Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N
1001 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1857 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "Салық төлеушiлердi салық есебiнде аударым жасау тәсiлiне көшiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 20 маусымдағы № 1001 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 28, 251-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "1997" деген сан "1998" деген санмен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзац "салықтарды" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацта:
"салық сомаларын" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
"өсiм" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi