Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1533 және 1997 жылғы 7 қаңтардағы № 14 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 27 мамырдағы № 887 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1. "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулысының қосымшасына:
"Реформаларды заңдық қамтамасыз ету" деген ҮII бөлiмде, реттiк нөмiрi 111, мына жолдар алынып тасталсын:
"Жастар туралы" Заң жобасы, наурыз Жастурспортминi,
Үкiмет 1997 ж. Әдiлетминi",
қаулысы
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылға арналған Заң жобасы жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 7 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы Заң жобасы жұмыстарының жобасына:
реттiк нөмiрi 30, жолдар алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi