Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауарлардың
жекелеген түрлерін тасымалдау туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 27 қарашадағы № 1202 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 1999.27.08. № 1263 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Кедендік бақылауды күшейту және тауарлардың жекелеген түрлерін республиканың аумағына заңсыз әкелудің жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 1999.27.08. № 1263 қаулысымен 1-тармақ өзгерді
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен Мемлекеттік кіріс министрлігінің спирт й Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тек теміржол көлігімен ғана тасымалдауды жүзеге асыру туралы ұсынысы қабылдансын. Көрсетілген министрліктер заңдарда белгіленген тәртіппен жоғарыда көрсетілген қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
2. Осы қаулы 1998 жылдың 15 желтоқсанынан бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі