Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар
жөніндегі агенттiгi Статистика және талдау жөніндегі комитетiнiң
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 18
желтоқсандағы № 1776 қаулысы
ҚР Үкіметінiң 16.09.98 ж. № 907 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығына және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Статистика және талдау жөніндегі комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын құру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1552 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Статистика және талдау жөніндегі комитетi туралы ереже;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi Статистика және талдау жөніндегі комитетiнiң құрылымы;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi Статистика және талдау жөніндегі комитетiнiң қарамағындағы аумақтық органдар мен ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Статистика және талдау жөніндегі комитетiне Төрағаның екi орынбасары, оның iшiнде Төрағаның бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi Статистика және талдау жөніндегі комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерiнiң саны 383 адам болып бекітілсiн.
4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi Статистика және талдау жөніндегі комитетiнiң аумақтық органдары үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитi 15 бiрлiк санында белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi Статистика және талдау жөніндегі комитетiнiң аумақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте жергiлiктi органдарды ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Статистика және талдау жөніндегі комитетi бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | | | | | | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1776 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау
және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Статистика
және талдау жөніндегі комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
Миссиясы: объективтi статистикалық ақпарат жинауды және таратуды қамтамасыз ету, орталық атқарушы органдардың статистика қызметi саласындағы жұмыстарын үйлестiру.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Статистика және талдау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттік статистика саласындағы заңдарға сәйкес арнаулы функцияларды дербес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ведомствосы болып табылады.
Комитет елде мемлекеттік статистиканы ұйымдастыруды қамтамасыз етедi, статистикалық деректердiң объективтiлiгi мен халықаралық деңгейде әдiстемелiк салыстырылуын қамтамасыз ететiн салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, статистиканы жетiлдiрудiң мемлекеттік саясаты мен бағдарламасын iске асырады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi туралы ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитеттiң аппараты мен оның аумақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте көзделген қаржының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарттық негiзде статистикалық қызметтер көрсетуден түскен кiрiстердiң есебiнен жүзеге асырылады.
4. Комитеттiң құрылымы мен оның аумақтық органдарының штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
5. Комитеттiң орталық аппаратының штат санын Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi белгiлейдi.
6. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi болады.
II. БАСЫМДЫҚТАРЫ
7. Комитеттiң басымдықтары:
мемлекеттік статистика саласындағы жұмыстарды жүзеге асыру және үйлестiру;
халықаралық талаптарды ескере отырып статистикалық қызметтi жүйелi реформалау;
жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;
статистикалық көрсеткiштердiң объективтiлiгi мен транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
III. КОМИТЕТТIҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI
8. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
статистика саласында мемлекеттік саясатты жүргiзу және басшылық жасау;
ғылыми әдiстер мен халықаралық стандарттардың негiзiнде бiрыңғай статистикалық ақпарат жүйесiн жасау жұмысын жүргiзу және жетiлдiру;
статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, анықтығын және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету;
елде жүрiп жатқан экономикалық және әлеуметтiк процестер мен олардың даму үрдiсiн жан-жақты және объективтi түрде зерделеу, қорыту және оларға талдау жасау болып табылады.
IV. КОМИТЕТТIҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
9. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң қызметiн статистикалық деректермен ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiру жөніндегі бағдарламаны әзiрлейдi және жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес мемлекеттік статистикалық байқау жүргiзедi және мемлекеттік органдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тәртiп бойынша статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етедi;
республика мен оның аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы деректердiң ақпараттық-статистикалық базаларын жинақтауды, жүргiзудi және өзектiлендiрудi қамтамасыз етедi;
Мемлекеттік статистикалық тiзiлiмдi, сондай-ақ Комитеттiң құзыретiне кiретiн техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттың жалпы жiктеушiлерi мен кодтау жүйесiн жүргiзу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
әлеуметтiк-экономикалық және демографиялық процестердi көрсететiн мемлекеттік және салалық статистикалық есептiлiктер көрсеткiштерiнiң ең төменгi құрамын айқындайды, халық санағын жүргiзедi, халықтың өмiр сүру деңгейiн арнайы зерттеу мен сұрастыруды ұйымдастырады;
статистикалық есеп берулердiң нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi, оларды ұсынудың мерзiмдерi мен тәртібін белгiлейдi;
қолданылып жүрген шарттар бойынша мiндеттемелерге сәйкес халықаралық ұйымдарға статистикалық ақпарат бередi, сондай-ақ шет елдермен статистикалық ақпараттар алмасуды жүргiзедi;
белгiленген тәртiппен статистикалық жинақтарды, бюллетеньдердi, экономикалық шолуларды және басқа да статистикалық материалдарды басып шығарады және таратады;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік статистика органдары қызметкерлерiнiң дербес жауапкершiлігi негiзiнде мемлекеттік және коммерциялық құпияларды, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етедi;
статистикалық ақпарат жүйесiн дамытудың және оның жұмыс iстеуiнiң, оның республиканың және халықаралық ұйымдардың басқа да ақпарат жүйелерiмен өзара iс-қимылының аса маңызды проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастырады;
есеп пен статистика қызметкерлерiн даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсiптiк біліктiлiктерiн арттыруды ұйымдастырады;
өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
V. КОМИТЕТТIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
10. Комитеттiң өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыруы және мiндеттердi орындауы кезiнде:
Комитет белгiлеген мерзiмдерде мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ақпарат сұратуға және алуға;
заңдарда белгiленген жағдайларда азаматтарда олардың экономикалық және әлеуметтiк-демографиялық жағдайы туралы, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметi туралы ақпарат сұратуға және алуға;
мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргiзу үшiн мемлекеттік басқарудың басқа да органдарының мамандарын, сондай-ақ шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тартуға;
өз құзыретiнiң шегiнде шет елдердiң тиiстi ведомстволарымен, халықаралық ұйымдарымен және шетелдiк заңды тұлғалармен мемлекеттік статистиканың мiндеттерiне байланысты халықаралық шарттар жасасуға, келiссөздер жүргiзуге және келісімдерге қол қоюға;
өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттік статистика мәселелерi жөнiнде атқару үшiн мiндеттi нұсқаулар беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
қажет болған кезде бастапқы және жиынтық статистикалық деректердiң дұрыстығын тексеруге, олардың бұрмаланғаны анықталған жағдайда заңды тұлғаларға оларды жою туралы нұсқау беруге;
шарттық негiзде салалық тақырып бойынша статистикалық және өзге де жұмыстарды жүргiзуге, сондай-ақ белгiленген тәртiппен заңды және жеке тұлғаларға статистикалық ақпаратты сатуды жүзеге асыруға;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ ұйымдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңдарын орындауына бақылауды жүзеге асыруға;
заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттік статистика мәселелерi жөніндегі әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға;
заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты меншiк иесi мен мемлекеттік басқару органының функциясын орындаушы уәкiлеттi орган болуға, олардың жарғыларын бекiтуге;
өзiнiң өкiлеттiктерi мен функцияларының бiр бөлiгiн ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға беруге құқығы бар.
VI. КОМИТЕТ ПЕН ОНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ
ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI
11. Комитет заңды тұлға ретiнде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарының нормаларына сәйкес өзiне жүктелген мiндеттердiң уақытылығы және сапалы орындалуы үшiн жауапкершiлiкте болады.
Комитеттiң Төрағасы Комитеттiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.
Комитеттiң құрамына кiретiн аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы және олардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн олардың басшылары дербес жауапкершiлiкте болады.
VII. КОМИТЕТТIҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
12. Комитеттi Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады. Комитет Төрағасының оның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасарлары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады.
Комитеттiң Төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады, оның жүйесiне кiретiн аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне бақылауды жүзеге асырады.
13. Комитеттiң Төрағасы:
өзiнiң орынбасарларының, Комитеттiң бөлiмшелерi басшыларының және Комитеттiң басқа да жауапты қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi;
Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
Комитеттiң бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының құрылымын және олар туралы ережелердi бекiтедi;
өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдайды.
14. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
Комитет қабылдаған шешiмдер Комитет Төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
15. Комитет Төрағасының бiрiншi орынбасары Төраға болмаған уақытта оның орнында қалады.
16. Комитеттiң жүйесiне оның орталық аппараты, аумақтық органдары кiредi. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi Статистика және талдау жөніндегі комитетiнiң Ақпараттық - есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны мен Стратегиялық зерттеу және кадрлардың біліктiлiгiн арттыру институты оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар болып табылады.
Комитеттiң аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады.
Комитеттiң қызметiн қамтамасыз ететiн аумақтық органдар мен ұйымдардың тiзбесiн Үкiмет белгiлейдi.
17. Комитеттiң аумақтық органын тиiстi облыстың немесе Алматы қаласы әкімінiң келісімi бойынша Комитеттiң Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын басшы басқарады.
18. Комитеттiң аумақтық органының басшысы аумақтық органның жұмысына басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1776 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау
және реформалар жөніндегі агенттiгi Статистика
және талдау жөніндегі комитетiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Статистикалық әдiстер, жiктеулер және стандарттар басқармасы
Болжамдар, талдау және жарияланымдар басқармасы
Ұлттық есептер басқармасы
Сыртқы экономикалық қызмет статистикасы басқармасы
Бағалар және үй шаруашылығы статистикасы басқармасы
Әлеуметтiк статистика, халық және еңбек басқармасы
Қызмет көрсету, iшкi сауда, көлiк және байланыс басқармасы
Ауыл, орман және балық шаруашылығының статистикасы басқармасы
Өнеркәсiп статистикасы басқармасы
Құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасы
Халықаралық статистикалық ынтымақтастық бөлiмi
Кадр және арнаулы жұмыс бөлiмi
Статистикалық жұмыстарды қаржыландыру бөлiмi
Бухгалтерлiк есеп жүргiзу және есеп беру бөлiмi
Құжат айналымы бөлiмi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1776 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау
және реформалар жөніндегі агенттiгi Статистика және
талдау жөніндегі комитетiнiң қарамағындағы
аумақтық органдар мен ұйымдардың
ТIЗБЕСI
Облыстық статистика басқармалары мен Алматы қалалық статистика басқармасы
"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi Статистика және талдау жөніндегі комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны
Статистикалық зерттеулер және кадрлардың біліктiлiгiн арттыру институты