Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы Алматы қаласында және Алматы облысында гидрометеорологиялық ақпарат жинауды, өңдеудi және берудi жүзеге асыратын бюджеттік мекемелердi қайта ұйымдастыруды жүргiзсiн.
ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен 40-тармақ өзгертілді
40. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінiң құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып жаңа тұрғын үй саясатының шараларын және Қазақстан Республикасының бiр-екi облысында тұрғын үймен қамтамасыз етудiң пилоттық жобаларын қаржыландыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен 41-тармақ өзгертілді
41. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсе отырып, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 60000 мың теңге сомасындағы жалпыреспубликалық маңызы бар жобалау-iздестiру жұмыстарының тiзбесiн бекiтсiн.
42. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қаржы министрлігімен және мемлекеттік Экспорт-импорт банкiмен келiсе отырып 1997 жылдың 20 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1997 жылға арналған Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламасы жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен 34-тармақ өзгертілді
43. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі сыртқы қарыздың есебiнен, оның шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды тиiстi бюджеттерден қоса қаржыландыруды қарастырсын.
44 ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен алынып тасталды
45. Облыстардың және Алматы қаласының бюджеттерiнiң құрамында халықтың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер мен өтемақылар ескерiледi деп белгiленсiн.
Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi қолданылып жүрген Заңдарға сәйкес жеңiлдiктер мен өтемақылар берудi қамтамасыз етсiн.
ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен 46-тармақ өзгертілді
46. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Оңтүстiк Қазақстан облысының бюджетiне аударылатын трансферттердiң жалпы сомасынан Мырғалымсай кен орнындағы су құю-шырғау және кен орындарын консервациялау мен тарату жобалары жөніндегі жұмыстардың шығыстарын қаржыландыру үшiн мақсатты түрде 470000 мың теңге бөлудi қарастырсын.
47. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігімен, Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігімен және Ғылым министрлігі - Ғылым академиясымен бiрлесiп 1997 жылдың 20 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне конверсиялық жобаларға сәйкес 600000 теңге сомадағы қаржыны бөлу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен 48-тармақ өзгертілді
48. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жекешелендiру жөніндегі департаментi мемлекеттік меншiк объектiлерiне аукциондар мен саудаластықтар өткiзуге байланысты шығындарын қаржыландыруға пайдаланатын қаражатының шектi мөлшерi жекешелендiруден түскен қаржының екi процентiнен аспайтын сомада белгiленсiн.
49. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1997 жылдың бiрiншi тоқсанында заңды тұлғалардың арасында орналастырылған 1992 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік iшкi займын және 1990 жылғы Қазақ ССР-ның Мемлекеттік 5 проценттiк iшкi займын өтеудi, сондай-ақ олар бойынша проценттер төлеудi қамтамасыз етсiн.
50. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1997 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Қазақстан Акционерлік Халықтың Жинақ Банкiне 1996 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 60 жасқа толған азаматтардың салымдарына өтемақы төлеуге байланысты iс жүзіндегі шығыстарды өтеуге қаржыны 1997 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа бекітілген сомалар шегiнде тең үлестерде бөлсiн.
Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкi азаматтардың көрсетiлген санаттарының салымдарына өтемақыларды уақтылы төлеудi жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң жанындағы Қазынашылыққа оның белгiленген нысаны бойынша тоқсан сайын есеп берудi қамтамасыз етсiн.
51. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Қазақстан Республикасының ұлттық Банкiмен келiсе отырып, 1997 жылдың аяғына дейiн, өткен жылдардың несиелерi бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің алдындағы мемлекеттік iшкi борышты 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 жыл айналыс мерзiмiмен мемлекеттік бағалы қағаздарға қайта ресiмдеу жүргiзсiн.
осы бағалы қағаздарды шығару, айналысы және өтеудiң тәртібін әзiрлесiн, сондай-ақ 1998 жылғы және одан кейiнгi жылдардағы республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу кезiнде оларға қызмет етуге және өтеуге қажеттi қаржы көздесiн.
52 ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен алынып тасталды
53. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1996 жылғы лизингтiк қорды қалыптастыру үшiн бюджеттен пайдаланылған қаражаттың бiр бөлiгiн 240000 мың теңге мөлшерiнде республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз етсiн;
1997 жылы ауыл шаруашылығы техникасын берудi лизинг жағдайында осы мақсаттар үшiн республикалық бюджетте көзделген мемлекеттік несиелiк ресурстар шегiнде Мемлекеттік ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорының қаражатын оның ведомствоаралық кеңесi белгiленген мөлшерде тарта отырып, ұйымдастыру жөнiнде қажеттi шараларды жүзеге асырсын;
мүдделi министрлiктермен бiрлесiп және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімiмен бiр ай мерзiм iшiнде лизинг жағдайында ауыл шаруашылығы техникасын берудi ұйымдастыруға қаражат бөлудiң тәртібін әзiрлеп, бекiтсiн.
ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен 54-тармақ өзгертілді
54. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық департаментiмен, Мемлекеттік мүлiктi және активтердi басқару департаментiмен және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесiп ұйымдардың республикалық бюджеттен алған және олардың шетелдiк несие берушiлердiң алдындағы мiндеттерiн орындауға бағытталған қаражатын қайтару жөнiнде тиiстi шаралар қолдансын.
55. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкi және екiншi деңгейдегi басқа да банктер түпкi заемшылармен республикалық бюджеттен өздерiнiң сыртқы мiндеттемелерiн өтеуге алған қаражатты сөзсiз қайтаруы жөнiнде оларға Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес көзделген шараларды қолдана отырып, келісімдер жасауды қамтамасыз етсiн. Атқарылған жұмыс туралы тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ақпарат берiп отырсын.
ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен 56-тармақ өзгертілді
56. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық полициясы департаментi шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң республикалық бюджет қаражатынан алған, сондай-ақ директивтiк несиелердi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кепiлдiк мiндеттемесi бойынша республикаiшiлiк есеп нәтижесi бойынша берiлген несиелердi өтеудi қамтамасыз ете алмаған активтерiн анықтау жөнiнде жедел-iздестiру шараларын жүргiзсiн және ай сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық департаментiне ақпарат берiп отырсын.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық департаментi Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкiмен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiмен және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесiп шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң көрсетiлген борыштық мiндеттемелерiн өтеудi қамтамасыз ету бойынша шешiмдер жобасын әзiрлесiн және қажет болғанда оны Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне енгiзсiн.
ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен 57-тармақ өзгертілді
57. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен мемлекеттік маңызы бар iздестiру, iздестiру-бағалау және барлау жұмыстарын қаржыландыруға бөлiнген қаражатты қайтару тәртібін әзiрлесiн және бекiтсiн.
ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен 58-тармақ өзгертілді
58. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Сырттан қарыз алу жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігімен бiрлесiп республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру үшiн тартылатын сыртқы қарыздардың уақтылы түсуiн қамтамасыз ету мақсатында Үкiметке тиiстi органдардың оларды алу үшiн шарттарды толық көлемде және белгiленген мерзiмде орындауын қамтамасыз ету бойынша iс-қимыл жоспарын енгiзсiн.
ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен 59-тармақ өзгертілді
59. 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік мекемелерге тауарлар (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер) сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiпте жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) мемлекеттік сатып алу құнын төмендету мақсатында тапсырысты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген номенклатура бойынша орналастыруды тек конкурстық негiзде ғана жүргiзсiн, оларды орналастыруды және сатып алуды жүргiзуде мемлекеттік тапсырысшылардың қызметiн үйлестiрудi және бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне жергiлiктi бюджеттiң есебiнен тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) сатып алуды қаржыландыру кезiнде осы секiлдi жұмыс жүргiзу ұсынылсын.
60. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1997 жылдың 25 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервтiк қоры қаражатын жұмсаудың тәртібін әзiрлесiн және оны Үкiметтiң бекітуiне ұсынсын.
61. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1997 жылдың 10 ақпанына дейiн тоқсан сайын баспасөзде жариялап тұру үшiн республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстары бойынша жинақты көрсеткiштердiң тiзбесiн әзiрлеп, бекiтсiн.
62. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі мүдделi министрлiктермен, мемлекеттік комитеттермен және басқа да мемлекеттік органдармен бiрлесiп 1997 жылдың 10 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулымен сәйкестiкке келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен 63-тармақ жаңа редакцияда
63. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрамына кiрмейтiн Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен басқа да мемлекеттік органдар 1997 жылдың 10 шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қаржылардың белгiленген нысан бойынша айларға шаққандағы бөлiнуiн тапсырсын.
64. Мемлекеттік меншiктi жекешелендiруден республикалық бюджетке түседi деп көзделген қаражатты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi Жекешелендiру жөніндегі департаментпен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде 1997 жылы дара жобалар бойынша жекешелендiруге жататын объектiлердiң тiзбесiн анықтап, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне енгiзсiн.
65. (Құпия)
66. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн зейнетақы төлеу жөніндегі борышты өтесiн.
67. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1997 жылдың 10 шiлдесiне дейiн республикалық бюджетте әкiмшiлiк шығыстарға арналған қаржылардың шегiнде еңбекке ақы төлеу мен iссапар шығыстары қорының министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрамына кiрмейтiн Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға шаққандағы лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
68. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қаржы министрлігімен және мемлекеттік Экспорт-импорт банкiмен келiсе отырып, 1997 жылдың 12 шiлдесiне дейiн «Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 ақпандағы № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгiзсiн.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары | |
ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1737 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған республикалық бюджетi
____________________________________________________________________
Са.|Сы.|Iш.|Ерек.| |Сомасы
на.|ны.|кi |шелi.| |(мың теңге)
ты |бы |сы.|гi | Атауы |
| |ны.| | |
| |бы | | |
___|___|___|_____|_______________________________________|__________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6
___|___|___|_____|_______________________________________|__________
|
1. Кiрiстер | 186668929
1 Салық түсiмдерi | 127656024
1 Кiрiстерге және капитал өсiмiне салы | 29882045
натын табыс салығы |
1 Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы| 23418185
1 Резидент-заңды тұлғалардан алынатын | 20932077
табыс салығы |
3 Резидент-заңды тұлғалардан алынатын | 2486108
төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы |
2 Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы | 6463860
1 Жеке тұлғалардан алынатын төлем көзiнен| 6463860
ұсталатын табыс салығы |
4 Меншiкке салынатын салықтар | 553250
2 Бағалы қағаздармен жасалатын операция. | 553250
ларға салынатын салық |
1 Бағалы қағаздармен жасалатын операция. | 553250
ларға салынатын салық |
5 Тауарларға, қызмет көрсетулер мен | 88900729
жұмыстарға салынатын iшкi салықтар |
1 Қосылған құнға салынатын салық | 65580000
1 Iшкi өндiрiс тауарларына және жұмыстар | 56090000
мен қызмет көрсетулерге салынатын |
қосылған құн салығы |
2 Қазақстан Республикасының аумағына | 9490000
әкелiнетiн тауарларға салынатын |
қосылған құн салығы |
2 Акциздер | 10412879
19 Бензин | 5996435
29 Өңделмеген мұнай | 4416444
3 Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн | 12907850
түсетiн түсiмдер |
5 Iшкi жер қойнауын пайдаланушылардан | 2700000
алынатын бонустар |
6 Iшкi жер қойнауын пайдаланушылардан | 10207850
алынатын роялти |
6 Халықаралық сауда мен сыртқы операция. | 8320000
ларға салынатын салықтар |
1 Кеден төлемдерi | 8320000
1 Импорт баждары | 7400000
9 Басқа да кедендiк төлемдер | 920000
2 Салыққа жатпайтын түсiмдер | 19920707
1 Кәсiпкерлiк қызмет пен меншiктен | 12735382
түсетiн кiрiстер |
2 Заңды тұлғалардан және қаржы мекемеле. | 11639529
рiнен түсетiн салыққа жатпайтын |
түсiмдер |
2 1 2 3 Мемлекеттік пакет акцияларына жатпайтын| 2200000
дивидендтер түсiмi |
6 Республика iшiнде берiлген қарыздар мен| 1044529
несиелер үшiн алынатын проценттер |
10 «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшiн | 8395000
жалгерлiк төлем |
3 Меншiктен алынатын басқа да кiрiстер | 1095853
4 Шет мемлекеттердiң үкiметтерiне мемле. | 1092153
кеттiк несиелер берiлгенi үшiн алынатын|
проценттер |
9 Меншiктен алынатын басқа да кiрiстер | 3700
2 Әкiмшiлiк алымдар мен төлемдер, | 1421800
коммерциялық емес және жолай сатудан |
алынатын кiрiстер |
1 Әкiмшiлiк алымдар | 224800
8 Мемлекеттік органдар өндiрiп алатын | 7800
төлем (айыппұлдардан басқа) |
10 Басқа да әкiмшiлiк алымдары | 217000
3 Басқа да төлемдер және коммерциялық | 1197000
емес және жолай сатудан алынатын |
кiрiстер |