Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетiнiң
құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 29 сәуірдегі № 395 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1791 қаулысын iске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетiнiң ұйымдық құрылымына жүргiзiлiп отырған қайта құруға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетiнiң қоса берiлiп отырған құрылымы бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 29 сәуірдегі
№ 395 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі Салық комитетiнiң
құрылымы
Ұйымдастыру-инспекторлық басқарма
Бақылау-талдама басқармасы
Салық жинау методологиясы басқармасы
Салық аудит басқармасы
Салық төлеушiлермен жұмыс iстеу жөніндегі басқарма
Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы