9-43) Алматы қаласында және Алматы агломерациясында әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 9-44) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9-44) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес Алматы қаласында жол жүрісін ұйымдастыру үшін жауап беретін, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 9-45) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9-45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының аумағында орынтұрақ кеңістіктерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді, 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттар алынбай, 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін салынған жылжымайтын мүлікке қолданылады)
4-1-бап. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия
1. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттар алмай, өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесінде тұлға салған жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу туралы мәселелерді қарайтын, жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган болып табылады.
2. Комиссияның қарауына жататын аумақтар мен объектілерді Алматы қаласының жергілікті өкілді органы бекітеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген аумақтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс мақсаттары үшін жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне немесе жер пайдалануына берілмейтін жер учаскелері жатқызылмайды.
3. Әкімнің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары комиссия төрағасы болып тағайындалады.
Комиссияның құрамы Алматы қаласының жергілікті өкілді органының депутаттары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері және өзге де адамдар қатарынан қалыптастырылады.
4. Комиссия Алматы қаласының аумағындағы, құқықтары ресімделмеген жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу мәселелері бойынша қорытынды шығарады.
Қорытындыны дайындау кезінде комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жылжымайтын мүліктің сәулет, қала құрылысы, құрылыс талаптарына, экологиялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да талаптарға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы мәселелерді қарайды.
Комиссияның жұмысы туралы ақпарат Алматы қаласы атқарушы органының интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылады.
5. Комиссияның қорытындысына комиссияның барлық мүшесі қол қояды және ол ұсынымдық сипатта болады.
Комиссия мүшесінің ерекше пікірі болған жағдайда, ол қорытындыға қол қоймайды және ерекше пікірі комиссия төрағасына жазбаша түрде ұсынылады.
6. Алматы қаласының атқарушы органы комиссияның оң қорытындысы негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу туралы шешім қабылдайды.
4-2-бап. 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-3-бап. 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бап. 2004.20.12 № 13-III алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
6-бап. 2004.20.12 № 13-III алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
7-бап. Алынып тасталды
8-бап. Алынып тасталды
Қазақстан Республикасының