Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 21 қазандағы № 1289
және 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 2 қыркүйектегi № 1315 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
"Елдегi жағдай және 1997 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауының негiзгi қағидаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 21 қазандағы № 1289 қаулысына:
аталған қаулымен бекітілген "Елдегi жағдай және 1997 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негiзгi қағидаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарындағы:
реттiк нөмiрi 19-жол алынып тасталсын;
"1997 жылға арналған реформаларын тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулысына:
аталған қаулыға қосымшадағы:
II.3-тараушадағы (Жекешелендiру, кәсiпорынды реформалау және мемлекеттік меншiктi басқару).
реттiк нөмiрi 39-жол алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi