Бюджеттен тыс қорларға аударымдарды төлеушiлердiң жеке шоттарын
салық органдарына беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 30 желтоқсандағы № 1861 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қаржының бюджеттен тыс қорларға толық және уақытында түсуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры 2 апта мерзiм iшiнде салық органдарына 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бюджеттен тыс қорларға төлеушiлердiң жеке шоттарын берсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жол қорына, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына қаржының толық, дұрыс және уақтылы түсуiне бақылауды қамтамасыз ететiн болсын.
3. Заңды және жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының аумағына кіру, одан шығу және ол арқылы жүру үшiн ақы алу, сондай-ақ ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн ақы алу құқығы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінде қалдырылсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен аталған қорларға салық төлеушiлердiң аударымдарын жинау жөніндегі өзара iс-қимылының және оны үйлестiрудiң тәртібін әзiрлесiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi