Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 11 қаңтардағы № 33 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Республиканың министрлiктерi мен ведомстволарының тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылсын.
2. Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрамына өкiлдерi кiретiн республиканың министрлiктерi мен ведомстволарының тiзбесi қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
3. Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы Ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
4. Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестiң жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi белгiленсiн.
5. Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Төрағасы басқарады деп белгiленсiн.
6. Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестiң төрағасына Кеңестiң дербес құрамын құру тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 11 қаңтардағы
№ 33 қаулысына
Қосымша
Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық
кеңестiң құрамына өкiлдерi кiретiн Қазақстан Республикасының
министрлiктерi мен ведомстволарының
ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда
құрылыс салу министрлігі
Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі
Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт
министрлігі
Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі
Қазақстан Республикасының өнеркәсiпте жұмыстарды қауiпсiз
жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөніндегі комитет
Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және
сертификаттау жөніндегі комитетi
Республикалық санитарлық-эпидемиялық стансасы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас салық басқармасы
Қазақстан Республикасының Кеден комитетi
Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат
жөніндегі мемлекеттік комитетi
Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. № 1031 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 11 қаңтардағы
№ 33 қаулысымен
Бекiтiлген
Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі
ведомствоаралық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан былай - Кеңес) министрлiктер мен ведомстволардың тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының басқа да заңдық және нормативтiк өзге де актілерін, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
II. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары
3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
"Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Заңды жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының iс-қимылын үйлестiру;
"Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Заңның, тұтынушылар
мүдделерiне қатысты басқа да заңдық және нормативтiк өзге де
актiлердiң қолданылу практикасына талдау жасау;
тұтынушылар мүдделерiн қорғауды реттейтiн заң жобаларын, нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысу;
тұтынушылар құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөніндегі қоғамдық пiкiрдi зерделеу iсiн ұйымдастыру;
тұтынушылар мүдделерiне қатысты заңдық және басқа актiлер жобаларына, баға мен тарифтердiң деңгейi мен құрылымына, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетудiң сапасына тәуелсiз сараптама ұйымдастыру;
тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдарды насихаттау, барлық ұйымдық-құқықтық нысандарда, үлгiлер мен түрлерде білім беретiн мекемелерге, мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын қоғамдық ұйымдарға арналған тұтынушылар құқығы мәселелерi жөніндегі оқу бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу болып табылады.
Өзiне жүктелген мiндеттердi шешу кезiнде Кеңес Қазақстан Республикасының өкiлдi және атқарушы органдарымен әрi қоғамдық ұйымдарымен бiрлесiп iс-қимыл жасайды.
III. Кеңестiң құқықтары мен өкiлдiктерi
Өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн Кеңестiң:
министрлiктерден, ведомстволардан, ұлттық және мемлекеттік акционерлік және холдинг компанияларынан, жергiлiктi әкiмдерден, мемлекеттік және жеке меншiк кәсiпорындардан, ұйымдардан өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
қызметi тұтыну саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыру мәселелерiмен байланысты министрлiктер мен ведомстволардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан, ғылыми және зерттеу мекемелерiнен мамандарды, шетелдiк сарапшыларды сараптамалар мен конституциялар өткізу үшiн белгiленген тәртiппен тартуға;
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерiне қатысты заң актілерінiң жобаларын енгiзуге құқығы бар.
IV. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
4. Кеңес Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының өкiлдерiнен құралады. Кеңестiң құрамына, сондай-ақ қызметi тұтынушылар құқығын қамтамасыз етумен байланысты ғылыми және қоғамдық мекемелердiң, қоғамдық және басқа ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
Кеңес құрамын Кеңестiң төрағасы бекiтедi.
Кеңестiң жұмысына мамандарды, ғалымдарды, сарапшыларды және қызметi тұтыну саласындағы саясатты жүзеге асыру мәселелерiмен байланысты шет елдiк мемлекеттердiң әр түрлi ұйымдары мен мекемелерiнiң өкiлдерiн тартуға болады.
5. Кеңестi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы басқарады.
Кеңес мүшелерi өз құрамынан төрағаның орынбасарлары мен Кеңестiң хатшысын сайлайды.
6. Кеңестiң төрағасы, ол жоқ кезде - оның орынбасарларының бiрi Кеңестiң қызметiне басшылық етедi, мәжілістерде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды және қабылдаған шешiмдердiң жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды.
7. Кеңестiң мәжілістерi қажет болуына қарай, бiрақ тоқсан сайын кемiнде бiр рет өткiзiледi және хаттамалармен ресiмделедi.
8. Кеңес мәжілістерiнiң хаттамаларына мәжілісте төрағалық етушi мен Кеңестiң хатшысы қол қояды.
Мәжілістердiң хаттамалары Кеңес мүшелерiнiң қаперiне мәжіліс өткен күннен бастап бiр апта iшiнде жеткiзiледi.