Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1533 және 1997 жылғы 7 қаңтардағы № 14 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 24 қарашадағы № 1647 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
"1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулысында:
аталған қаулының қосымшасында:
"Реформаларды заңдық қамтамасыз ету" деген VII бөлiмдегi реттiк нөмiрi 111 жолдар:
"Кешендi кәсiпкерлiк Заң жобасы 1997 жылғы Әдiлетминi"
қызмет туралы Үкiмет қаулысы қыркүйек
алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылға арналған Заң жобасы жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 7 қаңтардағы № 14 қаулысында:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспарынан реттiк нөмiрi 58 жолдар алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi