Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi
туралы ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1781 қаулысы
ҚР Үкіметінің 09.10.98 ж. № 1028 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығымен "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығын жүзеге асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1551 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi туралы ереже бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 шiлдедегi № 1061 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 30, 274-құжат), көрсетiлген қаулының 2-тармағын қоспағанда, күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы
18 желтоқсандағы
№ 1781 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
Қаржы бақылау комитетi (Қаржыминiнiң Қаржы
бақылаукомы) туралы
ЕРЕЖЕ
Миссиясы: бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуына, мемлекеттік меншiктiң тиiмдi пайдаланылуына және оның сақталуын қамтамасыз етуге мемлекеттік қаржы бақылауын жүзеге асыру.
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) барлық деңгейлердегi бюджеттiң атқарылуына, мемлекеттік меншiктiң, қаржы ресурстарының, мемлекеттiң кепiлдiгiмен тартылған мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы заемдардың, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қаражатының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң, Премьер-Министрінің актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң құрылымына кiредi және өзiне бағынысты аумақтық органдардың жүйесiнде Қаржы министрлігі құзыретiнiң және өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шегiнде арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы болып табылады.
4. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, мемлекеттік тiлде өзiнiң атауы жазылған және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрi мен бланкiлерi болады.
Комитеттiң облыстар мен Ақмола және Алматы қалалары бойынша басқармалары, сондай-ақ қалалардағы - облыс орталықтары мен облыстық бағыныстағы қалалардағы штаттық саны 20 және одан да көп адамнан тұратын бөлiмдерi заңды тұлғалар болып табылады, жедел басқару құқығында мүлiктерге иелiк етедi, банктерде ағымдағы және өзге де шоттары мен мемлекеттік тiлде өзiнiң атауы жазылған және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрi болады.
5. Комитеттiң құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, ал облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша басқармаларының құрылымдарын - Комитетпен келісім бойынша бөлiнген санының шегiнде осы органдардың басшылары бекiтедi.
6. Комитет пен оның аумақтық органдарын ұстауға арналған қаржы шығыстарын қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
II. Басымдықтары
7. Комитеттiң басымдықтары:
жалпы мемлекеттік және жергiлiктi бағдарламалар мен шараларды iске асыруға бөлiнген бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына;
мемлекеттік меншiктiң тиiмдi пайдаланылуы мен сақталуының қамтамасыз етiлуiне;
мемлекеттiң кепiлдiгiмен тартылған мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы заемдардың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына;
құқық қорғау органдарымен бiрлесiп, сыбайлас жемқорлық пен экономика саласындағы қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі шараларды жүзеге асыруына;
кiнәлi тұлғалардың есебiнен мемлекетке келтiрiлген материалдық залалдың толық өтелуiнiң және мақсатсыз пайдаланылған қаражаттың бюджетте қалпына келтiрiлуiнiң қамтамасыз етiлуiне мемлекеттік қаржы бақылауын қамтамасыз ету болып табылады.
III. Комитеттiң мiндеттерi
8. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
жергiлiктi бюджеттердiң қалыптастырылуы мен атқарылуына, бюджеттік қаражаттың есебiнен ұсталатын министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, ведомстволардың, сондай-ақ өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсiпорындардың және ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметiне, мемлекеттік меншiктiң, мемлекеттiң кепiлдiгiмен тартылған мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы заемдардың, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар қаражатының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына қаржы бақылауын жүзеге асыру;
мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдарда ұрлау мен жетiспеушiлiктi, сондай-ақ қаржы қаражаты мен мүлiктi тиiмсiз пайдалану фактілерін болдырмау мақсатында тексерулер мен тексерiстердiң материалдарын қорытудың негiзiнде мемлекеттік қаражат пен ресурстарды ұтымды пайдалану, төлем тәртібін, бюджет пен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысуды жақсарту, бақылауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
IV. Комитеттiң функциялары
9. Комитет пен оның аумақтық органдарына қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында мынадай функциялар:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен Жоспарға сәйкес Комитеттiң жұмысын жүргiзу;
жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру мен атқару жөніндегі жұмыстардың жай-күйiн кешендi тексеру;
республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың шығыстар сметаларының атқарылуына тексерулер мен тексерiстер жүргiзу;
мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуымен шаруашылық жүргiзушi серiктестiктердiң Тiзiлiмiне сәйкес, белгiленген тәртiппен, мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуымен шаруашылық жүргiзушi серiктестiктердiң қаржы-шаруашылық қызметтерiне тексерулер мен тексерiстер жүргiзу;
мемлекеттік және мемлекеттiң кепiлдiгiмен тартылған мемлекеттік емес сыртқы заемдардың, мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдар алған iзгiлiк және қаржы көмектерiнiң, сондай-ақ халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдар мен донор елдердiң техникалық көмек заемының тиiмдi және мақсатты пайдаланылуына, мемлекеттік лотореяларды өткiзуге бақылау жасау;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерiнiң шетелдiк iс сапарларға жұмсаған қаражатына бақылау жасау;
Қазақстан Республикасының шет елдердегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерiн қаржыландыруға бөлiнген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуына тексерiс жүргiзу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резерв қорынан бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына тексерiс жүргiзу;
жедел айналыстағы вексельдер мен мемлекеттік қазынашылық мiндеттемелердi өтеу үшiн бөлiнген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуына тексерiс жүргiзу;
акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер есептеудiң дұрыстығына және олардың бюджеттiң кiрiсiне толық түсуiне бақылау жасау;
мемлекеттік органдар мен меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдарға бөлiнген бюджеттік қаражаттың пайдаланылуына және бюджеттік ұйымдармен өзара қаржы-шаруашылық қатынастарына қатысты мәселелер бойынша тексерiстер мен тексерулер жүргiзу;
мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға тексерулер мен тексерiстер жүргiзу;
өз құзыретiнiң шегiнде Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментiмен бiрлесiп мемлекеттік меншiктi жекешелендiрудi жүргiзу кезiнде белгiленген тәртiптiң сақталуына тексерiстер, сондай-ақ шетелдiк фирмалардың (инвесторлардың) басқаруына берiлген мемлекеттік кәсiпорындарға тексерiстер жүргiзудi жүзеге асыру;
өз құзыретiнiң шегiнде және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жоғары тұрған органдар мен әкiмдердiң тапсырмасы бойынша, өзге де орталық атқарушы органдардың өтiнiмi бойынша, азаматтардың хаттары мен өтiнiштерi бойынша мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдарға тексерiстер мен тексерулер жүргiзу;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлігі органдарының, Бас прокуратурасының ұсынысы бойынша және соттың шешiмi бойынша мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметтерiне тексерiстер мен тексерулер жүргiзу;
аумақтық органдардың жұмыстарын ұйымдастыру, оларға бақылау-тексеру жұмыстарын жүргiзуде практикалық және әдiстемелiк көмектер көрсету жүктеледi.
V. Комитеттiң құқықтары
10. Комитет пен оның аумақтық органдарының өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруы кезiнде:
тексерiлетiн объектiлерде тиiстi құжаттаманы (жоспарлар, сметалар, есептер, бухгалтерлiк, банктiк және қаржы құжаттары) және ақша қаражаттарының, бағалы қағаздарының және материалдық құндылықтардың iс жүзiнде болуын тексеруге;
тексерулер мен тексерiстер жүргiзу кезiнде белгiленген тәртiппен министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге және өзге де орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға, мемлекеттік кәсiпорындарға, бюджеттік ұйымдарға, мемлекеттік банктерге, әскери бөлiмдерге және олардың бөлiмшелерiне бөгетсiз кiруге;
тексерiлетiн кәсiпорындар мен ұйымдардың кассаларына, кассалық және қызмет бөлмелерiне, қоймаларына және архивтерiне сүргi салуға, ал құқық бұзушылық (құжаттарды өтiрiк жасау және жалған беру, бюджеттік қаражатты шығындау, ұрлау, зиянкестiкпен пайдалану, мақсатсыз пайдалану) аңғарылған кезде белгiленген тәртiппен қажеттi құжаттарды алуға, олардың алынғандығы туралы актi жасауға және iстерде алынған құжаттардың көшiрмесiн немесе қаттамасын қалдыруға;
тексерiлетiн ұйымдардың басшылары мен басқа да қызметкерлерiнен тексеру мен тексерiстiң барысында пайда болған мәселелер бойынша жазбаша түсiндiрме талап етуге және алуға;
тексерулер мен тексерiстерге қатысу үшiн басқа ведомстволардың мамандарын тартуға;
тексерулер мен тексерiстердiң процесiнде тексерiлетiн ұйымның басшыларымен бiрлесiп, анықталған қаржы тәртiптерiнiң, бухгалтерлiк есеп жүргiзу тәртібінiң бұзылуын жою, келтiрiлген залалды өтеу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдауға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекiткен нысан бойынша, әр кәсiпорынның (ұйымның) тұрғысында жарты жылдықтың нәтижесi бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындар мен өзге де ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметтерiнiң нәтижелерi туралы есептер алуға;
тексеру комиссиясының құрамында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен Тiзбеге сәйкес шаруашылық жүргiзушi серiктестiктердiң қаржы-шаруашылық қызметтерiне тексерулер мен тексерiстер жүргiзуге қатысуға;
тексерулер мен тексерiстердiң материалдары, талдаудың нәтижелерi бойынша мемлекеттік органдарға, ұйымдарға ашылған тәртiп бұзушылықтарды жою туралы, атқару үшiн мiндеттi қаржы-шаруашылық қызметi туралы есептер беруге, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен залалды өтеу және кiнәлi адамдарды жауаптылыққа тарту жөнiнде өзге де шаралар қабылдауға;
шығындау, ұрлау, қызмет жағдайын асыра пайдалану және тексерiлген объектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметіндегі өзге де құқық бұзушылықтар жөніндегі тексерулер мен тексерiстердiң материалдарын тергеу органдарына жолдауға;
тергеу органдарынан осы материалдар бойынша қабылданған шешiмдердiң нәтижелерi туралы және егер ондай болған болса, материалдық залалды өтеу туралы мәселенiң шешiлуi жөнiнде ақпарат алуға;
салық заңдарын бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдарды жасырылған салықтар мен төлемдердi, айыппұлдық және әкiмшiлiк санкцияларды қоса есептегенде, бюджетке өндiрiп алу жөнiнде оны iске асыру және шаралар қабылдау үшiн салық органдарына беруге;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық департаментiне мақсатсыз тұрғыда пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды, ағымдағы қаржыландырудың есебiне есептеудi жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгiзуге құқығы бар.
VI. Лауазымды тұлғалардың жауаптылығы
11. Комитет пен оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруы кезiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен осы Ереженi қатаң басшылыққа алуға, тексерулер мен тексерiстер жүргiзу кезiнде алынған мәлiметтердi тек қызметтiк мақсатта пайдалануға мiндеттi.
12. Лауазымды тұлғалар өз мiндеттерiн орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны және мемлекеттік және коммерциялық құпияларды сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылықта болады.
VII. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
13. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады.
14. Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын екi орынбасары болады.
15. Комитеттiң төрағасы Комитеттiң және оның аумақтық органдарының қызметiне басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және олардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.
16. Комитеттiң төрағасы:
өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен номенклатураға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
тәртiптiк жаза қолданады;
өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
өз құзыретiнiң шегiнде қолданылып жүрген заңға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiм қабылдайды.
17. Қалалық және аудандық бөлiмдердiң қызметкерлерiн (басшыларынан басқа) қызметке қабылдауды және босатуды, қаржыландыруды және оларды ұстау жөніндегі шығыстарды есептеудi, қажет болған кезде қызмет көрсететiн банк мекемелерiнен ақша қаражатын аудару үшiн атаулы ағымдағы шоттар ашу арқылы Комитеттiң облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша басқармалары жүзеге асырады.
18. Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерi материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету жағдайлары бойынша, ал Комитеттiң басшылары көлiктiк қызмет көрсету жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі орталық аппаратының қызметкерлерiне теңестiрiледi.
19. Комитеттi тарату мен қайта ұйымдастыру заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.