Құпия өнертабыстар үшiн өтемақылар мен сыйақылардың сараланған
мөлшерiн және оларды төлеудiң тәртібін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 1470 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүддесiн қорғау, құпия өнертабыстарды жасау мен пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Патент иесiне өнертабысты құпиялағаны үшiн, өнертабыстың құндылығына қарай, есептiк көрсеткiштiң 10-нан 15-ке дейiнгi мөлшерiнде өтемақылар төлеу бекітілсiн.
2. Авторларға құпия өнертабыстар жасағаны үшiн бiржолғы көтермелеу сыйақысын, сондай-ақ оларды пайдаланғаны үшiн сыйақыны төлеу тараптардың арасындағы келісімге сәйкес белгiленген мөлшерде жүргiзiлсiн, бұл ретте сыйақы сомасы есептiк көрсеткiштен кем болмайды.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы алдын ала патент немесе патент бергеннен соң бiр ай мерзiм iшiнде өнертабыстарды құпиялағаны үшiн ақшалай өтемақы мен бiржолғы көтермелеу сыйақысын төлеудi, сондай-ақ патент бажын төлеудi және құпия өнертабысқа арналған өтiнiмдердi сараптауға ақы төлеудi жүргiзсiн.
4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi