Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1759 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын басқарудың құрылымын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1033 қаулысындағы 6-тармақтың үшiншi абзацының күшi 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылған деп танылсын;
"Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437 қаулысының 7-тармағындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 16, 131-құжат) "заңда белгiленген тәртiпте белгiлi бiр елдi мекен үшiн бекітілген бiрыңғай ставкалар, тарифтер және нормативтер бойынша" деген сөздер "заңда белгiленген тәртiпте бекітілген бiрыңғай ставкалар, тарифтер және нормативтер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары