ЕСКЕРТУ. 68-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. № 1332 қаулысымен.
69. Осы Нұсқаулықтың 68-тармағының 1), 3)-6), 8)-10)-тармақшаларында көзделген мәліметтер, конкурс жеңімпазы анықталмаған конкурсқа қатысушы кез келген ықтимал өнім берушінің талап етуі бойынша беріледі. Бұл ақпарат, егер оны ашу Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетінің, құқық тәртібі және ұлттық қорғанысының мүдделеріне, сондай-ақ тараптардың заңды мүдделеріне залал келтіретін болса немесе әділетті бәсекеге кедергі келтірсе, берілмейді.
70. Тапсырысшы конкурс қорытындысы шығарылған күннен бастап үш күн мерзім ішінде жеңімпаз атанған ықтимал өнім берушіні оның конкурстық өтінімі ұтқан деп танылғандығы туралы жазбаша (хатпен, жедел хатпен, факспен) хабардар етеді. Конкурстық өтінімді ұтқан деп тану туралы хабарлама мемлекеттік сатып алу туралы шарттың бір бөлігі болып табылады.
Хабарламамен бірге тапсырысшы конкурс жеңiмпазына тапсырысшының басшысы қол қойған және соған сәйкес конкурс жеңімпазы анықталған шарттарды және конкурс құжаттамасында айтылған шарттарды қоса Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарының ережелері бойынша жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.
ЕСКЕРТУ. 70-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. № 1332 қаулысымен.
71. Конкурс қорытындысы шығарылған күннен бастап бес күннің ішінде конкурсты ұйымдастырушы (тапсырысшы) ұтылып қалған ықтимал өнім берушілерді ресми баспасөзде немесе Мемлекеттік сатып алу бюллетенінде жасалған таңдауы туралы конкурстың атын, конкурс жеңімпазы атанған ықтимал өнім берушінің атауы мен мекен-жайын, оның конкурстық өтінімінің бағасын көрсете отырып хабарландыру жариялайды.
72. Конкурс жеңімпазы конкурстық өтінімі ұтты деп танылған хабарлама мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 3 күннің ішінде осы шартқа қол қоюға, немесе бар келiспеушiлiктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартатыны туралы тапсырысшыны жазбаша хабардар етуге және оны тапсырысшыға қайтаруға міндетті.
ЕСКЕРТУ. 72-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. № 1332 қаулысымен.
73. Егер конкурс жеңімпазы деп танылған ықтимал өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырысшы ұсынысы конкурс жеңімпазының ұсынысынан кейінгі неғұрлым артықшылықты болып табылатын басқа конкурсқа қатысушымен шарт жасасуға құқылы.
74. Осы Нұсқаулықтың 73 және 81-тармақтарында айтылған жағдайларда тапсырысшы конкурс жеңімпазымен шарт жасасу мерзімі өткен немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өтіп кеткен кезден бастап күш күн мерзім ішінде конкурстық өтінімі неғұрлым артықшылықты деп танылған ықтимал өнім берушіге оны тапсырысшының өнім беруші деп танығаны туралы хабарламаны және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.
75. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың негізінде жасалды.
ЕСКЕРТУ. 75-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. № 1332 қаулысымен.
76. Конкурстық өтінімі неғұрлым артықшылықты деп танылған ықтимал өнім беруші бұл туралы хабарламаны және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын алған күннен бастап үш күн мерзім ішінде шартқа қол қоюға немесе бар келiспеушiлiктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартатыны туралы тапсырысшыны жазбаша хабардар етуге міндетті.
ЕСКЕРТУ. 76-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. № 1332 қаулысымен.
77. Егер конкурстық өтінімнің күшінде болу мерзімі өтіп кетсе және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалмаса немесе бұзылса, онда тапсырысшы қайтадан ашық конкурс жариялайды және уәкілетті органның келісімі бойынша осы Нұсқаулыққа сәйкес басқа да тәсілмен сатып алуды жүзеге асырады.
78. Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюшы тараптар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа конкурс жеңімпазы және жеңімпаздан кейінгі артықшылықты ықтимал өнім беруші анықталған шарттардан өзгеше әлдеқандай өзгерістер енгізуге құқылы емес.
79. Егер конкурстық құжаттамада өнім берушінің шартты орындауды
қамтамасыз етудің енгізуі көзделсе, онда мемлекеттік сатып алу туралы шарт
өнім беруші осындай қамтамасыз етуді толық енгізгеннен соң күшіне енеді.
80. Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан соң өнім беруші, егер конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз ету көзделсе, конкурстық құжаттамамен көзделген нысанда, көлемде және шартта осындай қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.
81. Егер өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді белгіленген мерзімде енгізбесе немесе егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылса, тапсырысшы ұсынысы неғұрлым артықшылықты болып табылатын басқа конкурсқа қатысушымен шарт жасасуға құқылы.
82. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мазмұны мен нысанын конкурсты ұйымдастырушы белгілейді.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының 5 процентінен аспайтын мөлшерде белгіленеді және:
7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк кепілдігі;
ақша қаражаты, мүлік және бағалы қағаз кепілі түрінде ұсынылуы (енгізілуі) мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің ақша қаражаты конкурсты ұйымдастырушының немесе тапсырысшының конкурстық құжаттамада көрсетілген шотына аударылады.
Егер өнім беруші тапсырысшымен конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде барлық құжаттарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресімдесе, мүлік және бағалы қағаз кепілі түріндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету енгізілді деп есептеледі.
83. Өнім берушінің жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін тек қана толық немесе тиісінше орындаған жағдайда тапсырысшы мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген мерзімде немесе егер бұл мерзім шартта көрсетілмесе, өнім беруші міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
84. Егер өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өзінің міндеттемесін орындамаса немесе тиісінше орындамаса (тауар жеткізілімінің, жұмыстарды қызмет көрсетулер мерзімдерінің бұзылуы, сапасыз тауарлар жеткізілімі, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасыз орындалуы, шарттың басқа да шарттарының бұзылуы), онда тапсырысшы Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарына сәйкес өнім берушінің шартты орындауды қамтамасыз етуін ұстап қалады.
2. Мемлекеттік сатып алуды жабық конкурс тәсілімен жүзеге асыру
және оны қолданудың ерекшеліктері
85. Жабық конкурс мына жағдайларда:
1) тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер олардың аса күрделілігі немесе арнаулы сипатына байланысты шектеулі ғана ықтимал өнім берушілерде бар болатын және мұндай ықтимал өнім берушілер белгілі кезде;
2) көп мөлшердегі конкурстық өтінімдерді қарау мен бағалау үшін талап етілетін уақыт пен шығын сол сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің құнынан айтарлықтай асып түсетін кезде өткізіледі.
86. Тапсырысшы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын кезде жабық конкурс тәсілін таңдау туралы шешімді уәкілетті органмен келісіп алуға міндетті, бұған осы Нұсқаулықтың 7-тармағында айтылған жағдайлар қосылмайды.
87. Осы Нұсқаулықтың 2-тарауына сәйкес құрылған конкурс комиссиясының құрамы бекітілгеннен, осы Нұсқаулықтың 15-19-тармақтарына сәйкес конкурстық құжаттама әзірленіп, бекітілгеннен кейін конкурсты ұйымдастырушы осы конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау аяқталатын күнге дейін бір айдан кешіктірілмей ықтимал өнім берушілерге конкурс өткізілетіні туралы 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.
Жазбаша хабарлама жіберілетін ықтимал өнім берушілердің тізімін конкурсты ұйымдастырушының басшысы бекітеді.
88. Егер жабық конкурс осы Нұсқаулықтың 85-тармағының 1)-тармақшасында баяндалған негіздерде өткізілетін болса, онда конкурсты ұйымдастырушы қолдарында сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер бар барлық ықтимал өнім берушілерге жазбаша хабарлама жібереді.
Егер жабық конкурс осы Нұсқаулықтың 85-тармағының 2)-тармақшасында баяндалған негіздерде жүргізілсе, онда конкурсты ұйымдастырушы құқығын шектемеу негізінде таңдап алынған және олардың саны бәсекелестік тиімділігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын ықтимал өнім берушілерге жазбаша хабарлама жібереді.
89. Егер осы параграфта өзгеше көзделмесе, жабық конкурсты өткізген кезде, осы Нұсқаулықтың 20-тармағында баяндалған рәсімнен басқа, ашық конкурсты өткізу кезіндегі рәсімдер қолданылады.
3. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс және
оның қолданылу ерекшеліктері
90. Ашық конкурс немесе жабық конкурс екі кезеңді рәсімдер пайдаланылып өткізілуі мүмкін.
91. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс:
1) тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жан-жақты техникалық, сапалық ерекшеліктері мен сипаттамаларын анықтау мен тұжырымдау іс жүзінде мүмкін болмаған және конкурсты ұйымдастырушыға тұтынуды қанағаттандыру үшін мейлінше қолайлы шешім табу үшін ықтимал өнім берушілермен тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің техникалық, сапалық және өзге сипаттарына қатысты келіссөздер жүргізу қажет болған;
2) мемлекеттік сатып алудың объектісі ғылыми зерттеулер, эксперименттер жүргізу, ізденістер немесе әзірлемелер қажет болғанда;
3) бір кезеңді ашық немесе жабық конкурс конкурс жеңімпазын анықтауға әкелмеген кезде өткізіледі.
ЕСКЕРТУ. 91-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. № 1332 қаулысымен.
92. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс мына кезеңдердің жиынтығынан тұрады:
1) конкурстық құжаттамаға сәйкес, тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің техникалық, сапалық немесе өзге сипаттары көрсетіле отырып ықтимал өнім берушілер ұсынатын бастапқы конкурстық өтінімдерді, оларды жеткізудің (орындаудың, көрсетудің) шарттық ережелерін, ықтимал өнім берушілердің біліктілік деректерін қарау, қажет болған кезде конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдері қайтарылмаған ықтимал өнім берушілермен келіссөз жүргізуі;
2) конкурстың бірінші кезеңінен өткен тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің ықтимал өнім берушілер ұсынған техникалық, сапалық немесе өзге сипаттары негізінде конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуі, баға ұсыныстарын ескере отырып түпкілікті конкурстық өтінімдерді бағалау мен салыстыру және конкурстың қортындысын шығару.
93. Конкурсты ұйымдастырушы әзірлейтін бастапқы конкурстық құжаттама осы Нұсқаулықтың 15-тармағының 5)-10)-тармақшаларында айтылған тарауларды қамтымауы мүмкін.
Бастапқы конкурстық өтінімдер бағалар кестесінсіз ұсынылады.
94. Кез келген ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, түпкiлiктi конкурстық өтiнiмдi ұсынбауға құқылы.
ЕСКЕРТУ. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. № 1332 қаулысымен.
95. Конкурстық құжаттамаға сәйкес ұсынылған түпкілікті конкурстық өтінімдер осы Нұсқаулыққа сәйкес конкурстық өтінімді жеңіп алушыны анықтау үшін бағаланып, салыстырылады.
96. Конкурстық комиссия түпкілікті конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімде екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс қорытындысын шығарады.
97. Осы параграфта өзгеше көзделмесе, екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурсты өткізу кезінде де осы тараудың 1 және 2-параграфтарында баяндалған ашық және жабық конкурстарды өткізу кезіндегі рәсімдер мен ережелер пайдаланылады.
4. Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып өнім берушіні
таңдау тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
98. Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып өнім берушіні таңдау мемлекеттік сатып алуды конкурстық рәсімдерді қолданбай жүзеге асыру тәсілі болып табылады және ықтимал өнім берушіде олардың жан-жақты ерекшеліктерінің тапсырысшы үшін айтарлықтай маңызы болмайтын тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер болған кезде жүргізіледі, ал айтарлықтай шарт баға болып табылады.
99. Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып өнім берушіні таңдау егер біртектес тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің, қандай да бір мемлекеттік сатып алу көлемі (жылдық қажеттілік) құны жағынан алғанда Қазақстан Республикасының заңдарымен тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына белгіленген айлық есепті көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда ғана қолданылады.
100. Тапсырысшы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің баға ұсыныстарын (төлеуге арналған шотты) бәсекелестікті қамтамасыз ететін және таңдаулы ұсынысты тиімді іріктейтін ықтимал өнім берушілерден, мүмкіндігіне қарай кем дегенде үшеуінен (жазбаша немесе ауызша), сұратып алады. Мұндай сұратып алуда, қажетіне қарай, бағаға тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өз құнынан тыс тасымалдауға, сақтандыруға арналған шығындар, кедендік баж бен салықтарды төлеу сияқты қандай да бір басқа элементтердің қосылуы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
101. Әрбір ықтимал өнім беруші бір ғана баға ұсынсын (төлеуге арналған шотты) беруге құқылы және оны ауыстыруға рұқсат етілмейді.
102. Тапсырысшы оның қажеттілігін қанағаттандыратын ең төменгі баға ұсынысын (төлеуге арналған шоты) табыс еткен ықтимал өнім берушінің шотын төлейді және төленген тауарды (қызмет көрсетуді) алады. Жұмысты сатып алу кезінде тапсырысшы оның қажеттілігін қанағаттандыратын ең төменгі баға ұсынысын табыс еткен ықтимал өнім берушімен шарт жасасады.
5. Бір көзден мемлекеттік сатып алу
103. Бір көзден мемлекеттік сатып алу - тапсырысшының бір ғана
ықтимал өнім берушімен келіссөз жүргізгеннен кейін мемлекеттік сатып алу
туралы шартқа қол қойған кездегі мемлекеттік сатып алу рәсімі.
104. Бір көзден мемлекеттік сатып алу мына жағдайларда:
1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер қандай да бір нақты ықтимал өнім берушінің қолында болған немесе қандайда бір нақты ықтимал өнім берушінің осы сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге қатысты айрықша құқығы болатын;
2) төтенше оқиғаның пайда болуы (жариялануы) салдарынан осы тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге деген шұғыл қажеттілік туындағанда, осының салдарынан конкурстарды өткізу орынсыз болған;
3) тапсырысшы қандай да бір өнім берушіден жабдықтарды, технологияларды немесе қызмет көрсетулерді сатып алып, сол өнім берушіден тауарларды, жабдықтарды, технологияларды бір ізге түсіру, стандарттау немесе үйлесімділігін қамтамасыз етудің қажет болуына байланысты басқа да сатып алулар жүргізілуге тиіс деп белгілеген;
4) мемлекеттік өндірістік кәсіпорындар мен мекемелерде өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жағдайлар мен тәртіпте Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, құқық тәртібі және қорғаныс қабілеті кепілдігін қамтамасыз ететін;
5) конкурс болған жоқ деп танылған жағдайларда жүргізіледі.
105. Бір көзден мемлекеттік сатып алу уәкілетті органмен келісім бойынша жүргізіледі, бұған осы Нұсқаулықтың 7-тармағында айтылған келісуге жатпайтын жағдайлар қосылмайды.
106. Бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде тапсырысшының мұндай ықтимал өнім берушіден осы ықтимал өнім беруші ұсынып отырған тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулер бағасының қажетті негіздемелерін сұратып алуға құқығы болады. Сондай-ақ тапсырысшы өнім берушіден мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуді талап етуге құқылы. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзудiң, ұстап қалудың және қайтарудың мазмұны, нысаны мен шарттары мемлекеттік сатып алу туралы шартта айтылады.
ЕСКЕРТУ. 106-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. № 1332 қаулысымен.
107. Бір көзден мемлекеттік сатып алу жүргізілген кезде тапсырысшы 12- қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алу туралы хаттама жүргізуге тиіс, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілін қолданудың негіздемесі;
2) бір көзден сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің қысқаша сипаттамасы;
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және мұндай шарттың бағасы.
6. Мемлекеттік сатып алуды объект салынып немесе жөнделіп
жатқан кезде жүзеге асыру ерекшеліктері
108. Егер мемлекеттік сатып алу объектісі өндірістік және тұрғын үй- азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардың құрылысы үшін жобалау, оларды тек салу, қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру мен күрделі жөндеу болып табылатын жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы сатып алудың нақты шарттарына сүйене отырып, конкурстың мына нысандарының бірін белгілеуге тиіс:
1) жобалау жұмыстарына, жабдықтарды жеткізуге, құрылыс-монтаж немесе жөндеу жұмыстарына арналған жеке конкурстар;
2) жабдықтарды жеткізу мен құрылыс-монтаж жұмыстарын қоса алғанда, жобалау жұмыстарына және объектіні салуға арналған жеке конкурстар;
3) объектіні даяр қалпында тапсыруға конкурс.
109. Егер салынуы қажет болатын объект кеңінен танымал (мысалы, мектеп, аурухана, балабақша, қойма жайы, қуаты 10 кВ және одан аз көмекші электр станциясы және электр энергетиканы және т.б. қоса алғанда, өнеркәсіп объектілерінің негізгі және/немесе көмекші жабдықтарын жөндеу) болып табылса, конкурс нысаны осы Нұсқаулықтың 108-тармағының 1)-тармақшасы бойынша қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда конкурсты ұйымдастырушы жабдықтарды жеткізу мен жобалау жұмыстарына жеке конкурс, сонан кейінгі құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурс өткізеді. Бұл ретте іске қосу-реттеу жұмыстары жабдықтарды жеткізу конкурсына немесе құрылыс-монтаж жұмыстары конкурсына қосылады.
110. Егер салынуы қажет болған объект мамандандырылған (мысалы, қуаттылығы шағын және орташа өндірістік үй-жай, қуаты 10 кВ асатын көмекші электр станциясы, қуаттылығы шағын және орташа су қайтарғы және т.б.) болып табылса, онда конкурс нысаны осы Нұсқаулықтың 108-тармағының 2)-тармақшасы бойынша қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда конкурсты ұйымдастырушы жабдықтарды жеткізу мен құрылыс-монтаж жұмыстарын қоса алғанда, жобалау жұмыстары мен объектіні салуға жеке конкурстар өткізеді.
111. Егер салынуы қажет болатын объект мамандандырылған және ірі немесе бірегей (мысалы, қуаттылығы үлкен өндірістік үй-жай, қуаттылығы үлкен өндірістік объектінің немесе оның кезектерінің бірінің құрылысы, көпір, газ және мұнай құбыры құрылысы және т.б.) болып табылса, онда конкурс нысаны осы Нұсқаулықтың 108-тармағының 3)-тармақшасы бойынша қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда конкурсты ұйымдастырушы объектіні даяр қалпында тапсыруға арналған конкурс өткізеді.
112. Өндірістік және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттар құрылысы үшін жобалауға, құрылысын салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыру мен күрделі жөндеуге арналған конкурстық құжаттамада мыналар қосымша болуы тиіс:
1) құрылыс алаңының, географиялық, инженерлік-геологиялық және басқа айрықша табиғат жағдайларының қысқаша сипаттамасы, инфрақұрылым мен коммуникацияның бар екендігі, жергілікті ресурстардың, стандарттар жүйесі мен техникалық нормативтердің сипаттамасы, техникалық құжаттаманы әзірлеудің ресми тілі;
2) объектінің толық құрамы, объектіні іске қосу кезіндегі келіспеушілікті болдырмайтын аумақтың инженерлік әзірлігі, өндіріс пен жабдықтар технологиясы, инженерлік жабдықтау, пайдаланылатын материалдар мен конструкциялар, объектінің жарақтандырылуы және т.б. бойынша талаптар.
113. Өндірістік және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды құрылысқа жобалау, құрылысын салу, қайта жаңарту, техникалық жарақтандыру мен күрделі жөндеу кезінде конкурстық өтінімде жобалық материалдар көлемі бойынша (жобаның тараулары - түсіндірме жазба, бас жоспар және көлік, сәулет-құрылыс және технологиялық бөліктері, инженерлік жабдықталуы, қоршаған ортаны қорғау, құнының есептеулері, техникалық- экономикалық бөлігі мен құрылысты ұйымдастыру) қысқаша қосымша болуға тиіс.
114. Аса күрделі сипаттағы ірі объектілердің құрылысына арналған мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жүргізілген жағдайда ең жоғары баға конкурстық құжаттамада көрсетiледi.
ЕСКЕРТУ. 114-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. № 1332 қаулысымен.
7. Аймақтық сипаты бар тауарларды, жұмыстарды және қызмет
көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру ерекшеліктері
115. Аймақтық сипаты бар (мысалы, тез бұзылатын азық-түлік өнімдері құрылыс материалдары және т.б.) тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу жөнінде конкурс өткізу кезінде конкурсты ұйымдастырушы аймақтар бойынша жеке конкурстар өткізуге құқылы.
8. Қорғаныстың, құқық тәртібінің және ұлттық қауіпсіздіктің
мұқтажын қамтамасыз етуге арналған
тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
116. Қорғаныстың, құқық тәртібінің және ұлттық қауіпсіздіктің мұқтажын қамтамасыз етуге арналған тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру заңға және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі, бұған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін құпиялылық режимін белгілеу талап етілетін жағдайлар қосылмайды.
117. Құпиялылық режимін белгілеу талап етілетін мемлекеттік сатып алулар ақпаратты (құпиялылық режимін) қорғау талаптары сақтала отырып жабық конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.
4-тарау. Ықтимал өнім берушіні мемлекеттік сатып алу процесіне
қатысудан шеттету
118. Уәкілетті орган қандай да бір ықтимал өнім берушіні мемлекеттік сатып алу процесіне қатысудан шеттету туралы шешім қабылдауға құқылы.
Ықтимал өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу процесіне қатысудан шеттету туралы шешімді уәкілетті орган мынадай негіздемелер бойынша қабылдайды:
1) ықтимал өнім берушінің мемлекеттік сатып алу процесінің алдындағы соңғы үш жылдың ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың кемінде біреуін тиісінше орындамауы және де мұндай iс-әрекеттер белгiленген тәртiппен сот арқылы расталған жағдайда;
2) ықтимал өнім беруші жеке тұлғаны соттың мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты қызметтің түрлерімен айналысудан белгіленген тәртіппен шеттетуі;
3) ықтимал өнім беруші заңды тұлғаның лауазымды адамын соттың мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты қызметтің түрлерімен айналысудан белгіленген тәртіппен шеттетуі;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайлар.
ЕСКЕРТУ. 118-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. № 1332 қаулысымен.
119. Тапсырысшы уәкілетті органға өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны туралы мәлімет тапсырады.
120. Уәкілетті органның ықтимал өнім берушіні мемлекеттік сатып алу процесіне қатысудан шеттету туралы шешімі барлық конкурсты ұйымдастырушылар мен тапсырысшылар үшін міндетті болып табылады.
5-тарау. Мемлекеттік сатып алумен байланысты қызметтегі
жариялылық
121. Өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді тапсырысшы ресми баспасөзде немесе Мемлекеттік сатып алулар туралы бюллетеньде жүйелі түрде жариялап отырады, бұған мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер қосылмайды.
122. Тапсырысшы немесе конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу процесі аяқталғанға дейін оған ықтимал өнім берушілер берген құпия сипаты бар барлық ақпараттарға қатысты құпиялылықты сақтауға міндетті.
123. Тапсырысшылар өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы есепті уәкілетті орган айқындайтын нысан мен тәртіп бойынша жасап, уәкілетті органға тапсырады.
6-тарау. Қорытынды ережелер
124. Конкурсты ұйымдастырушы немесе тапсырысшы қойылған міндеттің сипатын ескере отырып, мемлекеттік сатып алу процесінде оның қатысушылар арасында пайда болатын құқықтық, экономикалық, ғылыми және басқа мәселелер бойынша білікті көмек алу үшін тиісті біліктілік пен мамандықтағы консультанттарды жұмысқа тартуға құқылы.
125. Тапсырысшы мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
126. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасу немесе орындау процесінде тапсырысшы мен өнім беруші арасында пайда болатын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
127. Мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылар мемлекеттік сатып алу туралы заңдарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.