Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы
ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1791 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың пәрменділігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 45, 410-құжат) және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығын іске асыру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1551 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 шілдедегі № 1076 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1997 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1791 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Салық комитеті туралы
ЕРЕЖЕ
Миссиясы
Барлық деңгейдегі салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ салық заңдарына және басқа да заң актілеріне сәйкес мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету.
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі - Салық комитеті) және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірыңғай жүйесіне кіреді және тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген мөлшерде және сомада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің толық және уақытылы түсуі үшін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуы үшін жауап беретін мемлекеттік органдар болып табылады.
2. Салық комитеті және оның аумақтық органдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті мен Үкіметінің актілерін, өзге ден нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Салық комитетінің құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал оның штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бекітеді.
4. Салық комитеті мен оның аумақтық органдары Республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін ұстауға көзделген қаражаттың есебінен ұсталады.
5. Салық комитеті және оның аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады, оның банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен бланкілері болады.
II. Басымдықтары
6. Салық комитеті өз қызметінде мынадай басымдықтарды басшылыққа алады:
салықтарды, төлемдерді және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді төлеуден жалтарған адамдарды анықтау жолымен мемлекеттік кірістердің өсуін қамтамасыз ету;
салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, сондай-ақ мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді басқаруды жетілдіру;
салық заңдарын және салықтардың және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуін көздейтін басқа да заң актілерін насихаттау мен түсіндіру жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру.
III. Негізгі тапсырмалары
7. Салық комитетінің өз қызмет аясындағы негізгі тапсырмалары мыналар болып табылады:
салықтардың, бюджет төлемдерінің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, сондай- ақ міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
бюджетке төленетін төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуін көздейтін салық заңдарының және басқа да заң актілерінің тиімділігін зерделеу;
салық салу мәселелері жөніндегі заңдардың, халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, бюджетке төленетін төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуін көздейтін салық заңдары мен басқа да заң актілерінің өзгерістері туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру;
салықтарды, мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді төлемеуге байланысты фактілерді не заңды және жеке тұлғалардың салықтардың және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түспеуіне немесе толық түспеуіне байланысты мемлекетке зиян келтіруге әкеп соққан, кірістерін жасыру немесе кеміту, салық салу объектілерін жасыру мақсатында жасалған әрекеттерін анықтау.
IV. Функциялары
8. Салық комитеті өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды атқарады:
төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің бюджетке түсуін көздейтін салық заңдары мен басқа да заң актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің бюджетке түсуін көздейтін салық заңдары мен басқа да заң актілерінің бұзылуы туралы арыздарды, хабарламаларды және басқа да ақпараттарды тексеруді жүзеге асырады;
салық төлеушілердің арасында төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің бюджетке түсуін көздейтін салық заңдары мен басқа да заң актілерінің қолданылуы туралы түсіндіру жұмысын жүргізеді;
салық заңдарының бұзылуына талдау және бағалау жүргізеді және салықтық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізеді;
аумақтық салық органдарының салық, бюджетке төленетін төлемдерді және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелер жинау жөніндегі есептерін алады, қорытады және талдайды;
аумақтық салық органдарының салық, бюджетке төленетін төлемдер және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелер жөніндегі жұмыстарының ұйымдастырылуына тексеру жүргізеді;
салық органдарында тіркелмеген заңды тұлғалар бойынша салық есебіне қою мақсатымен есеп жасайды және әділет органдарымен бірлесіп, салыстыру жүргізеді;
декларацияларын ұсынбаған заңды тұлғалар бойынша есеп жасайды;
салықты және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді мәжбүрлі өндіріп алу жөнінде жүргізілген жұмыстарға есеп береді және талдау жасайды;
салық органдарының бақылау-экономикалық жұмысының нәтижелері туралы тоқсан сайынғы есепті жасайды;
аумақтық салық органдарына жұмысты ұйымдастыру жөнінде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
кадрлардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар жүргізеді;
қолда бар келісімдерге сәйкес шет мемлекеттердің салық органдарымен және халықаралық салық ұйымдарымен байланысты жүзеге асырады, шет елдердің салық қызметтерінің қызметті ұйымдастыру тәжірибелерін зерделейді және оны Қазақстан Республикасы Салық органдарының қызметінде практикалық қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
өз құзыретінің шегінде салық салу мәселелері бойынша халықаралық келісімдерді іске асырады;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Фискальды саясат департаментімен бірлесе отырып, өзінің құзыретінің шегінде әдістемелік және нұсқаулық материалдарды әзірлейді және бекітеді, төленетін төлемдерді және мемлекет алдындағы қаржылық басқа да міндеттердің бюджетке түсуін көздейтін салық заңдары мен басқа да заң актілерін қолдану жөнінде түсіндірмелер дайындайды;
ақпараттық жүйелер мен салық органдарын автоматтандырудың және компьютерлендірудің басқа да құралдарын құру жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
V. Құқықтары
9. Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін Салық комитетінің:
заңды (ерекше жұмыс режимі бар заңды тұлғаларды қоса алғанда) және жеке тұлғаларда ұсынылған ұйғарымдардың негізінде барлық ақша құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарына, есептілікке, сметаларға, қолда бар ақшаға, бағалы қағаздарға және басқа да құндылықтарға, есеп айырысуларға, декларацияларға және салықты, бюджетке төленетін басқа да төлемдерді және мемлекет алдындағы өзге де қаржылық міндеттемелерді есептеуге және төлеуге байланысты өзге де құжаттарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіп пен шарттар бойынша тексеру жүргізуге, ұйымдардың лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерінен, сондай-ақ азаматтардан аталған тексерулердің барысында туындаған мәселелер бойынша анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алуға;
өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде ұйымдар мен азаматтардың кіріс алу үшін пайдаланылатын не салық салу объектілерін ұстауға байланысты өндірістік, қойма, сауда және өзге де үй-жайларын орналасқан жеріне қарамастан, қолданылып жүрген заңдарды сақтай отырып тексеруге;
ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарына, сондай-ақ азаматтарға анықталған төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуін көздейтін салық заңдарының және басқа да заң актілерін бұзушылықтарды жою туралы орындауы үшін міндетті нұсқаулар беруге және олардың орындалуын бақылауға;
заңдарда көзделген жағдайларда банктік шоттарға салық, айыппұл, өсім және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелері сомаларын алуға инкассалық тапсырмалар (өкімдер) беруге;
анықталған салық заңдарын бұзушылықты жою туралы талаптар орындалмаған, тексеріс пен тексерулерге жібермеген, салық органдарына есеп айырысуларды, декларацияларды және пайда алуға, салық салу объектілерін ұстауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді және мемлекет алдындағы өзге де қаржы міндеттемелерін есептеуге байланысты басқа да құжаттарды ұсынбаған, салық органдарының талап етуі бойынша анықталған тәртіп бұзушылықтарды жойғанға дейін қаржылық есептілікті ұсынбаған жағдайларда ұйымдар мен азаматтардың банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы шоттары бойынша шығыстық операцияларды уақытша тоқтатуға. Салық заңдарын бұзу фактілерін анықтаған кезде салық органдары алынған заттардың тізімі көрсетілген актінің көшірмесін төлем жасаушыға тапсыра отырып, салық заңдарын бұзу фактілерін куәландыратын құжаттарды, ақша және материалдық қаражаттарды алуға құқылы;
салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға қолданылып жүрген заңдарда көзделген санкциялар мен айыппұлдарды қолдануға;
белгіленген мерзімде салықты және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді, айыппұлдарды және өсімді төлемеген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығаруға;
сауда және басқа да ұйымдарда, жеке кәсіпкерлерде тауарларды (өнімдерді), ұсынылатын жұмыстар мен қызмет көрсетулерін бақылаулық сатып алуларын жүргізуге;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жазбаша сұрау салудың негізінде тек қызметтік мақсатта басқа заңды тұлғалардан, банктерден және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан, биржалардан және азаматтардан тексеріліп отырған ұйымдар мен азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, банк шоттарындағы операциялары және ақша жағдайы туралы мәліметтер, анықтамалар, сондай-ақ құжаттар алуға;
тексерулер мен сараптамалар жүргізуге ұйымдардың білікті мамандарын, басқа бақылау органдарының қызметкерлерін салық органдарының қаражаты есебінен ақы төлей отырып тартуға;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ұйымдар мен азаматтарға салықты және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, сондай-ақ мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді төлеу бойынша мерзімін ұзартуға және бөліп төлеуге рұқсат беруге;
аумақтық салық комитеттерінің шешімдері қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеген жағдайда олардың күшін жоюға немесе тоқтатуға құқылы.
VI. Міндеттері
10. Салық комитеті өз қызметінде:
салық төлеушілердің құқықтарын және мемлекеттің мүддесін сақтауға және қорғауға, салықтардың және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің дұрыс есептелуіне, толық және уақтылы төленуін бақылауды жүзеге асыруға;
салық төлеушілер мен салық салу объектілерінің уақтылы есепке алынуын қамтамасыз етуге, бюджетке есептелген және төленген салықтардың және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің есебін жүргізуге;
заңдарға сәйкес есептелген салық және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің сомасымен салыстырғанда артық енгізілген сомаларды салық төлеушілерге қайтаруға;
Қазақстан Республикасының салық заңдарын бұзушылық туралы арыздарды, хабарламалар мен басқа да ақпараттарды тексеруге;
салық төлеушілер туралы ақпараттың құпиясын сақтауға;
декларацияларды және салықты, мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді есептеу мен төлеуге байланысты өзге де құжаттардың нысандарын әзірлеуге;
салық заңдарын бұзу фактілерін жинауға, талдауға және оларға баға беруге, салық заңдарын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізуге;
салық төлеушілерді тиісті салық комитеттерінің басшылары қол қойған ұйғарымдар бойынша ғана тексеру жүргізуге;
қаржы органдарына салық және бюджет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің түскен сомалары туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген нысан мен мерзімдерде есептер ұсынуға;
салықты және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді (айыппұлдар мен өсімдерді есептемегенде) жасыру сомасы заңды тұлғаларда 2000 есе айлық есепті көрсеткіштен және жеке тұлғаларда 500 есе айлық есепті көрсеткіштен асатын салық төлеушілер бойынша материалдарды Салық полициясы департаментінің органдарына беруге;
акциялардың мемлекеттік пакеті бар акционерлік қоғамдардың дивидендтерді дұрыс есептеуіне және оларды уақтылы төленуіне бақылау жасауға міндетті.
VII. Жауапкершілігі
11. Салық комитеті:
салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етпегені үшін;
салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуі жөніндегі есептіліктің дұрыстығы үшін жауап береді.
VIII. Қызметін ұйымдастыру
12. Салық комитетінің облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерінен тұратын тік бағыныстағы органдары болады.
13. Салық комитетінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бекітетін ереженің негізінде іс-қимыл жасайтын кеңесші орган болып табылатын Кеңес құрылады.
14. Салық комитеті өзіне берілген өкілеттіктер шегінде арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ аумақтық салық органдарының жұмыстарын үйлестіру мен оған басшылық жасауды дербес жүзеге асырады.
15. Салық комитетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Салық комитеті төрағасының орынбасарларын Салық комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерінің төрағалары мен орынбасарларын, сондай-ақ аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерінің төрағаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерінің қызметкерлерін, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерінің қызметкерлерін облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерінің төрағалары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
16. Салық комитетінің төрағасы:
Салық комитетінің және оның аумақтық органдарының жұмыстарын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Салық комитетіне жүктелген міндеттердің орындалуы және олардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді;
Салық комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің орынбасарлары мен жетекшілерінің міндеттерін және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
Салық комитеті орталық аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Салық комитетінің басқармалары туралы ережелерді және аумақтық салық комитеттері туралы үлгі ережелерді бекітеді;
Салық комитетінің құрылымдық бөлімшелері басшылары мен аумақтық салық органдары басшыларының салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуі жөніндегі есептерін тыңдайды;
өз құзыретінің шегінде бұйрықтар шығарады;
облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерінің құрылым мен штат санын бекітеді;
тәртіптік шаралар қолданады;
өз құзыретінің шегінде Салық комитетін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес білдіреді;
өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
17. Барлық деңгейдегі салық органдарында әлеуметтік даму және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қоры құрылады.
Салық органдарындағы әлеуметтік даму және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын пайдаланудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
18. Салық комитеті өз жұмысында Салық полициясы департаментімен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, бақылау жасаудың бірлескен шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
19. Салық комитетінің қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады.
20. Салық комитетінің қызметкерлері республикалық бюджеттің қаражаты есебінен міндетті жеке сақтандырылуға жатады.
21. Салық комитетін тарату және қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.