Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 5 тамыздағы
№ 743 қаулысы
ҚР Үкіметінiң 30.03.99 ж. № 326 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы" 1998 жылғы 21 мамырдағы № 3958 және "Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды оңтайландырудың бұдан былайғы шаралары туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3986 Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi туралы ереже (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi аппаратының құрылымы (2-қосымша);
3) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитеттiң аумақтық органдарының тiзбесi (3-қосымша) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетiне өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың заңдарға қайшы нормативтiк құқықтық актілерінiң күшiн жою құқығы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетiнiң өзiне жүктелген мiндеттер аясында қабылдаған шешiмдерi заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобалары, органдардың нормативтiк құқықтық актілері Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi мен оның аумақтық органдарына олардың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша монополияға қарсы заңдарға сәйкестiгiн тексеру мақсатында мiндеттi түрде алдын ала келiсуге ұсынылады деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетiнiң орталық аппаратының штат саны 75 бiрлiк, аумақтық органдары аппаратының штат саны 423 бiрлiк;
қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитi орталық аппаратын үшiн 3 бiрлiк, аумақтық органдар үшiн 16 бiрлiк болып белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетiне Төрағаның екi орынбасарын ұстауға рұқсат етiлсiн.
7. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетiнiң орталық аппараты мен оның аумақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте мемлекеттік органдарды ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүргiзiледi деп белгiленсiн.
8. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетiне өзiне Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi берген мүлiктi жедел басқару құқығы берiлсiн.
9. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1779 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 54, 496-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 5 шiлдедегi
№ 743 қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
(Монополияға қарсы комитет) туралы
ЕРЕЖЕ
Миссиясы
Табиғи монополиялардың қызметiн мемлекеттік реттеу, бәсекелестiктi қорғау, монополиялық қызметтi шектеу, терiс пиғылды бәсекелестiктiң жолын кесу, тұтынушылардың мүдделерiн қорғау.
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрамына енбейтiн, баға, бәсекелестiк, тұтынушылардың құқығын қорғау салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын, сауда - өнеркәсiп саясатын iске асыруға жәрдемдесетiн монополияға қарсы заңдардың орындалуын қадағалайтын орталық атқару органы болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi, банкте шоттары болады.
4. Комитеттiң аппаратын және оның аумақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте орталық атқарушы органдары ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
5. Комитеттiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
II. Басымдықтары
6. Комитеттiң басымдықтары мыналар болып табылады:
баға, бәсекелестiк, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеу және iске асыру;
табиғи монополия субъектiлерi мен мемлекеттік органдардың көрсететiн қызметтерiне бағаларды реттеу;
монополияға қарсы заңдардың сақталуын қадағалау.
III. Негiзгi мiндеттерi
7. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу;
табиғи монополия және мемлекеттік органдар көрсететiн қызметтер саласында баға мен тарифтер белгiлеудiң кемсiтпеу әдiстерiн әзiрлеу және енгізу;
монополиялық қызметтiң, нарықтағы үстем жағдайын терiс пайдаланудың алдын алу және оларға жол бермеу, терiс пиғылды бәсекелестiктiң алдын алу және жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау;
тауар және қаржы рыноктарында жекелеген шаруашылық субъектiлерiнiң үстем болу деңгейiн бақылау;
мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсету тәртібін бақылау;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленетiн уәкiлеттi орган жүргiзетiн сауда-өнеркәсiп саясатының iске асырылуына жәрдемдесу;
тұтынушылардың мүдделерiн қорғау және тұрғын үй-коммуналдық реформалар жүргiзу жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу.
IV. Комитеттiң функциялары
8. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң мемлекеттік регистрiн, Қазақстан Республикасының Монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттік регистрiн қалыптастырады және жүргiзедi;
табиғи монополияшы ұйымдардың өнiмi мен мемлекеттік органдар көрсететiн қызметiнiң бағаларын реттеудi жүзеге асырады;
мемлекеттік бюджет пен индикативтiк жоспардың қажеттiлiгiне арнап табиғи монополияшылардың субъектiлерi өнiмдерiнiң бағасы мен тарифтерi өзгеруiнiң болжамын әзiрлейдi;
табиғи монополия субъектiлерiнiң шығындарын қалыптастыру және тарифтерiн реттеудiң рәсiмдерi мен әдiстерiн әзiрлейдi және енгiзедi, олардың нақты шығындарына бақылау жасайды;
Қазақстан Республикасының Үкіметінiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметi, бәсекелестiктi дамыту, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерi және Комитеттiң құзыретiне кiретiн басқа да мәселелер бойынша қабылданатын шешiмдерiнiң жобаларына мiндеттi түрде қорытындылар бередi;
нарықта үстем жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бiрiктiрiлген, қосылған кезде, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъект сол тауар рыногында жұмыс iстейтiн басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң акцияларын, пайларын, қатысу үлесiн сатып алған кезде монополияға қарсы заңдардың сақталуына мемлекеттік бақылау жасайды;
Қазақстан Республикасының Парламентiне, Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне нарықтың жағдайы мен ондағы бәсекелестiк туралы баяндамалар, монополияға қарсы заңдарды және оларды қолдану практикасын жетiлдiру туралы ұсыныстарды белгiленген тәртiппен жолдайды;
Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын белгiленген тәртiппен ұсынады;
монополияға қарсы заңдардың сақталуын қадағалайды;
мемлекеттік органдардың монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жүзеге асыруына бәсекелестiктi дамыту жөніндегі шараларды iске асыруын үйлестiредi және оларға бақылау жасайды;
акционерлендiру, мемлекеттік меншiк объектiлерiн жекешелендiру бағдарламаларының жобаларын әзiрлеуге қатысады және келiседi, сондай-ақ олардың сенiмдi басқаруға берiлуiн келiседi;
шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн нарықтағы iс жүргiзу ережелерiн әзiрлейдi және енгiзедi;
табиғи монополияға субъектiлерiн қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
үстем жағдайға ие, бәсекелестiктi шектейтiн және монополиялық қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi анықтау мақсатында нарыққа талдау жасайды;
тұтынушылар қол жеткiзе алатын өзара алмастырылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң шекарасын анықтайды;
монополияланған тауар және қаржы нарықтарын монополиясыздандыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi және iске асырады;
төлем жасау қабiлетiн тұрақты түрде жоғалтқан жағдайда монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қатысты санация, қызметiн тоқтату немесе банкроттық рәсiмiн қолдану жобаларын келiседi;
кәсiпорындардың мүлкiн немесе монополияшы ұйымдардың акцияларының бақылау пакеттерiн, үлестерi мен пайларын сатып алуға, сондай-ақ сенiмдi басқаруға беруге қорытындылар бередi;
нарықта монополияны болдырмау мақсатында акционерлік қоғамдарды қосуға қорытындылар бередi;
мемлекеттік органдардың және өзге де тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тұрғын үй-коммуналдық реформаларды жүргiзу жөніндегі ұйымдардың iс-әрекетiн үйлестiредi;
тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша шет елдердiң мемлекеттік органдарымен және мемлекеттік емес ұйымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысады.
V. Құқықтары
9. Комитеттiң өзiне жүктелген мәселелердi жүзеге асыру және мiндеттердi орындауы кезiнде:
табиғи монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өнiмiне және мемлекеттік органдардың көрсететiн қызметтерiне бағалар (тарифтер) немесе олардың шектi деңгейiн белгiлеуге;
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi табиғи монополияшылар деп тануға; табиғи монополияшылардың өнiмдерiне (жұмыстарына, қызмет көрсетуiне) бағаларды өзгерту мәселелерi бойынша жария тыңдаулар өткiзуге;
табиғи монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң материалдық құндылықтар мен қызмет көрсетулердi сатып алуына тендерлер өткiзуге қатысуға;
өз құзыретiнiң шегiнде орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
нарықта үстем жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi монополияшылар деп тану туралы шешiм қабылдауға;
монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы iстерге өз құзыретiнiң шегiнде тексеру жүргiзуге және қарауға, кiнәлiлердi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
монополияшылар деп танылған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қолданылатын монополияға қарсы реттеу әдiстерi туралы шешiмдер қабылдауға;
мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өзiнiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
Комитет құзыретiнiң шегiнде заң бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік органдарға, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге орындалуы мiндеттi ұйғарымдар беруге;
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бағаның мемлекеттік тәртібін бұзуының нәтижесiнде алған сомаларын бюджет кiрiсiне алу туралы шешiмдер қабылдауға;
Комитет алқасының мәжілістерiнде Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң басшыларын тыңдауға;
Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ресми түсiнiктемелер беруге;
тексерулер мен сараптамалар жүргiзуге басқа ұйымдардан мамандар тартуға;
бағаның мемлекеттік тәртібінiң, монополияға қарсы заңдардың,
тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңдардың бұзылуын жою мақсатында сотқа талаппен жүгiнуге, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың талаптарын қолдауға;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсыруы бойынша халықаралық шарттар мен келісімдерге қол қоюға;
өз өкiлеттiктерi мен функцияларының бiр бөлiгiн аумақтық органдарға беруге; заңдарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi пайдалануға құқығы бар.
VI. Комитет пен оның лауазымды адамдарының
жауапкершiлiгi
10. Комитет заңды тұлға ретiнде Қазақстан Республикасының заңдарының нормаларына сәйкес өзiне тапсырылған мiндеттердiң дер кезiнде және сапалы орындалуына жауапты.
Комитетке тапсырылған мiндеттердiң орындалуына Комитет төрағасы тiкелей жауап бередi.
VII. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
11. Комитеттi заңдарда белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Төраға - Министр (бұдан әрi Төраға) басқарады.
12. Төрағаның оның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары, оның iшiнде бiр орынбасары - Атқарушы директор болады.
13. Комитет төрағасының орынбасары - Атқарушы директор Комитет төрағасы болмаған кезде оны алмастырады.
14. Комитеттiң төрағасы:
Төраға орынбасарларының арасында мiндеттердi бөледi, құрылымдық бөлiмшелер басшылары мен Комитеттiң басқа да жауапты қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi;
Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерiн және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсе отырып аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайтын және қызметтен босатады;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
аумақтық органдардың құзыретiне жататын мәселелердiң шеңберiн белгiлейдi;
қызметкерлердiң белгiленген саны мен еңбекақы төлеу қорының шегiнде аумақтық органдардың құрылымын, бөлiнген қаржы шегiнде оларды ұстауға арналған шығыстардың сметасын бекiтедi;
Комитет аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi, аумақтық органдар туралы ережелердi бекiтедi;
өз өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн аумақтық органдардың басшыларына бередi;
өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
тәртiптiк жазалар қолданады; заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң құрылымдық
бөлiмшелерiн құру немесе тарату туралы ұсыныстар енгiзедi;
Комитеттiң құзыретiне кiретiн басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
15. Комитетте құрамына Комитет төрағасы, төрағаның орынбасарлары, Комитет аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдардың басшылары кiретiн алқа құрылады.
Алқаның жеке құрамын Комитет төрағасы бекiтедi.
Алқа шешiмдерi қаулы түрiнде шығарылып, оған Комитет төрағасы қол қояды.
16. Комитет қабылдаған шешiмдер Төрағаның бұйрығымен ресiмделедi.
17. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiне сәйкес монополияға қарсы заңдарды бұзушылық туралы iстердi қарау үшiн Комитетте Әкiмшiлiк комиссиясы құрылады.
Әкiмшiлiк комиссиясының жеке құрамын Комитеттiң төрағасы бекiтедi.
18. Комитет жанынан Комитет қызметiнiң барлық бағыттары бойынша, оның iшiнде тексерiстер жүргiзуге көмек көрсету үшiн сараптық кеңестер құрылуы мүмкiн.
Сараптық кеңестердiң жеке құрамы ғалымдар мен мамандардан, Комитеттiң, Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi ен ведомстволарының, қоғамдық ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың қызметкерлерiнен қалыптастырылады және оны Комитет төрағасы бекiтедi.
19. Комитет жүйесiне облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитеттер (бұдан әрi - аумақтық комитеттер) кiредi.
Аумақтық комитеттер заңды тұлғалар болып табылады.
20. Аумақтық комитеттердiң негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары аумақтық комитеттер туралы ережелерде белгiленедi.
21. Аумақтық комитеттердi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Комитеттi ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
22. Комитеттi және оның аумақтық органдарын тарату және қайта ұйымдастыру заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 5 тамыздағы
№ 743 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Табиғи монополияларды реттеу басқармасы
Монополияға қарсы заңдардың сақталуын қадағалау басқармасы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тұрғын үй реформасы
басқармасы
Мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсетулерi бөлiмi
Ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлiмi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 5 тамыздағы
№ 743 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
аумақтық органдарының
ТIЗБЕСI
Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
Жамбыл облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi
Оңтүстiк Қазақтан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi