Заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында лотереялар (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыруға және өткiзуге мемлекеттік лицензиялар беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi № 653 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 қарашадағы № 3223 өкімін жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 103 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 2, 22-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының аумағында лотереялар (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткiзуге мына заңды тұлғаларға мемлекеттік лицензиялар берiлсiн:
«Қазақстан» кәсiподақтардың дене тәрбиесi-спорт қоғамы» қоғамдық бiрлестiгi;
«Парасат-Инвест» фирмасы - жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi;
«Қазақстан лотереясы» жабық акционерлік қоғамы;
«Жол қозғалысының қауiпсiздiгi ассоциациясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi;
Павлодар облысының аумағында «Қалалық мәдениет бөлiмi» мекемесi.
2.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.12.23. № 1328
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi