағымен белгiленген қызметте болудың шектi жасына жетпеген, әскери қызметке жарамды немесе бейбiт уақытта саптан тыс қызмет атқаруға жарамды деп танылған, бірақ өзiнiң денсаулығына немесе отбасы мүшелерiнiң денсаулық жағдайы бойынша қызмет орнын (тұрғылықты жерiн) өзгертудi қажет ететiн басшы құрамдағы адамдарды басқа мекенге қызмет бабында ауыстыру әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысының негiзiнде тиiстi бастықтардың рұқсатымен жүргiзiледi;
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен з) тармақша жаңа редакцияда
з) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды лауазымдарға тағайындау, қызмет бойынша, жедел еместен жедел лауазымдарға ауыстыру әскери-дәрiгерлiк комиссияның дәрiгерлiк куәландыруының нәтижелерi ескерiле отырып жүргiзiледi.
60. Қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру:
а) жоғары лауазымдарға - қызмет бабында жоғарылату ретiнде;
б) тең дәрежелi лауазымдарға - басқа лауазымдарға тағайындау қажет болған жағдайда немесе оларды iскерлiк және жеке қасиеттерiн ескере отырып неғұрлым орынды пайдалану, жаңа мамандыққа даярлау үшiн, сондай-ақ отбасы жағдаяты, денсаулық жағдайы немесе жасы бойынша осы адамдардың келісімiмен;
в) iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарына оқуға түсуiне байланысты - атқаратын штаттық лауазымынан босата отырып, сондай-ақ оқуын бiтiрген соң лауазымға тағайындалған кезде;
г) төменгi тұрған лауазымдарға:
штаттар қысқарған кезде немесе iшкi iстер органын қайта құру кезiнде - осы адамдарды дәрежесi тең лауазымға ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда және олардың келісімiмен;
денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде және олардың келісімiмен;
аттестациялаудың нәтижесi бойынша анықталған, қызметiне сәйкес келмеуi бойынша;
тәртiптiк жаза қолдану ретiнде;
жеке өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 61-тармақ өзгертілді
61. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру:
а) жоғары лауазымдарға - қызмет бабында жоғарылату ретiнде;
б) тең дәрежелi лауазымдарға - ұйымдық-штаттық шаралардың жүргiзiлуiне байланысты және жұмыс тәжiрибесiн ескере отырып, мамандығы бойынша неғұрлым орынды пайдалану үшiн, сондай-ақ олардың тiкелей және төте бастықтарының келісімiмен жеке өтiнiшi бойынша;
в) iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарына оқуға түсуiне байланысты - атқаратын штаттық лауазымынан босата отырып, сондай-ақ оқуын бiтiрген соң лауазымға тағайындаған кезде;
г) мемлекеттік, өкiлеттi және атқарушы органдарға iссапарға жiберу ретiнде;
д) төменгi тұрған лауазымдарға:
штатты қысқарту немесе iшкi iстер органдарын қайта құру кезiнде осы адамдарды дәрежесi тең лауазымда пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда және олардың келісімiмен;
денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде;
қызмет мүддесiнде - өздерiнiң келісімiмен;
жеке өтiнiшi бойынша;
аттестациялық тәртiппен, қызметiне сәйкес келмеуi бойынша;
тәртiптiк жаза қолдану ретiнде жүргiзiледi.
Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарындағы басшылық және арнайы пәндер бойынша педагогтық жұмысқа тағайындалған жағдайда, олардың оқу орнына тағайындалғанға дейiнгi атқарған негiзгi (уақытша атқармаған) лауазымдық жалақысы, сақталады. Әрбір нақты жағдайда лауазымға тағайындалғанға дейiн, оқу орны басшылығының ұсынысымен, Iшкi iстер министрлігі кадр аппаратының қорытындысы бойынша, лауазымдық жалақыны сақтау туралы шешiмдi министр қабылдайды.
Сақталынған лауазымдық жалақыны төлеу төменгi лауазымдық қызметке төмендетiлгенде тоқтатылады.
Төмен тұрған лауазымдарға ауыстырылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар осы Ереженiң 63-тармағындағы талаптарын ескере отырып, кейiннен қызмет бабында жоғарылай алады.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамды қызмет бабында ауыстыру туралы шешiм ауыстыру негiзi көрсетiле отырып, жеке құрам бойынша бұйрықпен ресiмделедi.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 62-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
62. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында жоғарылату, тәртiп бойынша басшы кадрлар резервiнде тұрған қызметкерлер қатарынан олардың iскерлiк және жеке қасиеттерi, денсаулық жағдайы ескерiле отырып жүргiзiледi.
Басшы кадрлар резервiне қабылданған басшы құрамдағы адамдардың кәсiптiк даярлықты жетiлдiру жөніндегі жұмысы Министр белгілейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
63. Қызмет бабында ауыстырылған орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар iстi және лауазымын тапсырғаннан кейiн, қызмет бабында ауыстыру туралы бұйрықты немесе жазбаша хабарламаны iшкi iстер органы алған күннен бастап аталған адамдар кезектi демалыста немесе емделуде жүрген жағдайларды қоспағанда, бір айлық мерзiмiнен кешiктiрiлмей, жаңа қызмет орнына iссапарға жiберiлуге тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 64-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
64. Өзiне қарсы қылмысты iс қозғалған және қамауда ұстау түрiнде алдын алу шарасы қолданылмаған қатардағы және басшы құрамдағы адам осы қылмыстық iс бойынша сот шешiмi қабылданғанға дейiн қылмыстық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiпте, тергеу жүргiзу кезеңiнде лауазымдық мiндетiн атқарудан шеттетiледi. Лауазымынан шеттетiлген уақыты үшiн оған ақшалай үлес төленедi.