Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1533 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы 31 шiлдедегi № 1197 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
"Қазақгаз" мемлекеттік холдинг компаниясы мен "Алаугаз" акционерлік қоғамының газ көлiгi жүйесiнiң мүлiктiк жалға және сенiмдi басқаруға берiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"1997 жылғы арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
аталған қаулының қосымшасында:
мұнай-газ кешенi деген III.3-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 58 және 59 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"58 Қазақстан Республика. Үкiмет 1997 Энергетика.
сының газ саласын қаулысы жылғы ресурсминi,
дамыту бағдарламасын желтоқсан Әдiлетминi,
әзiрлеу Экономсауда.
минi, Мем.
кеденкомы
59 Көлiкте табиғи газды Үкiмет 1997 Көлiккомминi,
пайдалануды кеңейту қаулысы жылғы Энергетика.
жөніндегі 1998 жылға желтоқсан ресурсминi".
арналған бағдарламаны
әзiрлеу
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi