Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 мамырдағы № 562
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 10 наурыздағы
№ 192 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Әлеуметтiк сала объектiлерiн жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасын iске асыруды жеделдету, бюджеттік мекемелердiң мемлекеттік мүлкiн сату жөнiнде саудаластық жүргiзумен байланысты қызметтi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөніндегі ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 мамырдағы № 562 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 19, 166-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекітілген Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөніндегі ережеде:
"Мүлiктiк кешендер мен мүлiктi бағалау" деген II бөлiмде:
мынадай мазмұндағы 6-iшкi бөлiммен толықтырылсын:
"6. Жекешелендiру объектiсi ретiнде бюджеттік мекеменiң бағасын анықтау
21. Мүлiктiк кешен ретіндегі бюджеттік мекеменiң бастапқы бағасы шығыстар сметасының атқарылу балансы деректерiнiң негiзiнде анықталады. Мекеменiң балансы мемлекеттік мүлiкке билiк етуге уәкiлеттi мемлекеттік орган жекешелендiру туралы шешiм қабылдаған күнге берiледi.
Мекеменiң бастапқы бағасы (МекББ) мынадай формула бойынша анықталады:
МекББ= МекА-МекШ-МекМ-Нқт+МекК, мұнда
МекА - мекеме активтерiнiң жалпы құны (шығыстар сметасының атқарылу балансының 440 жолы);
МекШ - мекеменiң шығыстары (шығыстар сметасының атқарылу балансы Активiнiң "Шығыстар" деген 7-бөлiмi жолдарының қосындысы);
МекМ - мекеменiң мiндеттемелерi (шығыстар сметасының атқарылу балансы Пассивiнiң "есептер" деген 3-бөлiмi жолдарының қосындысы);
Нқт - негiзгi құралдардың тозуы (шығыстар сметасының атқарылу балансы Пассивiнiң "Қорлар және мақсаты арналымды құралдар" деген 2-бөлiмi жолдарының қосындысы);
МекК - мекеменiң арнайы құралдары бойынша кiрiстерi (шығыстар сметасының атқарылу балансының 720 және 360 жолдарының оң айырмасы).
Жекешелендiру сәтіндегі жұмсалмай қалған бюджет қаражатының жұмсалуына арналған лимиттiң бос қалдығы тиiстi бюджеттiң кiрiсiне есептелуге тиiс.
22. Жер учаскесiне деген меншiк немесе тұрақты жер пайдалану құқығының құнын бағалау осы Ереженiң 2-iшкi бөлiмiне сәйкес жүргізiледi.
23. Жекешелендiрiлген мекеменiң Сатып алушысының азаматтық құқықтары мен мiндеттемелерiнiң құқықтық мұрагерлiгi сатып алу-сату шартына қол қойылған сәттен басталады.
Мекеме Сатып алушының меншiгiне кредиторлық және дебиторлық берешегiмен бiрге сатылады.
24. Мекеменiң жекешелендiру объектiсi ретіндегі бағасы мекеменiң саудаластық барысында белгiленген сату бағасынан және мекеменiң үй-жайлары немесе ғимараттары алып жатқан бүкiл жер учаскесiне немесе оның белгiлi бiр бөлiгiне деген меншiк немесе тұрақты жер пайдалану құқығының бағалау құнынан құралады";
6-iшкi бөлiм 7-iшкi бөлiм болып есептелсiн;
21-30-тармақтар тиiсiнше 25-34-тармақтар болып есептелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi