Қазақстан Республикасындағы жер қойнауының мемлекеттік мониторингi туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 1373 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасындағы Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi туралы берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 27 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасындағы жер қойнауының
мемлекеттік мониторингi туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Ереже Қазақстан Республикасы аумағындағы жер қойнауы мемлекеттік мониторингiнiң мақсаты мен мiндеттерiн, оны жүргiзудiң құрылымы мен тәртібін айқындайды.
2. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi жер қойнауының мемлекеттік қорын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету және олардың өзгеруiн уақытылы айқындау, бағалау, жағымсыз процестердiң алдын алу және оның салдарын жою үшiн жер қойнауының жай-күйiн байқау жүйесiн бiлдiредi.
3. Жер қойнауы мемлекеттік мониторингiнiң объектiсi Қазақстан Республикасының жер қойнауы және ондағы болып жатқан процестер болып табылады.
4. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi қоршаған ортаны (атмосфераны, ашық суларды, жерлердi, өсiмдiктердi, жануарлар әлемiн және т.б.) қадағалаудың өзге жүйелерiмен өзара әрекеттестiкте қызмет етедi.
5. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi Қазақстан Республикасы қатысатын жер қойнауы мен қоршаған ортаны жаппай қадағалаудың халықаралық бағдарламасына қосылады.
6. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингiн Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
7. Жер қойнауының жай-күйi мен оны пайдалану туралы ақпараттарға ие министрлiктер, мемлекеттік комитеттер және басқа да орталық атқарушы органдар, заңды және жеке тұлғалар оларды Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігіне беруге мiндеттi.
II. Жер қойнауы мемлекеттік мониторингiнiң
мақсаты мен мiндеттерi
8. Жер асты суларын қосқанда, жер қойнауының мемлекеттік қорын тиiмдi пайдалануды ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану мен қорғауды басқару жер қойнауы мемлекеттік мониторингiнiң мақсаты болып табылады.
9. Жер қойнауын мемлекеттік қадағалаудың негiзгi мақсаттары:
а) тау-кен жиыныстарының жай-күйiн, оның iшiнде олардың зиянды химиялық және радиоактивтi құрамдармен ластануын;
жер асты суларының жай-күйiн;
қауiптi геологиялық процестердi (экзогендiк және эндогендiк);
пайдалы қазбалар кен орындарын;
зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлген полигондардың және ағынды суларды жер қойнауына жiберудiң, жер асты ғимараттарының жай-күйiн;
геофизикалық, сейсмикалық және басқа өрiстердi сипаттайтын деректер алу үшiн жер қойнауының жай-күйiн бақылау;
ә) жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланудың жай-күйiн бағалау;
б) жер қойнауы жай-күйiнiң өзгеруiне болжамдар жасау;
в) жер қойнауының жай-күйi өзгеруiнiң жағымсыз зардаптарын болдырмау, әлсiрету немесе жою жөніндегі тиiстi мемлекеттік органдар әкiмшiлiк шешiмдер қабылдау үшiн нұсқаулықтар әзiрлеу;
г) жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланудың жай-күйi, жағымсыз әсер ететiн факторлар, сондай-ақ жер қойнауы жай-күйiнiң өзгеруiне байланысты мүмкiн болатын төтенше жағдайлар туралы ақпараттар беру;
ғ) жер қойнауына зиянды әсердi болдырмау, сондай-ақ жер қойнауын экологиялық сауықтандыру және оны тиiмдi пайдалану жөніндегі шаралардың тиiмдiлiгiн бақылау және бағалау болып табылады.
III. Жер қойнауы мемлекеттік мониторингiнiң объектiлерi,
оның мазмұны, құрылымы және оны жүргiзудiң тәртібі
10. Жер қойнауы мемлекеттік мониторингiнiң объектiлерiне тау-кен аудандарын қоса есептегендегi табиғи және табиғи-техногендiк жүйелер, мұнай-газ өндiрiлетiн шеткерi жерлер, жер асты суларының бассейiндерi, пайдалы қазбалардың, оның iшiнде жер асты суларының кен орындары, суы бар кешендер мен көкжиектер, су жiбермейтiн қабаттар, геологиялық процестер өтiп жатқан (карст, суффозия, эрозия және т.б.) геологиялық денелер, геофизикалық, сейсмикалық, гравитациялық және басқа өрiстер, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауы ластанған учаскелер, кен өндiру және су қорғандары және т.б. жатады.
11. Аумақтық жүргiзу саласына байланысты, жер қойнауының мемлекеттік мониторингiн зерттеудiң егжей-тегжейлiгiне байланысты жергiлiктi, аймақтық және республикалық болып бөлiнедi.
Жергiлiктi мониторинг жер қойнауын пайдалану учаскелерi, пайдалы қазбалар кен орындарын барлау (карьерлер, шахталар, скважиналар, су қорғандары ғимараттары, көму полигондары, суды төмендету қондырғылары және т.б.), жер қойнауының ластанған учаскелерi, урбанизацияланған аумақтар, суару алқаптары және т.б. кiретiн жекелеген табиғи-техногендiк жүйелердiң шеңберiнде жүргiзiледi.
Аймақтық мониторинг геологтық-құрылымдық, гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық және басқа ерекшелiктер, әкiмшiлiк, экономикалық, экологиялық және басқа шекаралар, жер қойнауының жай-күйiне әсер ететiн табиғи және техногендiк факторлардың кешендi ескерiле отырып жекелеген табиғи жүйелердiң аумағында жүргiзiледi.
Республикалық мониторинг жалпы мемлекеттік маңызы бар iрi аймақтарды бөле отырып, шельфтердi қосқандағы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жүргiзiледi.
12. Жер қойнауы мемлекеттік мониторингiнiң мазмұнын:
жер қойнауының жай-күйiн және оның жекелеген компоненттерiн, ондағы болып жатқан процестердi жүйелi бақылау, деректердi алу, жинақтау, талдау және жер қойнауында болып жатқан өзгерiстердi анықтау;
табиғи және техногендiк факторлардың (қазба байлықтарын өндiру, су шаруашылығы қызметi және т.б.) әсер етуiне байланысты жер қойнауының жай-күйiн зерттеу және бағалау;
тау-кен жыныстарының ыдырауының немесе қозғалуының пайда болуымен тау-кен жыныстарының өзгеруiне, олардың механикалық және физикалық-химиялық қасиеттерiнiң өзгеруiне, тұрақтылығының нашарлауына, сондай-ақ тау-кен жыныстарының ластануына;
жер асты сулары қорының сарқылуына және ластануына (химиялық, биогендiк және т.б.), гидродинамикалық және гидрогеохимиялық жағдайлардың: жер асты суларын тыңайтудың, ағызудың, босатудың және температуралық режимiнiң өзгеруiне;
экзогендiк және эндогендiк геологиялық процестердiң (карст, суффозия, тотығу және дефляция, жыныстардың шөгуi және жер бетiнiң отыруы, жер қыртысының сорлануы, су басуы, геофизикалық, сейсмикалық және басқа өрiстер және с.с.) жандануына әкелiп соғатын;
пайдалы қазбалар кен орындарын игерудiң тиiмдi әдiстерiн таңдауды және басқаларды қосқандағы жер қойнауын тиiмдi пайдалану және қорғау, техногендiк факторлардың керi әсерiн төмендету жөнiнде шаралар жасау мақсатында жер қойнауын жай-күйiнiң өзгеруiн болжау, жер қойнауына шектi жол берiлетiн техногендiк салмақты айқындау; жер мен инженерлiк ғимараттарды қорғау құралдарын негiздеу құрайды.
Жер қойнауының және онда болып жатқан процестердiң жай-күйi жер қойнауының жекелеген компоненттерi үшiн белгiленетiн сандық және сапалық көрсеткiштерi (жер асты суларының деңгейi, температурасы, химиялық және газдық құрамы, тау-кен жыныстары мен қыртыстарының гранулометрлiк құрамы, өсуi, тығыздығы, су өткiзгiштiгi, ылғалдығы, сүзу коэффициентi, деңгейлiк пьезо өткiзгiштiгi, қатпарлық және тығыздық қысымы, конденсация қысымы, алдамшы болып көрiнетiн электр кернеуi, радиоактивтiлiгi, қазба байлықтар қорының мөлшерi, оларды өндiрудiң көлемi және т.б.) кешенi бойынша анықталады. Бұл жағдайда жер қойнауы мемлекеттік мониторингiнiң барлық пункттерi мен полигондары бойынша байқау жүргiзiлетiн көрсеткiштердiң негiзгi кешенi және белгiлi бiр аймақтарға, аудандарға және жекелеген учаскелерге тән арнайы көрсеткiштер ерекшеленедi. Бүтiндей алғанда көрсеткiштердiң құрамы, байқаулардың жиiлiгi мен мөлшерi әдiстемелiк көрсетулермен және нұсқаулармен айқындалады және жер қойнауының мемлекеттік мониторингiн жобалау процесiнде белгiленедi.
Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi жүйесiне пайдалы қазбалардың пайдаланылатын қорларын, оның iшiнде жер асты суларын, жер қойнауын пайдаланушыларды және жер қойнауын пайдалануды есепке алу, жер асты суларының мемлекеттік кадастрын жүргiзу, сондай-ақ табиғи және табиғи-техногендiк геологиялық процестердiң құбылыстарын есепке алу кiредi.
13. Жер қойнауының зерттелiп жатқан компоненттерiнiң және ондағы болып жатқан процестердiң маңыздығына қарай жер қойнауының мемлекеттік мониторингi мынадай жүйешелердi:
аэрация аймағын қосқандағы тау-кен жыныстарының ластануының мемлекеттік мониторингiн;
қатты пайдалы қазбалардың, мұнай және газ кен орындарының мемлекеттік мониторингiн;
жер асты суларының мемлекеттік мониторингiн;
экзогендiк және эндогендiктi қосқандағы, қауiптi геологиялық процестердiң мемлекеттік мониторингiн;
зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлген полигондардың және жер қойнауына лас суларды жiберудiң, жер асты ғимараттарының мемлекеттік мониторингiн;
жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік мониторингiн қамтиды.
Зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлген полигондардың және жер қойнауына ағын суларды жiберудiң, жер асты ғимараттарының мемлекеттік мониторингi жүйешесi, зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлген полигондардың, жер қойнауына ағын суларды жiберудiң, жер асты ғимараттарының мемлекеттік кадастрларын жүргiзудi қамтиды.
Пайдалы қазбалар кен орындарының мемлекеттік мониторингi жүйешесi кен орындарының және пайдалы қазбалар көрiнiсiнiң, техногендiк минералды құрылымдардың және пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы мемлекеттік кадастрларын жүргiзудi қамтиды.
Жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік мониторингi жүйешесi жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың жер қойнауының жай-күйiне әсерiн бағалаудан тұрады.
14. Жекелеген жүйешелердiң өзара iс-әрекетi жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану жағдайының жекелеген көрсеткiштерiнiң орталықтығымен, бақылау желiлерiнiң iлеспелiлiгiмен, ақпараттық-компьютерлiк кешендердiң өзара байланысының, ұйымдастырушылық құрылымдардың бiрыңғайлылығымен айқындалады.
Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi жүйесi ашық болып табылады. Оның даму мөлшерiне қарай жаңа жүйешелер қалыптаса алады.
15. Жер қойнауларының жай-күйi табиғи және бұзылған алаңдарда құрылатын бақылау желісі жер қойнауын мемлекеттік қадағалаудың негiзi болып табылады.
Жер қойнауы мемлекеттік мониторингiнiң бақылау желісін:
а) гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық және басқа мақсаттарға арналған скважиналар;
құдықтар;
каптирленген бұлақтар;
өзендердегi, каналдардағы және басқа су айдындарындағы гидрометриялық постылар;
су тепе-теңдiгi ғимараттар;
арнайы геодезиялық желiлер пункттерi;
жер қойнауын пайдалану объектiлеріндегі бақылау пункттерi және т.б. кiретiн пункттер;
б) әдiстердi пысықтау, бақылау және ақпараттар беру жүйелерiнiң техникалық құралдарын сынау жүргiзiлетiн арнайы бөлiнген аумақтарды бiлдiретiн полигондар құрайды.
16. Мемлекеттік мониторингтiң бақылау желісіне мемлекеттік бақылау желiлерi, ведомстволық және жеке желiлер, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың желiлерi кiредi.
Мемлекеттік бақылау желісі:
жер қойнауының, техногендiк өзгерiстердi бағалау кезіндегі эталон ретiнде, жер асты суларын және қауiптi геологиялық процестердi қосқандағы, табиғи жай-күйiн зерттеуге арналған фондық;
жер қойнауының аймақтық ерекшелiктерiн, оның iшiнде жер асты сулары мен қауiптi геологиялық процестердi, олардың табиғи аномалияларын және техногенездiң әсерiнен болған жағымсыз құбылыстарын зерттеуге арналған аймақтық;
әлеуметтiк-экономикалық жағынан анағұрлым күрделi гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық және тау-кен техникалық жағдайы бар, оларға техногендiк факторлардың кешендi әсер ету жағдайындағы маңызды учаскелердегi жер қойнауының техногендiк өзгерiстерiн егжей-тегжейлi зерттеуге арналған жергiлiктi болып бөлiнедi.
Ведомстволық бақылау желісі аталмыш ведомствоның мiндеттерiн шешу кезiнде жер қойнауының жер асты сулары мен қауiптi геологиялық процестердi қосқандағы жай-күйiн зерттеуге арналған бақылау пункттерiнен тұрады.
Жеке бақылау желісі жер қойнауын пайдаланушыға (табиғатты пайдаланушыға) бөлiнген жер, геологиялық және тау-кен бөлiнiстерiнiң шегiнде жер қойнауын пайдалануға (табиғатты пайдалануға) арналған лицензиялық және контрактiлiк шарттарға сәйкес құрылады және жер қойнауының, оның iшiнде жер асты суларының техногендiк өзгерiстерiн және қауiптi геологиялық процестердiң дамуын жедел анықтауға және зерттеуге арналады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың бақылау желісі құрылыс салудың, жер асты коммуникацияларының және басқа да инженерлiк ғимараттардың әсерiнен жер қойнауы жай-күйiнiң өзгеруiн анықтау, зерттеу үшiн қалалық және басқа да аумақтардың шегiнде құрылады.
17. Мемлекеттік байқау желісінiң пункттерi мен полигондарында жер қойнауының мемлекеттік мониторингiн жүргiзудi мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурстық негiзде ұйымдар жүзеге асырады.
Жер қойнауының мемлекеттік мониторингiнiң мемлекеттік байқау желісінiң пункттерi мен полигондарын орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдар беретiн жер учаскелерiнiң мөлшерлерiн нормативтiк-әдiстемелiк және жобалау-техникалық құжаттамаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі айқындайды.
18. Ведомстволық және жеке желiлердi, жергiлiктi атқарушы органдардың желiлерiн құру және пайдалану, жер қойнауының мемлекеттік мониторингi қызметiне берiлетiн ақпараттардың құрамы, нысаны және мерзiмi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігімен және оның бөлiмшелерiмен келісіледi, жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар мен контрактiлерде, сондай-ақ табиғатты пайдалану құқына арналған басқа да құжаттарда бекітіледi.
19. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингiн жүргiзу үшiн байқаудың ара-қашықтық аэрокосмостық (аэрогеологиялық және т.б.), жердегi стационарлық және жылжымалы құралдары мен әдiстерi, суретке түсiрудiң геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, геоэкологиялық және т.б.), радиогидролиттiк-химиялық, гамма-спектрометрлiк және басқа да арнаулы геоэкологиялық зерттеулердiң, барлау жұмыстарының деректерi, сондай-ақ қорлық геологиялық материалдар, байқаудың ведомстволық, жеке және өзге желiлеріндегі байқау желiлерiнiң байқау нәтижелерi пайдаланылады.
Топографиялық, геологиялық және гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, геоэкологиялық және басқа да арнайы карталар жер қойнауын мемлекеттік қадағалаудың картографиялық базасы болып табылады.
20. Жер қойнауының жай-күйiн ұдайы болжауды қоса есептегендегi деректердi сақтау және өңдеу үшiн автоматтандырылған ақпараттық жүйе қолданылады. Бағдарламалық құралдар жүйесi түрлi деңгейлер арасында ақпараттардың, сондай-ақ басқа табиғи орталар байқау жүйелерiнiң деректер жиынтығының стандартталған түрде алмасылуын қамтамасыз ете отырып ақпараттарды бiрыңғай әдiстемелiк негiзде жинақтауды, өңдеудi және сақтауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беруi тиiс.
21. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi жүйесiнде жер қойнауы мен жер қойнауын пайдаланудың жай-күйi туралы деректердiң мемлекеттік ақпараттық банкi құрылады.
22. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi координаттар мен биiктiктердiң, жүктегiштердiң бiрыңғай жүйесiн, бiрлiктердiң, деректердiң стандарттық форматтарының, көрсеткiштер кешенiнiң және бiрегей нормативтiк-әдiстемелiк және техникалық базалардың жүйесiн пайдалануға негiзделген бастапқы әр тектi деректердi салыстырушылық принципiн сақтай отырып жүргiзiледi.
IV. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi қызметi
23. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi қызметi Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң жүйесiнде ұйымдастырылады. Ол республикалық, аумақтық, облыстық дәрежелердегi байқау қызметтерi мен ақпараттық-талдау орталықтарын қамтиды.
24. Жер қойнауы мемлекеттік мониторингi ұйымдық құрылымдарын жетiлдiрудi, байқаудың мемлекеттік желісін ынталандыруды Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі жүзеге асырады.
25. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi қызметiнiң:
қызметi жер қойнауын пайдаланумен немесе жер қойнауына басқадай әсер етумен байланысты мемлекеттік басқару органдарынан, заңды және жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі белгiлеген нысандарда және мерзiмдерде жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланудың жай-күйi туралы ақпаратты талап етуге;
жер қойнауын пайдаланушылардың мониторингтi жүргiзуiне әдiстемелiк басшылықты және бақылауды жүзеге асыруға;
жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік мониторингiн байқаудың мемлекеттік желісін ұйымдастыруға және оны пайдалануға;
байқау пункттерi мен полигондарын, режимдi гидрогеологиялық скважиналарды және жер қойнауы мемлекеттік мониторингiнiң мемлекеттік желісіне кiретiн басқа да ғимараттарды салу және пайдалану үшiн барлық санаттардағы жерлерден үнемi пайдалануға жер учаскелерiн алуға құқығы бар.
26. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi қызметi:
ведомстволық және жеке байқау желiлерiнiң деректерiн пайдалана отырып жер қойнауы мемлекеттік мониторингiнiң мемлекеттік желісі бойынша жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланудың жай-күйiне жүйелi түрде байқау жүргiзуге;
жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланудың жай-күйi туралы деректер жинауды жүргiзуге, оларды қорытуға, талдауға және оның өзгеруiне болжам жасауға, сондай-ақ әкiмшiлiк шешiмдер қабылдау және мүдделi органдарға қажеттi ақпараттар беру үшiн нұсқаулар әзiрлеуге;
жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік мониторингi саласында әдiстемелiк және нормативтiк құжаттар әзiрлеу және оны енгiзуге мiндеттi.
27. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi қызметi өз қызметiнде өздерiнiң байқау пункттерi мен полигондарында жер қойнауының жай-күйiн байқауды жүзеге асыратын мемлекеттік, ведомстволық және жеке тұлғалардың тиiстi қызметтерiн функциялық жағынан қамтиды.
V. Қаржыландыру
28. Бақылау пункттерi мен полигондарын құруды, пайдалануды, ұстауды, консервациялауды және жоюды қосқандағы бақылаудың мемлекеттік желісінде жер қойнауының мемлекеттік мониторингiн жүргiзудi, ақпараттық-талдау орталықтары, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтары мен тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды ұстауды осы жұмыстарға мемлекеттік тапсырысты конкурсқа қою жолымен Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі жүзеге асырады және мемлекеттік бюджеттiң қаражаттары есебiнен қаржыландырылады.
29. Ведомстволық, жеке желiлерде, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың байқау желiлерiнде жер қойнауының жай-күйiне байқау жасау және оны жүргiзу, олардың өз қаражаттарының есебiнен қаржыландырылады.
30. Жер қойнауы мониторингiнiң халықаралық бағдарламаларын қаржыландыру халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.