7. Республикалық палатаның кірісін (мүлкін) қалыптастыру көздері:
1) республикалық палата мүшелерінен жарналардың түсуі;
2) асыл тұқымдық куәліктерді беру бойынша қызметтер көрсетуден алынған кірістер (бланкінің құны);
3) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер болып табылады.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 28-3-баппен толықтырылды; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-3-бап жаңа редакцияда
28-3-бап. Республикалық палатаның құрылымы мен өкілеттіктері
1. Республикалық палатаның құрылымы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу мен үйлестіруге бірлесіп жауап беретін алқалы органнан, республикалық палата кеңесінен және атқарушы органнан тұрады.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Алқалы орган - республикалық палата мүшелерінің жиналысы, ол жоғары басқару органы болып табылады.
Алқалы орган республикалық палатаны дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша шешімдерді айқындайды және қабылдайды.
Алқалы орган жылына бір реттен сиретпей шақырылады. Алқалы органның кезектен тыс жиналысы республикалық палата мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісінің талап етуі бойынша шақырылуы мүмкін.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Республикалық палатаның жарғысына сәйкес республикалық палата кеңесін үш жыл мерзімге алқалы орган сайлайды және ол республикалық палата мүшелерінің мүдделерін білдіреді.
Республикалық палата кеңесінің құрамы алқалы органның шешімімен қайта сайлануы мүмкін.
Республикалық палата кеңесінің құрамы жыл сайын үштен біріне жаңартылып отырады, республикалық палата кеңесінің төрағасы үш жылда бір рет сайланады.
Республикалық палата кеңесінің құрамын қалыптастыру кезінде өңірлердің тең өкілдігі қамтамасыз етіледі.
4. Республикалық палата кеңесі Қазақстан Республикасының заңдарында және республикалық палатаның жарғысында белгіленген құзыретке сәйкес республикалық палата қызметіне жалпы басшылықты және оны басқаруды жүзеге асырады.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Республикалық палата кеңесінің құрамына ауыл шаруашылығы бейініндегі Қазақстан Республикасы ғылыми ұйымдарының өкілдері және республикалық палата мүшелері кіреді.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Республикалық палата кеңесінің төрағасы республикалық палата кеңесі мүшелерінің арасынан сайланады және оны алқалы орган бекітеді.
Сол бір адам республикалық палата кеңесінің төрағасы болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
7. Республикалық палата кеңесінің отырысы республикалық палата жарғысына сәйкес белгіленеді.
8. Республикалық палата кеңесі:
1) жұмыс регламентін айқындайды және атқарушы органның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асырады;
2) республикалық палатаның бюджетін бекітеді;
3) алқалы органға тарифтік саясатқа өзгерістер енгізуді ұсынады;
4) алқалы органға атқарушы директор кандидатурасын бекітуге ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9. Атқарушы орган:
1) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығының таңдалған бағытына қарай асыл тұқымды мал басын есепке алуды ұйымдастырады;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) арқылы бірінші санатты етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды және екінші санатты етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды есепке алуды ұйымдастырады;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулыққа және (немесе) индекстік бағалау жүргізу қағидаларына және (немесе) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпақ сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларына және (немесе) геномдық бағалау жүргізу қағидаларына және (немесе) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына сәйкес асыл тұқымды жануарлардың, оның ішінде асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың асыл тұқымдық құндылығын айқындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
3) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымды өнімге (материалға) асыл тұқымдық куәліктер беруді (жоюды) жүзеге асырады;
4) импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тануды жүзеге асырады;
5) 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) таза қанды және таза тұқымды жануарлар бойынша асыл тұқымдық кітаптарды бөлек жүргізеді және басып шығарады;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) бонитирлеу, индекстік бағалау, асыл тұқымды тұқымдық жануарларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау, геномдық бағалау, асыл тұқымды жануарларды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) деректеріне мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға оның нәтижелері туралы хабар береді;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) алқалы органмен келісу бойынша тұқым стандартын бекітеді;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізіліміне енгізу үшін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша асыл тұқымды жануарлар тізілімін жүргізеді және оның деректерін уәкілетті органға ұсынады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Асыл тұқымдық өнімге (материалға) мәртебе мен асыл тұқымдық куәлік беруді - республикалық палатаға мүшелігіне қарамастан, жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші негізінде республикалық палата жүзеге асырады.
6-тарау. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен алып тасталды
7-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
дауларды шешу және оның қызметiн жүзеге асыру кезіндегі жауаптылық
30-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезіндегі дауларды шешу
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
8-тарау. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды
мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
32-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасы мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседi.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
33-бап. Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жасау құқығы
Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелдіктермен және (немесе) шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасады.
Қазақстан Республикасының
Президентi