«1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1737 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған республикалық бюджетi орындауға қабылдансын: 1-қосымшаға сәйкес, кiрiстер бойынша 186668929 мың теңге, ресми трансферттер бойынша алынған - 922000 мың теңге, шығыстар бойынша - 228877075 мың теңге, таза несие беру бойынша 22387852 мың теңге, республикалық бюджет тапшылығының шектi мөлшерi - 63673998 мың теңге сомасында немесе жалпы iшкi өнiмнiң 3,66 процентi.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.09. № 1088
қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдары мен басқа да мемлекеттік органдар 1997 жылдың 20 қаңтарына дейiн әр айға шаққандағы қаржы бөлiнсiн белгiленген үлгi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тапсырсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі экономика министрлігімен бiрлесiп, 1997 жылдың 20 ақпанына дейiн облыстардың бюджеттерiне трансферттер берудiң тетiгi туралы, сондай-ақ республикалық бюджеттiң арнайы экономикалық аймақтары бар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жергiлiктi бюджеттерiмен өзара қарым-қатынасының тәртібі туралы ұсыныстар әзiрлеп Үкiметке ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясымен бiрлесе отырып, 1997 жылдың 10 ақпанына дейiн жаңа бюджет жiктемесiне сәйкес жергiлiктi бюджеттерге арналған бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк нысандарын әзiрлеп, бекiтсiн және оны қаржы жүйесiнiң жергiлiктi органдарына жеткiзсiн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бюджет банкi 1997 жылдың қаңтарынан бастап жаңа бюджеттік жiктеме бойынша жергiлiктi бюджеттерге кезең-кезеңмен қызмет көрсетуге кiрiссiн, оған көшудi 1997 жылдың маусымында аяқтайтын болсын.
Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi 1997 жылға арналған жергiлiктi бюджеттi түзу мен орындауды жаңа бюджеттік жiктеме бойынша қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік салық комитетiмен бiрлесiп және Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi аударудың кезектiлiк тәртібін әзiрлесiн.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік салық комитетi, Кеден комитетi 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорларының кiрiсi бөлiгiн орындау жөніндегі салық және кеден органдарының iс-қимыл бағдарламасын әзiрлеп Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгiзсiн.
7. Қазақстан Республикасының Материалдық резервтер жөніндегі мемлекеттік комитетi Мемлекеттік Салық комитетiмен және Қаржы министрлігінiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетiмен бiрлесе отырып 1997 жылдың 15 ақпанына дейiн мемлекеттік резервтен тауар-материалдық құндылықтар алған ұйымдардың берешектерiн республикалық бюджеттiң кiрiсiне қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, мәжбүрлеп қайтарып алсын.
8. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар сату кезiнде қалыптасқан бағалар бойынша алынған материалдық құндылықтардың құны республикалық бюджеттiң кiрiсiне төленгеннен кейiн құндылықтар босатылатын болып белгiленсiн. Мемлекеттік резервтен материалдар ұйымдардың мұқтажы үшiн қайтару шартымен босатылған кезде алушылар қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiсiне тауар несиесiн пайдаланған кезеңдегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша өсiм төлейдi.
9. «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясы, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі жанындағы Республикалық мемлекеттік пошта байланысы кәсiпорны, аймақтық темір жол басқармалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қылмыстық-атқарушы мекемелерi үшiн заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша есеп айырысудың орталықтандырылған тәртібі сақталсын.
10. Қазақстан Республикасында салықтық қатынастарды реттейтiн кейбір заң актілері мен Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлықтарының күшi жойылған деп тану туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 шiлдедегi № 2367 Заң күшi бар Жарлығының 2-тармағына сәйкес «Жер қойнауын қорғау және минерал-шикiзат базасын қалпына келтiру жөніндегі Республикалық қор құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 мамырдағы № 407 қаулысының негiзiнде Жер қойнауын қорғау және минерал-шикiзат базасын қалпына келтiру жөніндегі Республикалық қорға бұрын төлемдер жасаған жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ «Мұнайға, газға және көмiрге тiркелген (ренталық) төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 маусымдағы № 764 қаулысының негiзiнде жер қойнауын пайдалануға шарт жасалғанға дейiн тiркелген (ренталық) төлемдер төлеген жер қойнауын пайдаланушылар жоғарыда аталған қаулыларда белгiленген мөлшер мен жағдайларда республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударымдар жасайды. Жер қойнауын пайдаланушылар қайта ұйымдастырылған жағдайда жер қойнауын пайдалануға шарт жасалғанға дейiн бұрын тiркелген(ренталық) төлемдер төленiп келген кен орындарын пайдалануға немесе иеленуге алған заңды және жеке тұлғалар оларды белгiленген тәртiп бойынша төлей бередi.
11. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қорғаныс министрлігімен, басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып Ресей Федерациясының тиiстi мемлекеттік органдарымен, олардың 1996 жылы 18 қарашада Мәскеу қаласында қол қойылған республика аумағындағы сынақ полигондарын жалға алу туралы үкiметаралық келісімнiң шарттарын толық көлемде орындауы және «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшiн жалдау ақысының толық түсуi мәселесi жөнiнде қажеттi жұмыстар жүргiзсiн.
12. 1997 жылы Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерi мен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң консулдық алымдарынан түсетiн түсiмдер республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеледi және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес пайдаланылады деп белгiленсiн.
13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару жөніндегі департаментi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру жөніндегі департаментi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа ұйымдардың мүлiктерiн қалыптастыруға мемлекет қаражаты үлестiк қатыстырылған акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетi бойынша табыстардың үстiмiздегi жылдың әрбiр тоқсанындағы қызмет қорытындысы бойынша, сондай-ақ мемлекеттік мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлемдердiң бюджетке түсуiн қамтамасыз етсiн.
14. Мемлекет меншiгiн жекешелендiруден алу көзделген қаражаттың бюджетке түсуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесе отырып, 1997 жылы жеке жобалар бойынша жекешелендiруге тиiстi объектiлердiң тiзбесiн бiр ай мерзiм iшiнде Үкiметтiң бекітуiне енгiзсiн.
15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн бұрын мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктер құрған бiрлескен кәсiпорындардың жарғылық қорындағы мемлекеттік үлестi анықтасын және бiрлескен кәсiпорындардың құрылтайшы құжаттарын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiрсiн.
16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару жөніндегі департаментi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру жөніндегі департаментi акцияларының мемлекеттік пакетiн сенiмдi басқаруға, мемлекеттік мүлiктi жалға немесе концессияға беру контрактілерінiң шарттарында, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен жекешелендiру кезiнде жаңа меншiк иесiнiң немесе концессионердiң акционерлік қоғамның немесе мемлекеттік кәсiпорынның (ұйымның) қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі төлемдердiң сақтап қалуы мiндеттемелерiн көздейтiн болсын.
17. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінiң астықтың мемлекеттік сақтық және жұмылдыру қорларын жасауға Азық-түлiк контракт корпорациясы жабық үлгiдегi акционерлік қоғамының 1994-1995 жылдардың өнiмiнен мемлекеттік ресурсқа астық сатып алуға жұмсалған 2580000 мың теңге мөлшеріндегі қаржыны қайтару жөніндегі республикалық бюджетке берешегiнiң қалдығын жұмсау туралы ұсынысы қабылдансын.
18. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі, Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиiстi мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар (Әлеуметтiк сақтандыру қоры, Зейнетақы қоры, Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры, Жол қоры) бюджеттерiнiң атқарылу барысы туралы есеп беретiн болсын және баспасөзде осы қорлардың кiрiсi мен шығысы жөніндегі бiрiктiрiлген көрсеткiштердi жарияласын.
19. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн «1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорғалатын ерекшелiктерi бойынша шығыстарды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етудi ескере отырып, 1997 жылға арналған шығыстарды секвестрлеу тетiгi туралы ұсыныс әзiрлеп, Үкiметке ұсынсын.
20. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
Тиiстi мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ұйымдармен келiсе отырып, «Заңды тұлғалардың әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдарға кезең-кезеңмен берудiң бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 шiлдедегi № 844 қаулысымен бекітілген, «Заңды тұлғалардың әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдарға кезең-кезеңмен берудiң бағдарламасына сәйкес әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдардың балансына белгiленген тәртiппен қабылдауды қамтамасыз етсiн және 1997 жылдың 1 наурызына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тапсырушы ұйымдарды көрсете отырып қабылданатын объектiлердiң тiзбесiн ұсынсын;
1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджеттік қаржыға сәйкес белгiленген тәртiппен Көлiк және коммуникациялар министрлігі жүйесiнiң орталықтандырылған бухгалтерияларын қоса алғанда, ауруханаларын, мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелерiн, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн, мектептерi мен мектептен тыс жұмыстар мекемелерiн, сондай-ақ уран саласы кәсiпорындарының дәрiгерлiк-санитарлық бөлiмшелерiн, республиканың бiрқатар министрлiктерiнiң мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн, арнаулы орта оқу орындарын және балалармен мектептен тыс жұмыс жүргiзу мекемелерiн 2-6-қосымшаларға сәйкес қабылдасын және олардың тиiстi түрде жұмыс iстеуi мен уақтылы қаржыландырылуын қамтамасыз ете отырып, бұл мекемелерде оңтайландыру жұмыстарын жүргiзсiн;
1997 жылы 7-қосымшаға сәйкес бөлiмше ауруханаларының темір жол басқармаларына функционалдық бағыныстылығы сақталып, олар бұл мекемелердiң қызметкерлерiне бұрын берiлген жеңiлдiктердi ескере отырып, осы мекемелерге материалдық-техникалық қолдау көрсетудi қамтамасыз етсiн;
8-қосымшаға сәйкес темір жолдардың медициналық ұйымдарында қызмет көрсетiлетiндердi қоса алғанда, халықтың жұмыс iстемейтiн бөлiгi үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының бөлiмшелерiне сақтандыру төлемдерiн толық әрi уақтылы аударуды қамтамасыз етсiн.
21. Бiлiм министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсе отырып, 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн берiлетiн әлеуметтiк сала ұйымдарының жұмыс iстеу тәртібін әзiрлесiн.
22. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі:
9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі жүйесiнiң санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарын және Әуе көлiгіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық қызметiн уақтылы қаржыландыра отырып, 1997 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгiленген тәртiппен қабылдап алсын;
осы мекемелердiң тиiстi түрде жұмыс iстеуiн ескере отырып, оларды оңтайландыру бағдарламасын әзiрлеп, бекiтсiн;
оңтайландыру бойынша алдын-ала жүргiзiлген шараларды ескере отырып, 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне көлiктiң барлық түрлерi үшiн бiрыңғай мамандандырылған санитарлық-эпидемиологиялық қызмет құру туралы ұсыныс енгiзсiн.
23. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі:
«Жалпы білім беретiн мектептерге арналған оқулықтарды бөлшек саудамен сатуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1338 қаулысының талаптарына сәйкес, 1997 жылдың 1 наурызына дейiн аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын, интернат мекемелерi мен балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерiн мектеп оқулықтармен тегiн және жеңiлдiктi қамтамасыз етудiң тәртібі мен шарттарын әзiрлеп, бекiтсiн;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, жоғары және арнаулы орта оқу орындары бар басқа да министрлiктермен келiсе отырып, 1997 жылдың 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде жоғары оқу орындарының студенттерi мен арнаулы орта оқу орындарының (колледждердiң) оқушыларына стипендия тағайындау мен төлеудiң және материалдық қамтамасыз етудiң бiрыңғай тәртібін әзiрлеп, бекiтсiн.
24. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым Академиясы:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдарымен бiрлесе отырып, 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн қайтарымды негiзде республикалық бюджеттiң қаражатынан инновациялық бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін әзiрлеп, бекiтсiн;
ғылыми зерттеулерге қаржы бөлудi жалпымемлекеттік маңызы бар iргелi және қолданбалы зерттеулерге деген мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде тек конкурстық негiзде жүргiзетiн болсын.
ҚРҮ-нiң 1997.17.06. № 982 қаулысымен 25-тармақ өзгертілді
25. 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн бекітілген еңбекақы төлеу қорының шегiнде Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына бағынысты ғылыми ұйымдар, Қазақстан Республикасы Ұлттық кiтапханасы үшiн еңбек ақы ставкасына 1,75 көтерме коэффициентi, ал 1997 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетiнiң, Қазақ мемлекеттік заң университетiнiң, Қазақ ұлттық мемлекеттік техникалық университетiнiң, Қазақ сәулет-құрылыс академиясының қызметкерлерiне еңбек ақы ставкасына 1,75 көтерме коэффициентi және Президент жанындағы Мемлекеттік Басқарудың Ұлттық Жоғары Мектебiнiң қызметкерлерiне 2 көтерме коэффициентi сақталсын.
Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлігі, Ғылым министрлігі - Ғылым Академиясы, Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетi, Президент жанындағы Мемлекеттік Басқарудың Ұлттық Жоғары Мектебi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен бiрлесiп, 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн бұрын белгiленген дербес көтерме коэффициенттердi жоюды ескере отырып, жоғарғы оқу орындарының, кiтапханалар мен ғылыми мекемелердiң қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң тәртібі мен шарттарын әзiрлеп, бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі 1997 жылдың 14 наурызына дейiнгi мерзiмде мемлекеттік жоғарғы оқу орындарына санаттар беру туралы ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
26. Павлодар және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi Халықаралық Қайта құру және Даму банкiн әлеуметтiк қорғаудың жобасын одан әрi iске асыру жөніндегі жұмысты iстеуге облыстар бюджеттерiнiң шығыстар бөлiгiнде көзделген қаражат есебiнен тиiсiнше 26649 мың теңге және 37628 мың теңге сомасында уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, жалғастырсын.
ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен 27-тармақ өзгертілді
27. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі:
облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен келiсе отырып 1997 жылдың 1 наурызына дейiн облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларға шаққандағы 1997 жылдағы иммиграция квотасы жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгiзсiн;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Экономика және сауда министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Әдiлет министрлігімен бiрлесе отырып 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақытсыз жағдайдан және кәсiби аурудан зардап шеккен қызметшiлерге зиянның орнын толтыру мәселелерi жөніндегі заңдық және басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi жетiлдiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
28. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес халықты әлеуметтiк қорғау жөніндегі шараларды тиiстi жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат есебiнен қаржыландыруды, оның iшiнде аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй жәрдемақыларын төлеудi және көшi-қон шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
29. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен және басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып:
1997 жылдың 1 ақпанына дейiн «Мемлекеттік қызметшiлердi зейнетақымен қамтамасыз ету тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 17 маусымдағы № 3037 Жарлығының 5, 6, 11 және 12-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының зейнетақы қорына мемлекеттік қызметшiлердiң зейнетақысының орнын толтыру тәртібін әзiрлесiн;
1 ақпанға дейiн аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібін әзiрлесiн;
1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн көп балалы отбасыларына осы мақсаттар үшiн еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына жергiлiктi бюджеттер бөлетiн қаражат есебiнен жәрдемақылар мен өтемақылардың барлық түрiн төлеу тетiгi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, Үкiметке енгiзсiн.
30. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қаржы министрлігімен келiсе отырып, 1997 жылдың 15 наурызына дейiн азаматтардың қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегiн заңгерлiк көмек алу жөніндегі құқықтарын iске асыруға байланысты шығыстарды республикалық бюджет қаражаты есебiнен жабудың тәртібін әзiрлеп бекiтсiн.
31. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөніндегі ұлттық агенттiгi:
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн мемлекеттік телерадиохабарларын тарату жөніндегі байланыс қызметiн қаржыландыру тәртібі туралы ұсыныстар тапсырсын;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн телерадиохабарлардың, оның iшiнде «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешенi» мемлекеттік мекемесi бойынша мемлекеттік бағдарламаларының көлемi бойынша осы мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген бюджеттік қаржының шегiнде ұсыныстар жасалсын;
1997 жылдың 1 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынылған газеттер мен журналдарға, мемлекеттік, сондай-ақ әлеуметтiк маңызы бар әдебиеттi басып шығару бойынша қолдау көрсетсiн және оларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
32. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі:
1997 жылдың I тоқсаны iшiнде республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мәдени-ағарту мекемелерi мен театр ойын-сауық ұйымдары жүйесiн оңтайландыруды жүргiзсiн;
мүдделi мемлекеттік ұйымдармен, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесе отырып, 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Мұхтар Әуезовтың туғанына 100 жыл толуын мерекелеуге байланысты мерейтой шараларын өткiзуге және Түркiстан қаласының 1500 жылдығын мерекелеуге дайындыққа кететiн шығыстардың осы мақсаттар үшiн республикалық бюджетте көзделген қаржы шегіндегі бiрыңғай сметасын ұсынсын.
10-қосымшаға сәйкес 1997 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгiленген тәртiппен кейбір министрлiктер мен ведомстволардың мұражайларын белгiленген тәртiппен қабылдасын және олардың уақтылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
33. Қазақстан Республикасының Жастар, туризм және спорт iстерi жөніндегі министрлігі 1997 жылдың 15 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне II Орталық Азия ойындарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесi үшiн халық спортының I ашық ойындарын, Шығыс Азия ойындарын өткiзуге және «Оқжетпес» республикалық жастар лагерiн ұстауға және олимпиадалық әзiрлiк базаларын күрделi жөндеуге шығыстар сметасын ұсынсын.
ҚРҮ-нiң 1997.09.07. № 1088 қаулысымен 34-тармақ өзгертілді
34. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1997 жылдың 25 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық бюджетте әкiмшiлiк шығыстарға көзделген қаржы шегiнде министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрамына енбейтiн орталық атқарушы органдарға, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға шаққандағы еңбек ақы төлеумен iссапар шығыстар қорының лимитiн ұсынсын.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi мемлекеттік органдардың жабдықтар алуға, ғимараттар мен үй-жайларды күрделi жөндеу мен қайта жасауға алған қаржылардың дұрыс жұмсалуына бақылауды жүзеге асырсын. Тексеру нәтижелерi туралы 1997 жылдың 1 шiлдесiне және 1 желтоқсанына қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндап отырсын.
35. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі 1997 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 11-қосымшаға сәйкес iшкi iстердiң облыстық, қалалық және аудандық басқармаларының (бөлiмдерiнiң) барлық функционалдық және құрылымдық бөлiмшелерiн штаттық санымен жергiлiктi бюджеттердiң ұстауына берсiн.
Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттен берiлетiн iшкi iстер органдарының функционалдық және құрылымдық бөлiмшелерiн штат санымен қабылдауды, сондай-ақ оларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
36. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кiруi туралы шешiм Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен, Қаржы министрлігімен және Әдiлет министрлігімен белгiленген заң тәртібімен алдын ала келісілгеннен кейiн қабылданады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі халықаралық ұйымдарға жарналар төлеуге арналған қаражатты бөлудi осы мақсаттар үшiн республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі Сараптама кеңесiнiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырсын.
37. Қазақстан Республикасының жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi 1997 жылдың 15 ақпанына дейiн республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен 1997 жылы жүргiзiлетiн жерге орналастыру және жер реформасын iске асыру шаралары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен алдын ала келісіп, ұсыныс енгiзсiн.
38. Радиоэкология, экологиялық аудандастыру және қоршаған табиғи ортаның ластануы туралы экологиялық органдарға гидрометеорологиялық ақпарат берудi қоса алғанда, республикалық және аймақаралық табиғат қорғау шараларын 1997 жылдан бастап Республикалық табиғат қорғау қоры қаражатының есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
39. Көзделген бюджеттік қаржы шегiнде 1997 жылдың 1 наурызына дейiн:
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мал дәрiгерлiгi, ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарының сапасына бақылау жасау және өсiмдiктер карантинi жөніндегі ведомстволық бағыныстағы бюджеттік мекемелердiң құрылымын оңтайландыру жүргiзсiн;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитетi бассейндiк су шаруашылықтары бiрлестiктерi мен су ресурстары жөніндегі облыстық комитеттер қызметкерлерiнiң санын қысқарту есебiнен ведомстволық бағыныстағы бюджеттік ұйымдардың құрылымын тәртiпке келтiрудi жүзеге асырсын;