Босқын репатрианттардың қоныс аударуын ұйымдастыру жөніндегі
қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 30 қыркүйектегi № 1388 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
"1997 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 27 наурыздағы № 3432 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 622 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 17, 146-құжат) жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Сыртқы iстер министрлігімен, Iшкi iстер министрлігімен, Көлiк және коммуникациялар министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Қорғаныс министрлігімен, Мемлекеттік кеден комитетiмен, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп босқын репатрианттар отбасыларының Монғолия мен Иран Ислам Республикасынан Қазақстан Республикасына ұйымдастырылған түрде қоныс аударуын жүзеге асырсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң, облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң, қосымшаға сәйкес, босқын-репатрианттарды тасымалдау жөніндегі шығыстарды өтеу үшiн 1997 жылы қоныс аудару шараларына жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражаттың бiр бөлiгiн аталған министрлiктiң орталықтандырылған шотына аудару туралы ұсынысы қабылдансын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тапсырымдар бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң көлiк қызметтерiне төлем жасауы үшiн 1997 жылы қоныс аудару шараларына көзделген жергiлiктi бюджеттерден қаражат аударуына арнап ағымдағы шот ашсын.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі жүргiзiлген жұмыстың нәтижелерi бойынша облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне, олардың аталған министрлiктiң орталықтандырылған шотына аударған қаражатының тиiмдi әрi мақсатты пайдаланылуы туралы есеп ұсынсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 30 қыркүйектегi
№ 1388 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасына Монғолиядан және Иран Ислам
Республикасынан қоныс аударушы отбасылары мен
олардың үй мүлкiн тасымалдау бойынша көлiк қызметiне
ақы төлеуге қажеттi қаражат
___________________________________________________________________
Рет|Көшiп келушiлер | Монғолия |Иран Ислам Республи.|
N |орналастырылатын | |касы |
|облыстар |______________________|____________________|
| |отбасы |адам |сомасы |отбасы|адам |сомасы|
| | |саны |(млн. | |саны |(млн. |
| | | |теңге) | | |теңге)|
___|___________________|_______|______|_______|______|______|______|
1. Алматы 10 50 2,0
(Талдықорған) 2. Шығыс Қазақстан
(Семей) 30 150 5,4
3. Қарағанды 10 50 3,0
4. Қостанай 25 125 8,0
5. Маңғыстау 40 240 18,0
6. Павлодар 20 100 5,0
7. Солтүстiк Қазақстан
(Көкшетау) 30 150 8,0
8. Оңтүстiк Қазақстан 25 150 11,0
9. Алматы қаласы 3 15 2,0 2 10 1,0
Барлығы: 128 640 33,4 67 400 30,0
_____________________________
Рет| Жиыны:
N |_________________________
|отбасы |адам |сомасы
| |саны |(млн.
| | |теңге)
___|_______|______|__________
1. 10 50 2,0
2.
30 150 5,4 3. 10 50 3,0 4. 25 125 8,0 5. 40 240 18,0 6. 20 100 5,0 7.
30 150 8,0 8. 25 150 11,0 9. 5 25 3,0
195 1040 63,4