ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 122 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді
20. Нормативтік құқықтық акт (оның бөлімі немесе бөліктері):
акт немесе оның бөлімі (бөліктері) қабылданған мерзім аяқталған;
бұрын шығарылған құқықтық актінің, оның бөлімінің (бөліктерінің) ережелері қайшы келетін немесе бұрын шығарылған актіні немесе оның бөлімін (бөліктерін) қамтитын жаңа нормативтік құқықтық акт қабылданған;
Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген тәртіппен қабылданған акті конституцияға сәйкес емес деп танылған;
соттың шешімі бойынша акті немесе оның бөлімдері (бөліктері) жарамсыз деп танылған;
осы актіні қабылдаған орган немесе осыған уәкілетті өзге де орган актінің немесе оның бөлімдерінің (бөліктерінің) күші жойылған деп таныған;
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды
20-1. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда оның актілерiнiң күшi жойылды деп тану, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелердi оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешеді.
ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. № 1082; 01.10.04 ж. № 1017; 2006.14.02. № 99 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 21-тармақ өзгертілді
21. Нормативтік құқықтық актінің күші жойылған деп танылған не оның қолданылуы белгілі бір мерзімге тоқтатыла тұрған жағдайда осы актіні қабылдаған орган немесе осыған уәкілетті өзге де орган бір апталық мерзімнің ішінде, тиiстi растайтын актіні қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына және ол бұдан бұрын жарияланған ресми басылымдарға хабарлайды:
1) ақпараттардың дер кезінде ұсынылмағаны үшін нормативтік құқықтық актіні шығарған органның бірінші басшылары жауаптылықта болады.
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізіліміне, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізеді.
Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жеке нормативтiк құқықтық актiмен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 122 қаулысымен 7-1 тараумен толықтырылды
7-1. ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
22. ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
23. ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
24. ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)